Олжас Сулейменов
Главная » Қазақстанның ұлы адамдар. Великие люди Казахстана. » Олжас Сулейменов | |
СҮЛЕЙМЕНОВ ОЛЖАС ОМАРҰЛЫ (18.5.1936, Алматы) - ақын, қоғам қайраткері. ҚазГУ-ді (1959) бітірген. 1962-71 жылдары «Казахстанская правда» газетінің қызметкері, «Қазақфильм» киностудиясының сцөнарий-рсдакциялық коллегиясының бас редакторы, «Простор» журналының бөлім меңгерушісі. 1971-81 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1981-83 жылдан Қазақ ССР Киномотографистер жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1983 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы, КСРО Жазушылар одағының хатшысы (1984). 1972 жылдан Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің, 1989 жылдан «Семей-Невада» қозғалысының төрағасы. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі, 2002 жылдан ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Арғымақтар» 1961 жылы шықты. Ақынның өлең-жырлары ақыл-ой алғырлығы, бүгінгі күнді халықтың өткен тарихымен астастыра бейнелей, қоғамның саяси-әлеуметтік өміріне асқақ дауыспен үн қосуы арқылы ерекшеленеді. «Адамға табын, Жер, енді» Сүлейменовтың атын әдеби жұртшылыққа кеңінен танытты. Бұл поэма кеңес дәуірі кезінде поэзия жанрының үздік табыстарының бірі болып табылды. Содан бері ақынның «Нұрлы түндер» (1962), «Қызықты түн» (1963), «Шапағатты шақ» (1964), «Мешін жылы» (1967), «Таңдамалы лирика» (1969), «Қыш кітабы» (1969), «Ақ дария аспанында» (1970, өлеңдер мен проза), «Талма түсте тағы да бір қайталап» (1973), «Жұмыр жұлдыз» (1975), «Кемер» (1976, 1979), «Әр күн - арайлы таң» (1986), «Асқардан асу» (1987), «АЗиЯ» (1975), «1001 сөз» (2001) атты кітаптары жарық көрді. Сонымен қатар, ол Қазақстан кино өнерін дамытуға елеулі үлес қосты. Оның сценарийі бойынша «Бабалар жері» (1964), «Көгілдір маршрут» (1967), «Қыс - қысылшаң мезгіл» (1972), «М.Әуезов туралы сөз» (1979), «Соңғы өткел» (1982), «Үндістан сазы» (1984), «Жастық шақ заставасы» (1984) кинофильмдері түсірілді. Бірқатар шығармалары ТМД халықтарының және шет ел тілдеріне аударылды. «Жалынның шалқуы» деген өлеңі француз тіліне аударылып, 1981 жылы жарық көрді. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
СҮЛЕЙМЕНОВ ОЛЖАС ОМАРУЛЫ (18.5.1936, Алматы) - акын, писатель. Окончил школу в 1954 году и поступил на геологоразведочный факультет Казахского госуниверситета, окончил его в 1959 году. Последние годы учебы совмещал с работой в геологоразведочных партиях. Литературной работой занялся в 1955 году. В 1958 году поступил в Литературный институт им. А.М.Горького в Москве на отделение поэтического перевода. Окончил геологический факультет КазГУ (1959г.) и Литературный институт имени А. М. Горького (1961г.). В 1962 - 1971 литературный сотрудник газеты "Казахская правда", главный редактор сценарно-редакционной коллегии киностудии "Казахфильм", заведующий отделом журналистики "Простор", 1971-81 секретарь правления СП Казахстана, 1981-83 председатель Государственного комитета Казахской ССР по кинематографии. С 1972 председатель Казахского комитета по связям с писателями стран Азии и Африки. С 1983 - первый секретарь Правления Союза Писателей Казахстана. В 1989 году стал инициатором движения "Невада-Семипалатинск" |