Menu
Шорман би
Главная » Қазақстанның ұлы адамдар. Великие люди Казахстана. » Шорман би


ШОРМАН БИ КҮШІКҰЛЫ - ШОРМАН БИ

ШОРМАН БИ КҮШІКҰЛЫ (1788-1837) - Орта жүздің белгілі биі. Он үш жасында ерекше талантымен көзге түскен. Оның дарындылығы, көрегендігі, шешендігі туралы көптеген аңыз-әңгімелер көп тараған. Шорманның «қара қылды қақ жаратын» әділдігі ел аузында аңыз болған. Оның төрелігіне тек Баяннан ғана емес, бүкіл Кереку өңірінің түкпірінен келетін болған. 1833 жылы патша әкімшілігінен капитан шені атағын алып, сол жылы Батыс Сібір генерал-губернаторының жарлығымен Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтанының орынбасары ретінде тағайындалады. 1836-37 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған.