Menu
Сабит Донентаев
Главная » Қазақстанның ұлы адамдар. Великие люди Казахстана. » Сабит Донентаев


ДӨНЕНТАЕВ СӘБИТ - САБИТ ДОНЕНТАЕВ

ДӨНЕНТАЕВ СӘБИТ (1894, Павлодар облысы, Ақсу ауданы, 4-ауыл - 1933, Семей қаласы) - ақын, журналист. Жас кезінде ауылда ескіше хат танып, кейін Павлодарда медреседе оқиды. Өзі мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады. Сол кезде Абай Құнанбаев пен Ғабдолла Тоқайдың өлеңдерімен танысады. 1913 жылы тұңғыш өлеңі («Қиялым») «Айқап» журналында басылып, 1915 жылы алғашқы өлеңдер жинағы «Уақ-түйек» деген атпен шығады. Бұл кездегі өлеңдерінде қазақ халқын мәдениетке, өнер-білімге ұмтылуға шақырды. 1919-1920 жылдары ауылдағы ағарту, сот жұмыстарына араласады. 1924-33 жылдары Семейде шығатын «Қазақ тілі» газетінде қызмет істеді. 1929 жылы Қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясына мүшелікке өтеді. Осы кездегі жазылған өлеңдерінде бостандыққа қолы жеткен қазақ халқының ой-сезімі, жаңа тұрмысы, жаңа сананың қалыптасуы, жастардың қажырлы еңбегі мен жігерлі талап-тілегі жырланады. Ақын қаламынан көптеген публицистикалық шығармалар, әңгіме, очерктер туды. «Көркемтай» деген әңгімесінде (1924) жетім баланың көрген қорлығы, аянышты өмірі суреттеледі. Ол И.А.Крыловтың, Г.Тукайдың және шығыс кпассиктерінің бірсыпыра өлеңдерін қазақ тіліне аударған.