Menu
Шахан Мусин
Главная » Қазақстанның ұлы адамдар. Великие люди Казахстана. » Шахан Мусин
МУСИН ШАХАН ӘЛІМХАНҮЛЫ МУСИН ШАХАН ӘЛІМХАНҮЛЫ (27.12.1913, Павлодар облысы, Май ауданы.Үлкен Ақжар ауылы) - актер, Қазақ ССР-нің халық әртісі (1966). Актерлік жолын 1934 ж. Семей облыстық қазақ драма театрынан бастады. Ол осы театрдың іргетасын қалаушылардың бірі. Тұңғыш рөлі - І.Жансүгіровтің «Кек» атты пьесасындағы Бидахмет, 1934 жылы Семей облыстық драма театрында Арыстан, Есен (М.О.Әуезовтің «Айман-Шолпаны» мен «Еңлік -Кебегінде»), Әбіш (Б.Ж.Майлиннің «Шұғасында») рөлдерін ойнады. Сахнада негізінен творчестволық интелегенция өкілдерінің бейнелерін жасады. Оның ойнаған рөлдері поэзиялық әуен мен романтикалық серпінге толы. Ақан (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері -Ақтоқтысында»), Сырым (Әуезов пен Л.С.Соболевтің «Абайында»), Махамбет (Ғ.Слаповтың «осы аттас пьесасында»), Сапар (Т.Ахтановтың «Сәулесінде»), Әпенде (Назым Хикметтің осы аттас пьесасында), Моцарт (А.С.Пушкиннің «Шағын трагедияларында») рөлдері осы бағытта шешім тапты. Ол ақындық өнермен де айналысып, көптеген өлеңдер жазды. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1954 жылдан киноға түскен: Рүстемов («Бұл Шұғылада болған едіде», 1955), Сапаров («Біз осында тұрамызда», 1956), Баймағанбет («Шоқан Уәлихановта», 1957), Профессор («Ұланда», 1977), Ректор («Қосымша сауалдарда», 1979) Төле би («Жазушы асығадыда», 1 9 8 0 ) т . б .