Menu
Садвакас Шорманов
Главная » Қазақстанның ұлы адамдар. Великие люди Казахстана. » Садвакас Шорманов


ШОРМАНОВ СӘДУАҚАС - Шорманов Садвакас

ШОРМАНОВ СӘДУАҚАС (1850-1927) - XX ғасырдың басындағы қазақ ақындарының бірі. Әскери баспаларда қазақтардың әлеуметтік тұрмысы жайында мақалалар жариялап, оларды Петербург университетінің профессоры, қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуші П.Мелиоранскийге жіберген. Қазір бұл қолжазба Санкт-Петербург қаласындағы Салтыков-Щедрин атындағы кітапхананың А.Н.Самойловтың архивінде сақтаулы. Сонымен қатар ол қазақ халқының әдеби, тарихи мұраларын жинап, оны Петербургте бастырған. Сәдуақас Мұсаұлы қазақ халқының мұң-мұқтажын айтып генерал-губернаторға, газеттерге хат жазған. Қазақ азаматтарына араша түсіп, талайына қол ұшын берген.