Menu
1 билет
Главная » Қазақ тілінде билетер » 1 билет

1. "Қазақ тілін зерттеген ғалымдар” тақырыбына әңгіме құру.
2. Сауранбаев Нығымет Тінәліұдлы туралы әңгіме құру.
3. Берліген мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдерді аяқта.

1. Василий Васильевич Радлов (1837-1918) - әйгілі, түрколог, Шығысты зерттеуші ғалым. Василий Владимирович Бортольд (1869-1930) – академик, шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі, әйгілі тарихшы. Нығмен Тінәліұлы Сауранбаев (1910-1958) - қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымның докторы, профессор. Ғұбайдола Айдаров (1921ж. туған) – ғалым, филология ғылымның докторы.
2. Н.Т. Сауранбаев – қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымның докторы, профессор. 1932 жылдан бастап ол жоғары оқу орындарында сабақ берді, оқулықтар жазды, студенттер мен аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті. Ол "Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі”, "Қазақ тілінің жасалуы туралы”, "Қазіргі қазақтіліндегі диалектілер”, "Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы” еңбектер жазды. Оның мәдениет, тарих пен әдебиетке байланысты мақалалары бары.
3. 1)В.В. Бартольд – Шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі, ол Орталық Азия мен Орта Азия тарихын зерттеп, аса құнды еңбектер жазған.
2)Ол "Жетісу тарихының шежіресі” еңбегін жазып, онда қазақ, тәжік,қырғыз, түркмен, өзбек халықтары туралы көп фактілер, оқиғалар берілген.
3)Оның ішінде Орта Азия халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеп, оның Түрік-Монгол көне елдері мен тайпаларының тарихын зерттеген.