Menu
6 билет.
Главная » Қазақ тілінде билетер » 6 билет.

1. "Тарихи қайраткерлер” тақырыбына әңгіме құру.
2. Қаз дауысты Қазыбек би туралы әңгімелеу.
3. Сөйлемдерден септік жалғауы бар сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын анықта.

1. Әйтеке Байбекұлы – артына аталады сөз қаладырған шешен билердің бірі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз қырғыз халықтарымен одақ құрып, жонғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан, Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі болған. Сонымен, Әйтеке би – шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жобасын жасасқан, феодалдық қақақ мемлекетін құруға ат салысып, үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері.
2. Қазыбек би (1667-1764) – Орта жүздің "Төбе биі” атанған, шешендік сөздің майталманы, Тәуке ханның тұсында "Жеті Жарғы” әдет-ғұрып заң жинағын жасаушылардың бірі, еліміздің тарихынан мәңгілік орын алған ірі тұлға. Қаз дауысты Қазыбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен әділқазы; үшіншіден, ол – халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, қоғам қайраткері. Қазыбек би 1667 жылы туып, шашамен 1764 жылы 97 жасында дүние салса керек. Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.
3. Әйтеке би(А.с) қазақ халқының(І.с) басын біріктіріп, бір орталықтан(Ш.с) басқарған және туысқан қарақалпақ(А.с), қырғыз халықтарымен(К.с) одақ құрып, жонғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан, Тәуке ханның(І.с) кеңесші, көмекшілерінің(І.с) бірі болған.