1. “Тұңғыш ғалымдар” тақырыбына әңгіме құру.
2. Ахмет Байтұрсынұлы туралы әңгімелеу.
3. Берліген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
1. Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған. Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден қойды. Ол XV ғасырда қазақ халқының ұйытқысы болған Үйсін,Қаңлы, Қыпшақ, Керей, Найман руларын жан-жақты зерттеді. Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі – “Алты шаһардың жайы туралы” деген шығармасы. 1864 жылы наурыз айында Шоқан генерал Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға келеді. Содан Верный қаласына, кейінірек Тезек төренің ауылына бпрып тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады. Сөйтіп жүргенде, ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болады. Оның сұйегі Алтын Емел тауының бауырындағы Көшен-Тоған деген жерге қойылады.
2. Көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы Ахмат Байтұрсынұлы қазіргі Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде туған. әкесі оны торғайдағы орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. 1891 жылы мектепті бітірген соң, Орынборға келеді. Мұнда мұғалімдер даярлайтын мектепке оқуға түседі. Оқуды бітірген соң Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралыда балаларға сабақ береді. әдебиетпен айналысады, өлең-жырлар жазады. Байтұрсынұлы 1913 жылы Орынборда “Қазақ” газетін шығарады.
3.Шоқан(зат есім) – шын(сын есім) мәнінде(зат есім) ғылым(зат есім) үшін(жалғаулық) туған(етістік) адам(зат есім).