1. “Экология” тақырыбына әңгіме құру.
2. “Арал теңізінің мәселесі” туралы әңгіме.
3. Берліген тіркестермен қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастыр.
1. «Табиғаттағының бәрі таза» деп, жаңбырдың суына бас жуатын жалаң аяқ, жалаң бас жүгіретін балалық дәурен секілді, енді оралмайтын заман болды. Сондықтан да жаңбыр суына бас жууға бола ма? – деп жауап беруге тура келеді.
Өйткені жаңбырдың суы дегеніміз - өзен-көлдердің бетінен ылғал топырақтан көтерілген бу ғой. Ал осы будан түзілген бұлтта тонналаған сумен бірге алуан-түрлі химиялық элементтер, олардың тұздары, шаң болады. Жаңбыр суының құрамы бұлттың қай жерде түзілгеніне, жауған жеріндегі ауаның қалай ластанғанына байланысты. Ауа мен жаңбыр суын ең алдымен сапырылысқан көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, аммиак, күкіртті көміртегі тарайды. Күкірт пен азоттың қосындылары сумен қосылғанда қышқыл түзіп, жерге «қышқыл аралас жаңбыр» болып жауады.
2. Арал теңізінің мәселесімен айналысатын Орталық Азия елдері Елбасылары Кеңесінің атқарушы ұйымы 1993 жылы 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған бес кісі және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Кеңесті әр жылда аталған елдер кезекпен басқаратын болып шешелді. Алғашқы кезек Өзбекстанға берілді. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арал қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.
3. 1) Адам табиғатты қорғаса да, әлі экологиялық мәселер көп.
2) Орманды дала болсада да, мен сондай жерлерге әлі барған жоқпым.
3) Жануарлар мен құстар болғандықпен, олардың саны азайып бара жатыр.
4) Үкімет басшылары бірлесіп жұмысқа кірсе де, әлі мәселер өте көп.
5) Бақылаушы ретінде жұмыс істесе де, оған алда әлі қиын болады.