1. “Қазақ композиторалы” туралы әңгіме құру.
2. Мұхтар Әуезов
3. Етістіктің өткен шақ тұріне сөйлем құрастыр.
1.Ахмет Жұбанов – академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» кітаптарының авторы.
А.Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Ол сондай-ақ Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияны ашып, косерватория мен Ұлттық ғылым академиясының негізін салушылардың бірі болды.
А.Жұбанов бірнеше күрделі музыкалық шығармалар және «Қарлығаш», «Ақ көгершін» атты әндерін, «Ария», «Көктем» сынды туындыларын, Л.Хамидимен бірігіп «Абай», «Төлеген Тоқтаров» операларын жазып қалдырды.
Латиф Хамиди – қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі. Ол Б.Ғизатовпен бірлесіп тұңғыш «Домбыра үйрену мектебі» атты кітап жазды.
Л.Хамиди – атақты «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» әндерімен қатар, «Отан», «Аққу», «Алтын бидай», «Романс», «Алматы», «Бейбітшілік туы берік қолда», «Лаула костер», «Жайлауым – бақша жайнаған» сынды ән-романстар жазған композитор. Л.Хамиди – Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы.
2. Мұхтар Әуезов қазақтың ұлы жазушысы, Қазақстан Республикасы акадкмиясының академигі, ғалым және қоғам қайраткері. Ол 1897 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Абай ауданындағы Қасқабұлақ деген жерде туған. Мұхтар ауыл мектебінде оқыған, содан соң Семейдегі орыс мектебінде және мұғалімдер семинариясында оқыды. Ол Орта Азия университетінде және Ленинград университетінде оқыған. Мұхтар Әуезтің “Абай жолы” эпопеясын, “Өскен өркен” романы, “Көксерек” әңгімесін жазған.
3. Кеше ғана жаңбыр жауғанын қойды. Өткен аптада кар жауды. Менің туған күнім өтті.