Menu
Шон би
Главная » Қазақстанның ұлы адамдар. Великие люди Казахстана. » Шон би


ШОҢ БИ - ШОН БИ
ШОҢ БИ ЕДІГЕҰЛЫ (1764-1836) - Орта жүздің атақты биі, жоғарғы әкімшілік қызметте болған. Қазақ даласында хандық билікті жою мақсатында 1816 жылы «Төрт ұлы» одағын жаңғыртады. Одаққа кірген рулардың билері Шоңды бір ауыздан «Төбе би» деп таниды. 1833-36 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. Шоң би Шыңғыс заманынан бергі қазақ даласында сұлтан тұқымынан шыққан ақсүйек болмаса да, жоғары әкімшілік қызметке тағайындалған. А.Янушкевич өзінің 1946 жылы Парижде шығарған «Дневники и письма» деген еңбегінде «Шоң би - үлкен адам болған. Ол халықты ақылмен, әділдікпен басқара білген» - деп жазған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген.