Menu
Аралас құрмалас сөйлем, құрмаластың тыныс белгісі
1. Тыныс белгісін қойыңыз. С) Үтір, сызықша.
2. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз. В) Әдептілік, ар-ұят, адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы, жат – надандықтың белгісі.
3. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз. С) Жақыныңды ренжітсең, жатқа күлкі боларсың.
4. Арасал құрмаласты табыңыз. В) Жігіттер үйге кірген кезде, осы үйге Айғыз да келді, Кәмшат жайыын сұрай бастады.
5. Құрмаластың түрін анықтаңыз.
Бөкенші тобы келген соң, Бөжей лезде кісі жіберді де, жақын жердегі Байдалы мен Түсіпті шақырып алды. В) Аралас.
6. Аралас құрмалас сөйлемнің схемасын көрсетіңіз.
Бұларды кіргізіп жіберіп, Абай енді үйге қарай қозғалайын деп деі, үй ішінен тағы бір нәрсемен қарбаласып, Қаратай шығып келеді екен. В) бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
7. Тыныс белгісі дұрыс қойылған аралас құрмаласты табыңыз. В) Ауылдың ер-азаматтары амандасты да, құда жігіттерді аттарынан түсіріп, жеке
тігілген сегіз қанат ақ үйге енгізді.
8. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласқа қойылатын тыныс белгіні табыңыз.
В) Үтір мен сызықша
9. Қарсы мәнді сөйлемдері бар араласты көрсетіңіз. А) Ақтоты сөзін қимаса да өз көзінен аттандырып салуға дәті бармады, бірақ сонда да
Сырымбетті бетке алып жүріп кетті.
10. Төмендегі аралас құрмалас сөйлем қай қатарға тән екенін табыңыз.
Өздері елеп шақырмаған соң, Бақтыбайлар да біраз уақыт өкпелі боп үнсіз жатып алып еді, қыз алған жақ одан сайын тоң-теріс сыртын беріп, қарым-қатынасты біржола үзді. С) Бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
11. Салалас сөйлемнің тиісті тыныс белгісі мен түрін табыңыз.
Махаббатта бір-ақ формула бар ол-тұрақтылық. В) (қос нүкте) түсіндірмелі.
12. Кемі үш сөйлемнен тұрып, салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмалас түрін табыңыз. Е) Аралас құрмалас.
13. Құрмаластың түрін анықтаңыз.
Бұл әзіл сияқты сөз болса да, негізінде сыр бар еді, ол ұзамай ашылды. Е) Аралас құрмалас.
14. Төмендегі аралас құрмаластың бірінші және екінші сөйлемі қандай мағыналық қарым-қатынаста, белгілеңіз.
Қиссаны оқуға кейде жалығып та кетем, себебі тыңдаушыларым кейде қиссаның бірінен соң бірін айтқызып, айтушы жалыққанмен, тыңдаушылар жалықпайды. С)
15. Тиісті тыныс белгісін табыңыз.
Сөзіне қарай кісіні ал
Кісіге қарай сөз алма. Д) Үтір.
16. Қажетті тыныс белгіні анықтаңыз.
Аяғы жоқ, жүреді, аузы жоқ, сөйлейді. Е) Сызықша.
17. Аралас құрмаласты табыңыз. В) Қуыршақ шап беріп ұстады да, белбеуімді бұрып жібергенде, жаным ышқынып кетті.
18. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз. С) Еңбек етсең, қара жер де береді, сені құр тастамайды.
19. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз. В) Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.
20. Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. С) Урядникке бірдеме дейін деп еді, - өкпесі алқымына тығылып, аузына сөз түспей қойды.
21. Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Боран таң ата ашылып, жел тынды да, маужыраған әдемі күн басталды.
22. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, - оған Баймағамбет болмады. В) қарама – қарсылық мәні болғандықтан.
23. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз. Д) Әкем арбасын жөндеп, шешем көжесін қайнатып жатыр еді, он шақты салт атты сау ете түсті.
24. Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Е) Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
25. Жалғаулықты себеп – салдар салалас сөйлемін көрсетіңіз. В) Ол кісінің өзін кенші деуге болады, себебі тастардың тегін, түрін өте жақсы біледі.
26. Сөйлемнің құрамын анықтаңыз.
Қара бүркіт томағасын түсірді, оны мен томағаламай, кім томағалайды? Д) Аралас құрмалас.
10.05.2010 23:57 Казахский язык JiRaU 6619 23998 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход