Menu
Қазақстан тарихынан жаңа сұрақтар.
Қазақстан тарихы
1. Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу
2. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді
3. 1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған»
4. Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары: Сәмеке мен Әбілқайыр
5. Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы:1724-1725жылы
6. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731жылы
7. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна
8. XVIII ғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:Әбілқайыр хан
9. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндағұлұлы, Қоштайұлы
10. 1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшын
11. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс-Ор
12. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы : В.Татищев
13. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:Барақ сұлтан
14. Орынбор қаласының салынуы-1743 жылы
15. 1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу
16. 1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан: Қайып сұлтан
17. XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп: Колыван шебі
18. XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары:Семей,Өскемен,Бұқтырма
19. 1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі:Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу
20. 1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды: Жайық жағалауына мал жаюға
21. Жайық бойында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды:1756 жылы
22. 1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан:Әбілмәмбет
23. 1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның
24. 1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: Әбілпайыз
25. Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан:Абылай
26. Абылайдың бас мирасқоры:Уәли
27. XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі:Ақтамберді
28. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы:П.Рычков
29. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар: 1773-1775 жж.
30. Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері:Кіші және Орта жүз
31. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған:Жер мәселесі
32. Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны:Досалы
33. Е.Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып, басып алған бекініс:Кулагин
34. 1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзені бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі:Зәбір
35. Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді:Қазақтардың өзіне бағынбай кетуінен
36. Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр: Сырым
37. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар: Жайықты қоршауға, Кулагинді алуға
38. Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі:Пресногорьковск
39. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын ашық қолдаған қазақ сұлтаны:Досалы
40. С.Датұлы старшын болған ру:Байбақты
41. 1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер:Хиуа хандығы
42. 1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан:Айшуақ
43. 1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады:Хан сарайына
44. 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды:Ералы
45. С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды:14 жылға
46. Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі:Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді
47. 1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі:Қаратай
Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті: Хандық билікке қарсы С.Датұлы мен барон Игельстромның көзқарастары ортақ болды
48. Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған:барон Игельстром
49. Бөкей Ордасының территориясы:Еділ мен Жайықтың аралығы
50. Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:Жасқұста
51. Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл:1827 жыл
52. 1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші: шаруалар
53. ХІХ ғасырдың І жартысында Кіші жүздің территориясы қамтыған алқап: 850 000 шақырым
54. Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді: Махамбеттің өлеңдерінде
55. 1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған: полковник Геке
56. Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай:Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы
57. Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері: 1000 сом
58. 1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады: Балқы бидің
59. Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары:А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы
60. 1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан: Хиуа ханы
61. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды:Үш жүзді
62. Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтан, би, старшындар саны:80 нен астам
63. 1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері:Долгов пен поручик Герн
64. Кенесары және оның Қоқанға қарсы күресін қолдаған Ұлы жүз батырлары: Тайшыбек, Саурық, Сұраншы
65. Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер:1847 жылы Майтөбеде
66. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекет:Хиуа хандығы
67. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр, Амангелдінің атасы:Иман батыр
68. Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған хан:Қоқан ханы
69. Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді:хандық сотты
70. Кенесары хандық билікті қолына алған жыл:1841 жылы
71. Кенесары Қасымұлы ерекше көңіл бөлген шаруашылық саласы:егіншілік
72. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі мақсаттарының бірі:Патша өкіметінің қазақ жерін отарлауын тежеу
73. Сыр бойы қазақтарының XIX ғасырдың 50 жылғы азаттық күресін басқарған: Ж.Нұрмұхамедұлы
74. Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл:1843 жыл
75. XIX ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған:Есет батыр
76. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан:Арыстан Жантөреұлы
77. 1868-1869 жылдардағы қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар:Орал, Торғай
78. XIX ғасырдың ІІ жартысында «Уақытша ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық:Шаңырақ салығы
79. XIX ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері көбейді: 1 сомнан 3 сомға дейін
80. 1869 жылы көтерілісшілер 20000 қолмен фон Штемпельдің әскеріне шабуыл жасаған жер:Жамансай көлі маңында
81. 1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны: 41
82. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға:Подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы
83. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты Хиуа хандығына көшіп кеткен адай қазақтары шаңырақтарының саны: 3000
84. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі:Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы
85. 1870 жылы мамырда Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін қосымша жазалаушы келді: Кавказдан
86. 1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:Адайлықтардың арасында рулық-патриархалдық құбылыстар сақталып қалды
87. «Бұларды келістіріп жазалау керек» деген соғыс министрі Милютиннің сөзі аталған көтеріліске қатысты айтылды:Маңғыстау көтерілісі
88. XIX ғасырдың І жартысында Қазақстан экономикасындағы ірі өзгеріс:Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің пайда болуы
89. Тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей қазақ-орыс еңбекшілері аталды: Жатақтар
90. Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында ашылды:1832 жылы
91. 1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты:Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту
92. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша мұрагерлік жолмен тағайындалды: Болыс сұлтаны
93. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді:Болыс сұлтандар
94. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша ауыл:50-70 шаңырақтан
95. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша болысқа кіретін ауыл саны:10-12 ауыл
96. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар:Тек сұлтандар
97. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган: округтік приказ
98. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ: Дворян
99. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:1845 жылға дейін
100. «Орынбор қазақтарының Жарғысы» шықты:1824 жылы
101. XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған: Ф.Гирс
102. 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған:Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау
103. Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы:Ш.Уалиханов
104. «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілген жыл: 1867 ж. 11 шілде
105. «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл:1868 жылы 21 қазан
106. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды:Облысты
107. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес әр болыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны:100-200
108. 1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны:Билер мен қазылар соты
109. 1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны – билер мен қазылар сотын бекіткен:Әскери губернатор
110. 1867-1868 жылғы «Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары: Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды
111. 1867-1868 жылдары бойынша облыстық басқармалары мынадай бөлімнен тұрды: Шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру
112. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша салықтан босатылғандар:Шыңғыс тұқымдары
113. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария
114. 1867-1868 жылғы «Ережеден» кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері:Маңғыстау приставтығы
115. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік:Түркістан генерал-губернаторлығы
116. 1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ:Сырдария облысы
117. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: Уезд
118. XIX ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уалиханов айтқан пікір:Халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті
119. 1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ: Астрахань губерниясы
120. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-губернаторлық: Батыс-Сібір
121. 1867-1868 жылғы Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы: генерал-губернатор
122. XIX ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын:Батыс, Шығыс
123. Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл: 1868 жылы
124. 1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік: Салықтардан үш жылға босатылды
125. «Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасады: Колпаковский
126. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке:Жетісу
127. 1884-98 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде құрылған орыс-қазақ қоныстарының саны:37
128. ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтарда отырықшылықтың кең тарауына себепші болған: Орыс, украин шаруаларының қоныстануы
129. Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы:1820 жылы
130. Хиуа ханы қаңыратып кеткен қазақ ауылдарының саны:2000 жуық ауыл
131. 1817 жылы Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі: Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы
132. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған:Тентектөре батыр
133. Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған Ұлы жүздің руы:Жалайыр
134. Қапал бекінісі салынды:1847 жылы
135. Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл: 1848 жылы
136. 1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы:Үйсін
137. Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай көз тіккен аймақтары: Жетісу мен Іле өңірі
138. Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі: Таушүбек
139. Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы:1851 жылы 7 шілде
140. 1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі:Ақмешіт
141. 1854 жылы көктемде құрылған бекініс:Верный
142. Ұлы Жүздің приставтығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл:1855 жыл
143. ХІХ ғасрдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы: Ш.Уалиханов
144. Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: Ресей патшасына
145. 1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер: Ұзынағаш
146. 1860 жылғы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы:Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті
147. Верный бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған:М.Перемышельский
148. Ресейден Верныйға қоныс аударушылар арасында аталған облыстан шыққандар басым болды: Воронеж облысы
149. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі: Англия
150. 1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс:Түркістан
151. Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы: 1865 жыл
152. 1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы:Бұқар хандығы
153. 1868 жылы қаңтар айында келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал-губернаторлыққа бағындырылды:Түркістан
154. 1812 ж. Отан соғысы кезінде ел достығы рухын көтеруге ат салысып, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған старшын: Б.Тілекұлы
155. Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медалмен марапатталған жауынгер: Майлыбайұлы
156. Веймар, Ганау және Майнадағы Франкфурт қалалары түбінде ерлікпен шайқасты: Жанжігітұлы, Байбатырұлы
157. 1837 жылы Александр княздің патшалық қабылдауында болған 1812 жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер: Н.Жанжігітұлы
158. Тұз өндіруші қазақтардың 1812 жылғы соғыс кезінде орыс әскерлеріне жинаған қаржы мөлшері:22 000 сом
159. 1805-1806 жылдары Ресейдің Ю.Головкин бастаған елшілігіне сауда байланыстарын реттеу міндеті жүктелген мемлекет: Қытай
160. Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты:Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау
161. ХІХ ғасырдың басында Қытай көпестерінің сауда жасайтын орталықтарының бірі: Бұқтырма
162. ХІХ ғасырдың басында Қытайға өтетін сауда керуендерінің тоналуына шек қою мақсатында үкімет қабылдаған шешім:Қарулы казактар бөлінді
163. ХІХ ғасырдың І ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары: Петропавл, Семей
164. Ресейдің Шыңжаңның базар-жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары:өнеркәсіптік дайын бұйым
165. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген: Генерал-лейтенант Г.Глазенап
166. Бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: С.Мадатов
167. Кашмирде болып, 250 кашмир шәлісін Қазақстанға жеткізген көпес: С.Мадатов
168. Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім: ХІХ ғ. 30 жылдары
169. ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі:Ақмола облысы
170. 1897 жылғы халық санағы бойынша халық ең көп қоныстанған ірі қалалар: Орал, Верный
171. 1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда байланыстары осы қала арқылы жүзеге асырылды:Кяхта
172. Ресей мен Қытай арасындағы Құлжа келісіміне қол қойылды:1851 жылы
173. 1855 жылы Шыңжаң мен Қазақстанның сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі:Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындары талан-таражға салынды
174. 1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт:Петербург келісімі
175. ХІХ ғасырдың 2 жартысындағы орыс-қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға: Іле су жолының ашылуы
176. 1883 жылы ашылған Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі:Сүйдін
177. Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда ерекше көзге түскен жәрмеңке:Қарқара
178. 1890 жылы Шыңжанмен сауданы дамыту үшін ашылған сауда округі: Семей сауда округі
179. 1891 жылы «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны: Халық соттары
180. 1891 жыл 25 наурыздағы Ереже бойынша құрылған Дала генерал-губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей, Жетісу
181. ХІХ ғасырдың аяғында өз еркімен өндіріс орындарын тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза: 3 ай абақтыға жабу
182. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі: Цинь өкіметі қысым көрсетті
183. Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы: «Он екі мұқам»
184. А.С.Пушкин Оралда қағазға түсірген поэма: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
185. 1841 жылы татарша-орысша білім беретін мектеп ашылған хандық:Кіші Орда
186. ХІХ ғасырдың І жартысында Каспий теңізінің жағалауын зерттеген ғалым: Г.Карелин
187. Шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет қамауда отырған жыл: 1829 жылы
188. 1824-1829 жылдары М.Өтемісұлы тұрған қала: Орынбор
189. ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы:Левшин
190. ХІХ ғасырдың І жартысында шығармашылығында суырып салма өнерді одан әрі дамытқан ақын: Шернияз
191. ХІХ ғасырдың І жартысында Шернияз ақынның әдебиет саласына қосқан жаңалығы:Суырып салма өнерді жетілдірді
192. Махамбет Өтемісұлы өмір сүрген жылдар:1804-1846 жылдары
193. ХІХ ғасырдың І жартысындағы айтыс өнерінің жүйрігі, Қаракәстек жерінде дүниеге келген ақын:Сүйінбай Аронұлы
194. Түркістан статистикалық комитеті ашылған жыл:1868 жыл
195. ХІХғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана:Семейде
196. Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болған ұлы ақын: Абай
197. Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігіндегі мұсылмандықпен күресу» жөніндегі шаралары жарияланған жыл: 1867 жыл
198. Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі ашылған қала:Орск
199. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Сырдария мен Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылған генерал-губернаторлық: Түркістан
200. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстанда теңізде жүзу ісін меңгертетін мектеп ашылған қала:Атырау
201. Медресені бітіргендер өз білімдерін жалғастырған діни оқу орындары орналасқан қалалар: Бұхара мен Ташкент
202. 1870 жылы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша медресеге қабылданушының жасы: 16 жасқа дейін
203. 1870 жылғы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша оқу жылы осы айлар аралығында болды:мамыр-тамыз
204. Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы осы жылға дейін жұмыс істеді: 1910 жылға
205. 1896 жылы Ресейдің әр түрлі оқу орындарында оқыған Торғай облысының қазақ студенттерінің саны: 50 ге жуық
206. Петербург университетінің стипендиаты, семейлік алғашқы қазақ заңгері:Ж.Ақбаев
207. Шоқанмен саяхаттардың кейбір маршруттарында бірге болған көрнекті ғалым, географ: П.Семенов – Тянь-Шанский
208. Ш.Уәлиханов қайтыс болған жер: Алтын Емел жотасы
209. Ш.Уалихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы соңғы еңбегі жарияланды: 1865 жылы
210. Ш.Уалихановтың туған жері: Құсмұрын бекінісі
211. Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі: Қашғар сапарынан туған еңбегі
212. Ш.Уәлихановтың білім алған орны: Сібір кадет корпусы
213. 1864 жылы Ш.Уалихановтың генерал Н.Черняевтің әскерімен басып алуға қатысқан бекініс: Әулиеата
214. Ш.Уалихановтың шыққан тегі: ақсүйек Шыңғыс тұқымы
215. Шоқан Уәлиханов Сібір кадет корпусында білім алған жылдар:1847-1853 жылдары
216. Ш.Уәлихановтың шын есімі:Мұхамед-Қанапия
217. Ш.Уәлихановтың Құлжаға барған жылы: 1856 жыл
218. Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алып кету себебі:Ел билеу ісіне тарту үшін.
219. Семейдегі Абай білім алған оқу орны:«Ахмет Риза» медресесі
220. Абай Құнанбаев өмір сүрген жылдар:1845-1904 жж.
221. Абайдың ұлы Әбдірахман бітірген Петербургтегі оқу орны:Артиллерия училищесі
222. А.Құнанбаев тоғыз жыл басқарған болыс:Шыңғыс болысы
223. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы:А.Құнанбайұлы
224. Ы.Алтынсарин өмір сүрген жылдар:1841-1889 жылдары
225. Ы.Алтынсарин қазақ қыздарына арнап интернат ашқан қала: Ырғыз
226. Жас Ы.Алтынсарин қамқорлығында болды: Атасы Балғожаның
227. 1879 жылы Ыбырай мектеп инспекторлығына тағайындалған облыс:Торғай
228. Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде уағыздаған кәсіп:Егіншілік
229. Ы.Алтынсариннің негізгі оқу құралы:«Қырғыздарды орыс тілге үйретуге негізгі басшылық»
230. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог:Ы.Алтынсарин
231. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Алтай, Жетісу өлкелерін жан-жақты зерттеген дүние жүзіне әйгілі ғалым: Семенов-Тянь-Шаньский
232. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Жетісуды зерттеген халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырған шығыс зерттеушісі, академик:В.Радлов
233. «Орынбор ведомствасының қырғыз даласы» еңбегінде Кіші Жүз тарихын жан-жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші: К.Мейер
234. 1847-1857 жылдары Қазақстанда айдауда болған украин ақыны: Шевченко
235. Т.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі: «Менің ойларым»
236. Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қойған орыс географиялық қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімдері ашылған жыл:1845 жылы
237. XIX ғ. қазақ музыка аспаптары қойылған көрме өткен қала:Мәскеу
238. Күй атасы Құрманғазының алғашқы ұстазы: Ханбазар
239. 1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші:Тәттімбет
240. Тәттімбеттің төрелердің халықты жәбірлеуіне арнап шығарған күйі:«Бестөре»
241. Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер:Жаяу Мұса
242. Өз заманының азулы өкілдерін сынауға арналған ыза-кекке толы Біржанның өлеңі: «Жанбота»
243. Құрманғазының дүниеге келген жері: Бөкей Ордасы
244. Құрманғазының Исатай Тайманұлына арналған күйі: «Кішкентай»
245. Құрманғазының туған жерді, кең байтақ даланы сипаттайтын күйі: «Сарыарқа»
246. Құрманғазының би күйі:«Балбырауын»
247. Домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы:Дәулеткерей
248. Күйші Дәулеткерейдің көзқарасының қалыптасуына әсер еткен азаттық күрес:1836-38 жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс
249. ХІХ ғасырда өмір сүрген шертпе күйдің негізін салған күйші:Тәттімбет
250. Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылған сазгер,әнші: Жаяу Мұса
251. «Балқадиша», «Маңмаңкер», «Құлагер» әндерінің авторы: Ақан Сері
252. XIX ғ. күйші Ықыластың патша шенеуніктерін сынап шығарған күйі:«Жарым патша»
253. ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақтарды Ресейге танытудағы кең тараған Г.Зелинскийдің шығармасы: «Қырғыз» поэмасы
254. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында поляк күресі өкілдерінің ішіндегі ерекше көзге түсетіні: С.Гросс
255. Поляк А.Янушкевич Қазақстанда жүзбе-жүз кездескен: Құнанбаймен
256. XIX ғ. аяғында саяси жер аударылғандардың шоғырланған өңірі: Шығыс,Орталық Қазақстан
257. Абайдың 1900 жылы жарық көрген «Орта жүз қазақ ордасының руларының шығу тарихы туралы жазбалар» деген еңбегінің мазмұны:Семей облысы қазақтарының рулық құрамы туралы
258. ХІХ ғасырда Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген ғалым: Е.Михаэлис
259. 1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер: Жаркент
260. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасынан екінші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған:М.Тынышпайұлы
261. ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өнеркәсіптің жақсы дамыған түрі: кен өндірісі
262. 1905-1907 жылдардағы қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуі болған жер: Успен кеніші
263. Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл:1906 жыл 10 қаңтар
264. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасында екінші мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған:Ш.Қосшығұлов
265. Семейден мемлекеттік Думаға сайланып, кейін өзінің сайлаушыларына берген уәдесінен бас тартқан зерттеуші:Н.Коншин
266. 1910 жылғы Столыпин реформасының мақсаты:революцияны тұншықтыру
267. «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы жұмысшыларының ереуілі болған жыл: 1911 жыл
268. А.Байтұрсынов Орынборда тұрған жылдар:1910-1917 жылдар
269. М.Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген туындысы:«Терме»
270. 1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының мөлшері:600 мың сом
271. ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарында жасөспірімдерге күніне төленетін еңбек ақысы:20 тиын
272. І дүниежүзілік соғыс жылдарында Семей, Ақмола облыстарынан майданға тартылған жұмысшылардың үлесі: 50 % -ға дейін
273. 1915 жылы Автрия-Венгрия тұтқындарының ереуілі өткен жер:Риддер кен байыту орны
274. ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан Ш.Құдайбердіұлының кітабы: «Мұсылмандық шарты»
275. ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда үлкен орын алған журнал: «Айқап»
276. Халық дастандарының ел арасында кең тараған батырлар жырының түп нұсқаларын насихаттаған халық ақыны:Н.Байғанин
277. ХХ ғасырдың басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы:Естай
278. ХХ ғасырдың басындағы «Гәкку» әнінің авторы:Үкілі Ыбырай
279. Абайдың аса дарынды шәкірті: Ш.Құдайбердіұлы
280. ХХ ғасырдың басында музыка өнерін дамытуға үлес қосқан қазақтың әнші бұлбұлы: М.Шамсутдинова
281. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының баспадан шығуы:1909 жылы
282. Кеңестік биліктің 1921 жылы наурыз айында енгізген экономикалық саясаты: Жаңа экономикалық саясат
283. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жойылды: Еңбек міндеткерлігі
284. 1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген салықтың негізгі ауыртпалығы мойынына түсті: Кулактар мен байлардың
285. Жаңа экономикалық саясат жылдарында кеңінен дамыған ауыл шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында құрылған қоғам: «Қосшы одағы»
286. 1924-1925 жылдан бастап республикаға әкеліне бастаған ауылшаруашылық техникасы: Тракторлар
287. 1928 жылғы Қазақ АКСР-дегі мал саны: 41 млн
288. Жаңа экономикалық саясат жылдарында республиканың түсті металлургияның басты ауданы болды: Кенді Алтай
289. Жаңа экономикалық саясат жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40%-ын берген өнеркәсіп: Риддер қорғасын зауыты
290. Жаңа экономикалық саясат жылдарында дамытуға көбірек көңіл бөлінеген өнеркәсіп саласы: Түсті металлургия
291. Жаңа экономикалық саясат кезінде сауда, тауар айырбасы саласында рұқсат етілді: Жеке саудаға
292. 1927 жылдан бастап мыс өндіре бастаған комбинат: Қарсақбай комбинаты
293. ХХ ғасырдың 20-жылдарында халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында жүргізілген шара: Сауатсыздықты жою
294. Халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында 1924 жылы ұйымдастырылған қоғам: «Сауатсыздықты жою» қоғамы
295. Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдары ндағы Қазақстанда маңызды мәдени өзгерістердің бірі: Халықты жаппай сауаттандыру
296. ХХ ғасырдың 30-жылдары сауатсыздықты жою, білім беру ісіне қамқорлық жасауды мойынына алды: Қазақстан комсомолы
297. Қазақстанда көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді: 1931 жылдың көктемінде
298. 1931-1932 жылдары балалар үйіне орналастырған бала санының көп болуының басты себебі: 1931-1932 жылдардағы аштық
299. Қазақстанда ашылған тұңғыш жоғары оқу орны: Қазақ педагогикалық институты
300. 1931-1932 жылдары педагогикалық институттар ашылған Қазақстан қалалары: Орал, Қызылорда
301. 1929-1931 жылдары Алматыда ашылған жоғары оқу орындары: Ауылшаруашылық және медициналық
302. Республикада инженер-техник кадрларды даярлауға негіз болған, 30-жылдары ашылған жоғары оқу орны: Қазақ кен-металлургия институты
303. Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі: 1920-1930 жылдар
304. 1926 жылы ежелгі Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалым: М.Е.Массон
305. 1932 жылы құрылған КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасындағы алғашқы ғылыми секторлар: Зоологиялық, ботаникалық
306. 1935 жылы жарық көрген «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» еңбегінің авторы: С.Асфендияров
307. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик: А.Н.Самойлович
308. 1913 жылы «Шолпан» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрген белгілі ақын: М.Жұмабаев
309. 1920-1930 жылдары қазақ әдебиетінің туын ұстап, Абай дәстүрін жалғастырған, шығармалары арқылы позияға серпін берген ақын-жазушы: С.Сейфуллин
310. М.Жұмабаевтың эпостық құлашпен жазылған, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі тарихи оқиғаны суреттейтін дастаны: «Батыр Баян»
311. С.Сейфуллиннің қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері, азамат соғысына қатысуын шынайы тұрғыда бейнелеген тарихи романы: «Тар жол, тайғақ кешу»
312. С.Сейфуллиннің 1927 жылы жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романында қазақтардың қатысуын суреттеген тарихи оқиғалардың бірі: Азамат соғысы
313. 1920-1930 жылдары қазақ әдебиетшілерінің қатарына қосылған дарынды жастар: Ж.Саин, Қ.Аманжолов
314. ХХ ғасырдың бірінші жартысында төңкеріс, кеңестік Отан, бостандық, адамгершілік, махаббат туралы өлеңдер мен дастандар жазған көрнекті қазақ ақыны: Иса Байзақов
315. М.Лермонтовтың, А.Пушкиннің шығармаларын және «Интернационалды» қазақ тіліне аударған белгілі ақын: Ж.Аймауытов
316. 1930 жылдары қазақ әдебиетінің дамуына орасан зор зиянын тигізген қасіретті оқиға: Сталиндік жазалау
317. «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты жинақтың авторы: А.Затаевич
318. 1927 жылы Париж қаласында өткен концертке қатысып ән салған қазақ халқының әйгілі әншісі: Ә.Қашаубаев
319. 1926 жылы Қызылорда қаласында ашылған тұңғыш қазақ театрының алғашқы басшысы, дарынды режиссер: Ж.Шанин
320. 1926 жылы қаңтарда Қызылорда қаласында ашылған мәдени мекеме:Ұлттық қазақ театры
321. 1926 жылы Қызылордада ашылған қазақ театрында алғаш қойылған пьеса: «Еңлік – Кебек»
322. 1933 жылы Алматы қаласында ашылған аз ұлттар театры: Ұйғыр музыкалық-драма театры
323. 1937 жылы корей театры ұйымдастырылған қала: Қызылорда
324. 1938 жылы «Ленфильм» киностудиясы жасап шығарған қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі: «Амангелді»
325. 1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрған белгілі сазгер: А.Жұбанов
326. П.Хлудовтың талантты шәкірттерінің бірі, қазақтың белгілі суретшісі: Ә.Қастеев
327. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде КСРО халық әртісі құрметті атағына ие болған әйгілі әнші: К.Байсейітова
328. 1936 жылғы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде көрсетілген опера: «Қыз Жібек»
329. 1930 жылдары театрлар ашылған Қазақстан қалалары: Семей, Қарағанды
330. Қазақстан кино өнері бастау алатын кезең: 1930 жылдары
331. А.Пушкин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапхана ашылды: 1939 жылы
332. Қ.И.Сәтбаевқа 1942 жылы мемлекеттік сыйлық берілді: Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін
333. Қазақ КСР ғылым академиясы ашылды: 1946 жылы
334. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда ашылған жоғары оқу орны: Шымкент технология институты
335. Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыға Мәскеуден көшіріліп орналастырылған жоғары оқу орны: Авиация институты
336. Ұлы Отан соғысы кезінде әдебиетте пубилицистикалық мақалалары елеулі құбылыс болған майдангер-офицер: Б.Бұлқышев
337. Ұлы Отан соғысы жылдарында түсірілген кино-картина: «Абай әндері»
338. 1942-1944 жылдары Қазақстанға майданнан келген делегациялар: 22 делегация
339. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған С.Мұқановтың повесі: «Өмір мектебі»
340. Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы қаласында ашылған жоғары оқу орны: Шет тілдер институты
341. КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы Қазақстан аумағында статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіді: 1926-1927 жылдары
342. Революцияға дейінгі қазақ зиялылар өкілдерінің бірі, шебер аудармашы: Ә.Бөкейханов
343. Ұлттық қазақ театрына көптеген шығармашылық жетістіктері үшін 1937 жылы берілген атақ: Қазақ академиялық драма театры
344. Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын-жазушылар саны: 100-ге жуық
345. С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті) Қазақ мемлекеттік университеті ашылды: 1934 жылы
346. 1920-1930 жылдары Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеу үшін құрылған қоғам: Қазақстанды зерттеу қоғамы
347. 1920-1930 жылдары зерттелген Қазақстанның мұнайлы ауданы: Ембі мұнайлы ауданы
348. 1920-1930 жылдары ғылыми тұрғыда зерттелген түсті металл кеніші: Ащысай қорғасын кеніші
349. 1938 жылы қазақтың алғашқы дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасаған киностудия: «Ленфильм»
350. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті: Қ.Сәтбаев
351. Қазақстан Ғылым академиясын құруға, ғылыми жұмыстардың ұйымдастырылуына көмек көрсеткен көрнекті орыс ғалымы: А.М.Панкратова
352. Қазақ КСР Ғылым академиясының 1946-1949 жылдар аралығында халық шаруашылығына енгізу үшін жасаған ұсыныстар мен зерттеулер саны: 900-ден астам
353. Көшпелілердің қола дәуірдегі тарихы мен мәдениетіе зерттеген белгілі ғалым: Ә.Марғұлан
354. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда барлық жоғары оқу орындарында өтілетін ең негізгі пән: Партия тарихы
355. М.Әуезовтың КСРО мемлекеттік сыйлығын алған шығармасы: «Абай»
356. 1950 жылдардағы ұлттық прозаның жетістігі болған Ғ.Мүсіреповтың романы: «Оянған өлке»
357. 1949 жылы Мәскеуде өткен Қазақ кеңес әдебиетінің онкүндігінде әдеби қауымның назарын аударған Ғ.Мұстафиннің орыс тіліне аударылған повесі: «Шығанақ»
358. Одаққа танымал болған «Тың игерушілер» атты очерктер кітабының авторы: И.Шухов
359. «Гүлстан» повесінің авторы, ұйғыр жазушысы: Х.Абдуллин
360. Жастар мен студенттердің дүниежүзілік VI фестивалының лаураеты атанған шығармашылық ұйым: Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі
361. Республика мәдениет әлеміндегі елеулі оқиға болған, 1946 жылы қойылған опера: «Біржан – Сара»
362. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары «Жамал», «Атамекен» сияқты суреттерді дүниеге әкелген жас суретші: Қ.Телжанов
363. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров есімдері ақталды: КОКП ХХ съезінен кейін
364. Қазақстан ғылымында қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді: 1950 жылдар ішінде
365. 1950 жылдары шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алына бастаған ағартушы-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин
366. 1946 жылғы республиканың мәдени және ғылыми өміріндегі елеулі оқиға: Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы
367. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан талап еткен зерттеулер: Коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер
368. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Алматыдан басқа ірі ғылыми орталықтар бой көтерген қалалар: Өскемен, Қарағанды, Шымкент
369. 1954 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған ұйғыр сазгерінің симфониялық поэмасы: «Ризвангүл»
370. Алғашқы адамдардың тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге көтерілген уақыты: Неолит
371. Алғашқы адамдардың еңбек құралдарының жаңа түрлері – дәнүккіш, келі, балта, т.б. ойлап тапқан уақыт: Неолит.
372. Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен: Еңбек құралдарын жасауды игеру
373. Ежелгі адамдардың ең әуелде отты қайдан алғанын анықтаңыз: Найзағайдың түсуінен жанған ағаштан
374. Жер
08.05.2010 16:39 История Казахстана JiRaU 44294 112588 41
Акш   12.03.2014 01:21
Муртты обалар Казахстаннын кай аймагынан табылды дал вариантын айтындарш кытапта да жок. мен шыгысы орталыгы солтустыгы деп белгилегенде дурыс болмады!!!!!!!!!
nazgolek97   31.08.2014 14:51
СОлтустик Казахстан
аруна   18.04.2013 15:22
мынау бурыннан журген сурактар гой
Senim_96   07.02.2013 19:38
Ильяс я тебя люблю сильно сильно!!!
Айша   10.02.2012 00:54
рахмет. саганда соны тілейміз.
nauryz_97_45   25.01.2012 22:38
маған қазақстан тарихынан шпор керек 8 сынып
Miko_95._15   08.01.2012 01:28
Рахмет
araika_jan@bk.ru   07.01.2012 18:36
ернар,арине дурыс
araika_jan@bk.ru   07.01.2012 18:35
будан баска жок па? Мен мыналарды жаттап алгам...
araika_jan@bk.ru   07.01.2012 18:33
салем достар....маган химиядан жыыынды шпор тауып бериндерши.....
Маралка   07.01.2012 17:33
374тен кейін жоқ па?(((
Маралка   07.01.2012 17:31
Достар ҰБТ-ны сәтті тапсыруларыңа тілектеспін....Тек қана саспаңдар...
Гуфайра   07.01.2012 12:27
Салем достар Убт ны жаксылап тапсыруларына тилектеспин!
Динара   23.12.2011 01:12
Барине саттилик.Никки сенин сурагыннын жауабы С варианты
Айзере   04.12.2011 18:24
тема екен!!!
Margulan   04.12.2011 11:39
Tolik emes koi!
Турлан историк   01.12.2011 22:47
Осы кушти барго
Мурадым   20.11.2011 16:39
бәріне салем бәріне сәттілік тілеймін
Кука   17.11.2011 00:00
Амин айтканын келсин!
Шаха   13.11.2011 20:20
Барлыктарына салем!!! ҰБТ-ні жақсы тапсырып армандаған ЖОО-на түсулерінді тілеймін!!!
Эльвира   22.10.2011 01:33
оппа тема.спасибо
sultan   21.10.2011 17:06
salamaleikum tulekter senderge sattilik
sultan   21.10.2011 17:05
sultanhan
Aigerimka   28.09.2011 01:58
Тема!Көп-көп рахмет,2011-2012 оқу жылының түлектері,барлығына сәттілік тілеймін!
Abilaixan   01.06.2011 16:47
Mode
Никки   01.06.2011 15:20
бәріңе сәлем! "жер дегеніміз-мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?"-деген ғұн басшысы кім? көмектесіңдерші а)Чжи-Чжи Б) Мұқан С) Аттила С) Мөде Е) Бумын
iri   02.05.2011 23:34
magan katty unady biggrin
football   10.04.2011 17:57
jaksi suraktar barinde ybt daindalindar biggrin
Кумисай   17.02.2011 17:09
Рахмет баринеде коп коп
айгерим   11.02.2011 16:57
кушти ЕНТга дайындалындар осымен!!!!!! biggrin
RAIHAN   10.02.2011 15:41
osynyn baryna rahmet biggrin
1-30 31-40
Имя *:
Email: