Menu
Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ақша-несие саясаты.
1. Ақша жүйесі түсінігі мен типтері.
2. Несиенің мәні мен формалары.
3. Қазақстан Республикасының банктік жүйесі.
4. Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Мақсаты: Экономикалық саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері туралы білімді қалыптастыру. Сонымен қатар, ақша-несие, салық-бюджет сияқты экономикалық саясаттың негізгі тетіктерінигеру арқылы, оларды дұрыс қолданудың жолдарын көрсете білу.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Акция; Ақша массасы; Банк; Вексель; Инвестициялық банк; Ипотекалық банк; Коммерциялық банк;Құнды қағаз; Мультипликатор; Несие; Несиелік жүйе; Облигация; Эмиссия; Эмиссиялық банк

Дәріс мән-мәтіні
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады.
Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:
1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.
2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.
3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.
4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.
5. Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
6. Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.
Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
- металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.
- несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.
Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:
M • V = P • Q
мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;
V – ақшаның айналыс жылдамжығы;
Р – бағаның орташа деңгейі;
Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны.
Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.
Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:
1. Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.
2. М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп-шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.
3. М2= М1+мерзімді салымдар.
4. М3 = М2 + мемлекеттік облигациялары.
Ақша нарығындағы маңызды элементтерінің бірі несие. Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі:
1. Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.
2. Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.
3. Төлем приципі – несиені пайланғаны үшін ақы төлеу.
4. Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда кредитордың мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.
5. Несиенің дифферециалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.

Несие функциялары:
1. Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату.
2. Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді.
3. Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.
4. Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады.
5. Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады.
Несиенің түрлері

Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.
Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.
Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.
Несие жүйесінде негізгі рөл атқаратын банк. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицялар арқылы соларды орналастырады.
Банктердің функциялары:
1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.
2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.
3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)
Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:
- орталық эмиссиялық,
- коммерциялық депозиттік, инвестициялық,
- жинақ,
- арнайы бағытағы банктер.
Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:
- І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.
- ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.
Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады:
1. Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.
Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:
- мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға;
- Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;
- Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;
- Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;
- Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;
- ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;
- Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;
- Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету.
Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- Салымдар жинап, несие беру;
- Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;
- Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;
- Несие беруде делдалдық қызмет атқару;
- Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.
Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасуға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.
Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету.
Ақша-несие саясатының негізгі субъектісі – Орталық банк (Ұлттық Банк). Ол үкіметтік институт болмағанымен оның нұсқауларын орындайды. Алайда Ұлттық Банктің мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы рөлі мен маңызына көңіл аударатын болсақ, ол өз алдына дербес ұйым болып табылады. Сондықтан оның өздігінен шешім қабылдауға толық құқы бар.
Ұлттық банктің міндеттері екі бағытта атқарылады.
- Валюта жүиесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
- Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- өндіріс көлемін өсіру;
- толық жұмысбастылық;
- инфляцияны төмендету.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.
2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.
3. Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.
4. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.
5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері
Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесі реформалаудың ұзақ та қиын жолынан өтті. Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдарындағы қолайсыз макроэкономикалық жағдай (инфляцияның жоғары деңгейі, мемлекеттік бюджет тапшылығы, жоғары пайыз мөлшерлемесі, т.б.) тиімді ақша-несие саясатын құруға айтарлықтай кедергі жасады. Алайда уақыт өте келе бұл қиыншылықтарды жеңе отырып еліміздің қаржы жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізілді. Ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, «Қазір шетелдік мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанда ТМД елдерінің арасындағы ең үздік, бүгінгі заман талаптарына сай, жаңа банктік жүйе қалыптасты. Бұл реформалаудың маңызды жетістігі, өйткені рыноктық экономикаға өту кезеңінде Қазақстанның өзіндік дәстүрлі банктік мектебі болған жоқ».
Бүгінгі күні ақша-несие жүйесін одан әрі жетілдіру үрдісі жалғасуда және мемлекет алдында жаңа маңызды, ауқымы зор міндеттер тұр:
- Ақша-несие саясатының инфляциялық аргеттеу принципіне өту арқылы инфляция деңгейін төмен деңгейде (жылына 3-4 пайыз деңгейінде) ұстап тұру.
- Теңгенің шетел валютасына қатысты нақты бағамының өсуін тежеу арқылы әлемдік рынокта қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру.
- Нақты секторды несиелеуді өсіру және оның ресурстық базасын кеңейту арқылы банктік жүйе мен сақтандыру рыногының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
- Қаржы рыногына қатысушылардың бақылау қызметтерін Ұлттық Банкке жұмылдыру арқылы олардың мемлекеттік реттеудегі қызметін жетілдіру.
- Қазақстанның төлемдік жүйесін Еврокеңес стандарттарына жақындату арқылы ТМД елдері арасындағы жалпы төлемдік жүйені қалыптастыру. Мұнда Ұлттық банк электрондық ақшаларды енгізу мен дамытуды жоспарлайды.

Имя *:
Email: