Menu
Демография ұғымы туралы түсінік.
Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыс тану ғылымдары зерттейді. Осылардың ішінде демография ерекше орын алады. Демография гректің «demos» -халық, «gzafo»- жазу, сипаттау деген сөздерінен шыққан.

Халық кең мағынасында (немесе ел-жұрт) адамдардың жиынтығын білдіреді. Ол белгілі бір территорияда (немесе жер көлемінде) өмір сүреді, іс-әрекет, қызмет жасайды. Демография халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның жынысы, жасы, атқаратын қызметі, жұмысы, т.б. жақтары негізге алынады, (мысалы, некелесу, туу, миграция, өндіріске әсерін, т.б.) зерттейді. Әр қоғам халқының өзінің өсу, өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады. Ал, мұның өзі қоғамның нақтылы әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты. Халықтың санын, құрылымын және оның қозғалысын, дамуын, өзгеруін демография ғылымы, дәлірегі, оның ішінде демографиялық статистика зерттейді. Кейінгінің негізін ғылыми экономикалық теориялар, тұжырымдар құрайды.

Ғылыми саяси экономия теориясына сәйкес әрбір тарихи өндірістік тәсілдің өзіне тән халықтың өсіп-өну заңы болады. Халықтың жұмыссыздығы, оның материалдық жағдайының төмен болуы сол қоғамның экономикалық даму заңдарына тікелей байланысты. Осыған орай халықтың өсуі қоғамның материалдық жағдайының жүйесіне кіреді, бірақ, ол қоғамның негізгі қозғаушы күші бола алмайды. Сонымен,демография халықтың алуан түрлі ерекшелік сипаттамаларын зерттейді. Халықтың сан жағынан қанша, қаншаадам белгілі бір мамандықта, қанша адамның белгілі бір деңгей-дәрежеде білімі бар; екінші жағынан, демография адамдардың кейбір сапалық сипаттамаларын, мысалы, белгілі бір орындалып жатқан қызмет тұрғысынан халықтың қоғамдағы әлеуметтік жағдайын зерттейді. Демографиялық зерттеудің өлшемі-нақтылы адам. Оның өмір-тіршілігінде физиологиялық ерекшелікткрі, әсіресе, оның тұрғын орны, отбасы жағдайы, қызмет түрі, мамандығы, жұмыс орны, қоғамдық жағдайы, білімі, тілдерді білу, т.б. біртіндеп өзгеруі мүмкін. Жеке адамдардың сипаттамасын өзгертеді. Мысалы, неке үйленушілердің қатарын көбейтіп, бойдақтардың саны кемітеді. Жеке адамдардың мекен-тұрағын ауыстыруы – яғни миграция-халықтың құрамына,санына әсер ететін үлкен фактор. Халықтың саны, оның құрамы туу, өлу сияқты биологиялық заңдылықтарға сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Халықтың санын, құрылысын ғылыми ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор маңызы бар, кейбір ғалымдар демография мен демографиялық статистиканы ұқсас ұғымдар деп есептеп, бір-бірімен шатастырады. Бірақ, демография лық ұғымның мазмұны анағұрлым кең; оның өзіне міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсуі саласындағы байланысты, заңдылықтықты ашуы керек, бұл үшін қоғамдағы елеулі қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға тиіс. Демография халықты зерттейтін барлық ғылымдарды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.

Ал, демографиялық статистика (Халық статистикасы) – белгілі бір халықтың санын, құрамын, орналасуын және өзгеріс –қозғаласын немесе оның жекелеген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өңдеуге, баяндауға және талдауға статистикалық тәсіл қолданылатын статистика саласы. Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын, бір жерден екінші жерге қоныс аударуын зерттейді. Халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы жөнінде ең дәл және егжей-тегжейлі деректерді халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның таптық және жыныстық жасына қарай құрамы арнаулы есептеулер арқылы анықталады. Халықтың тууы, өлуі, некелесуі, ажырасуы жөніндегі деректер АХАЖ (ЗАГС) органындарында, ал, халықтың қоныс аударғандарын милиция органдарында тіркеудің нәтижесінде анықтайды, демографиядық статистика халық санағының принциптерін анықтап, оны әзірлеу мен жүргізуді ұйымдастырады, санақтың бағдарламасын жасап, қорытындысын шығарады, халықтың күнделікті есебін алуды ұйымдастырып, оның қорытындысын талдайды, халықтың саны мен құрамын зерттейді, балалар өлім- жітімінің, халық өсімінің көрсеткіштерін есептеудің, өмір ұзақтығы көрсеткіштерін есептеудің тәсілдерін жасайды. Халық тығыздығының көрсеткішін есептейді. Демографиялық статистиканың кейбір көрсеткіштерінің халық өсуінің келешегін зерттеуде маңызы зор.

08.05.2010 11:04 Социология Артем 3907 21863 4
Улан   23.11.2011 19:35
слайд кайда? не поняятнО!
durochka   20.10.2011 20:28
ne ochen'
аскар лаура   01.04.2011 12:52
рахмет!!! өте жақсы жазылған!!! tongue
adlet   17.11.2010 21:15
smile
Имя *:
Email: