Menu
Елді мекен- адам қоғамдасуының тұрақты ортасы ретінде.
Қай кезде болмасын, адам, қоғам өмірі белгілі бір уақыт пен кеңістікте ұйымдастырылады. Адамдардың әлеуметтік кеңістік түрінде ұйымдастырылуы жалпы қоғам құрылымының, ондағы әлеуметтік байланыстар мен процесттерді анықтаудың негізі болып саналады.

Адамдардың бірігіп, бір жерде, белгілі бір аймақта өмір сүруі, іс-әрекеті, жұмыс істеуі, т.б. осы территорияның (яғни, елді-мекеннің) табиғи –экономикалық ресурстарын жай-жағдайларын олық, терең пайдаланудағы тұрақты байланыс қатынастарын ерекшеліктірінің жиынтығын адамдардың әлеуметтік-территоиялық (елді-мекен) бірлігі деп атайды.

Әлеуметтік территориялық бірлік адамдардың құрылымының басты шарты. Екінші жағынан, бұл бірлік адамдардың кеңістік жағдайындағы өмірі мен шаруашылық ыңғайының әлеуметтік-экономикалық тілек-талабының, тарихы мен мәдениетінің қосылу тұтастығы мен ынтымақтастығын білдіреді. Географилық тұрғыдан алғанда, елді-мекен, яғни, территория, халықтың тұрғын үйлер салынған жерге шоғырлануы, тұрақтану ортасы. Адамдардың осындай шоғырланып құруы әлеуметтік-экономикалық, өндірістік күштердің даму дәрежсіне байланысты қалыптасады. Елді-мекен халықтың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінде бейнеленеді. Оның орналасуына және қалыптасуына табиғи орта әсерін тигізеді. Табиғаттың бір бөлігі ретінде “территория” ұғымының белгілі бюір кеңістік пен шектелуі мен байланысты географиялық ұғымға да жақындығы бар.

Әлеуметтану тұрғысынан қарағанда адамдардың әлеуметтк-территориялық бірлігі олардың басқа бірліктерінен ерекше айырмашылықтары бар. Олар:

1.Біршама дербес кеңістікте оқшаулануы;

2.Әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың (яғни ішкі байланыстардың сыртқы байланыстардан ықпал ету артықшылығы) бүтіндігі және іштей мазмұндылығы;

3.Ел-жұрттың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуде сол территорияның табиғи-ресурстық және әлуетті шаруашылығының жеткіліктілігі.

Сондықтан, территориялық әлеуметтік-экономикалық ұйымдастыру түрі оған бүтіндік, біршама дербестік әкеледі, оның әлеуметтендіру экономикаға жаңа қасиет,сипат береді.

Сонымен, әлеуметтік-территориялық ұғым белгілі бір елді-мекендегі, аймақтағы адма бірлігін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан бейнелеп сипаттайды, қоғамның іштей әлеуметтік құрылымын анықтайды. Адамдардың кеңістегі бірлігі алуан түрлі болады. Олар:

Қоныстану (орналасу) құрлымы жағынан қала, село, агломерация, т.с.с. деп бөлінеді;

Қоғамның териториялық-әкімшілік құрылымы жағынан облыс, өлке, т.б. деп бөлінеді;

Өндірістік-экономикалық құрылымы – экономикалық аудан, өндіріс, көлік тораптары, территориялық-өндіріс кешені, еркін экономикалық аймақ (аудандар, аймақтар), т.б. жатады.

Бұл бірліктер бір-бірімен тығыз байланыста болып, өзара ықпалдастықтың негізінде дамиды.

Қоғамдағы алуан түрлі территориялық бірліктер өз алдына кішігірім жүйе, сбъект ретінде қаралып зерттеледі. Олар өзара іс-әрекет нәтижесінде өмір –тіршіліктерін, хал-жағдайын, тұрмысын, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, мәдениетін, білім, ғылым, тқрмыс-салт ерекшелігін, т.б. онан әрі дамытып, жетілдіріп отырады. Сөйтіп олар осы территорияның басқарушы субъектісі болып саналады.

08.05.2010 11:15 Социология Артем 1406 4907 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход