Menu
Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.
Бұрыңғы Кеңес Одағы кезінде Ресей империясына тәуелді басқа елдер сияқты Қазақстан да езгінің астында болды. Адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы – Кеңес халқын құрамыз деген желеумен орындастыру саясаты жүзеге асырылды. Тарихымыз өрескел бұрмаланды. Мәдениетімізден, тілімізден айырылып қала жаздадық, ал, экономикамыз тек шикізат өндірілетін ауданға айналды. Бізден алынған өнімді КСРО шетелге бірнеше жоғары бағамен сататын. Мысалы, Ақтобе облысындағы тау-кен комбинаты КСРО-дағы хром кенінің 95% –нын құрайды. Комбинатқа оның әрбір тоннасы үшін 27 сом төлейтін. Ал, КСРО-ның сыртқы экономикалық байлансытар министрлігі оны 23 есе қымбат бағамен валютаға сататын. Балхаштың мысын 16 есе артық бағамен сататын. Алтын,ғ күміс, мұнай, темір, көмір, т.б. өз алдына өндіріліп, Орталыққа тегін жөнелтіліп жатты.

Мұндай жағдайлар басқа да “одақтас” Кеңестік республикаларда да орын алып келді. Әлбетте, осындай әділетсіздіктер халықтардың ұлттардың наразылығын туғызбай қойған жоқ. Қатаң әміршіндік- әкімшілік режимнің қаһарынан сескенгендіктен наразылықтарын ашық білдіре алмады. Дегенмен, бұған қарамастан кейбір республикалардың қалалырында ірі өндіріс ошақтарында тотолитарлық режимге қарсы бас көтерушілер орын алып отырды, олардың ішінде Қазақстандағы 1986-шы әлемде дүр сілкіндірілген әйгілі Желтоқсан оқиғасы Одақ көлемінде темір бұғауды бұзып- жарып шығуға талпынған алғашқы әрекет болғаны баршаға мәлім.

Қазақстан Республикасы егемендігін тәуелсіздігін алғаннан кейін жағдай көп өзгере бастады. Қазіргі нарықтық жағдайда Қазақстанда тұратын ұлттар, ұлыстар өмірдің, қоғамдық өндірістің қай саласындаболмасын толық билікке, теңдікке, еркіндікке, бостандыққа қолыжетті. Ұлттар арасында сенімділік, ынтымақтастық, келісушілік, түсінушілік күшейе түсті. Осылардың негізінде республикада ұлт пен ұлыстар арасында жанжалдар, дау-дамайлар жоқ. Олардың арасындағы алуан түрлі қатынастар қоғам бірлігін, тұтастығын күн сайын дамытып жетілдіруде. Кездейсоқ жағдаймен кейбір ұлтаралық мәселе туа қалса, оны біздің өкімет бейбіт түрде шешуіне күмән жоқ.

Өндіріс ошақтарда, ұжымдарда, фирмаларда, бірлестіктерде, акйионерлік қоғамдарда, корпорацияларда, шаруашылықтарда т.б. алуан түрлі ұлт өкілдері бір адамдай еңбек етеді. Мұның өзі республикада тұратын 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың онан әрі дамып, гүлденіп, әл-ауқатының, тұрмысының жақсара беруінің зор кепілі болып есептеледі.

08.05.2010 11:11 Социология Артем 1702 7474 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход