Menu
Тест «Синонимдер» тақырыбына.
Синонимдерді анықтаңыз.
А) Жаман – нашар.
В) Үлкен – кіші.
С) Қайрат – мұрат.
D) Биік – аласа.
Е) Ерте - кеш
Дұрыс жауап:А

«Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз.
А) Жаман.
В) Үлкен.
С) Сұлу.
D) Ерте.
Е) Кеш.
Дұрыс жауап:С

Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.
А) Мағыналары жақын сөздер.
В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
С) Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер.
D) Заттың атын білдіретін сөздер.
Е) Заттың сынын білдіретін сөздер.
Дұрыс жауап:А

«Сұлу», «көркем», «әдемі» сөздер екенін анықтаңыз.
А) Антоним сөздер.
В) Омоним сөздер.
С) Синоним сөздер.
D) Қыстырма сөздер.
Е) Қаратпа сөздер.
Дұрыс жауап:С

Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Мұғалім – ұстаз.
В) Биік – аласа.
С) Ерте - кеш.
D) Жарық - қараңғы.
Е) Терезе - есік.
Дұрыс жауап:А

Мағыналары жақын сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз.
А) Антоним.
В) Омоним.
С) Зат есім.
D) Синоним.
Е) Етістік.
Дұрыс жауап:D

«Красивый» сөзінің қазақша аудармасын анықтаңыз.
А) Кіші, аласа.
В) Ерте, кеш.
С) Жаман, нашар.
D) Мұғалім, ұстаз.
Е) Сұлу, әдемі.
Дұрыс жауап:Е

«Ақылшы», «кеңесші» синонимдерінің орысша аудармасын анықтаңыз.
А) Советник.
В) Умный.
С) Красивый.
D) Здоровый.
Е) Серезный.
Дұрыс жауап:А

«Шәкірт» сөзінің синонимін анықтаңыз.
А) Ұстаз.
В) Оқушы.
С) Мұғалім.
D) Кенші.
Е) Жүргізуші.
Дұрыс жауап:В

«Мұғалім» сөзінің синонимін анықтаңыз.
А) Сұлу.
В) Тамаша.
С) Көркем.
D) Оқушы.
Е) Ұстаз.
Дұрыс жауап:Е

Синоним бола алатын сөзі бар қатарды анықтаңыз.
А) Жаман, жақсы.
В) Үлкен, кіші.
С) Шәкірт, оқушы.
D) Ерте, кеш.
Е) Бүгін, ертең.
Дұрыс жауап:С

«Қайратты» сөзіне синоним бола алатын қатарды белгілеңіз.
А) Күшті, батыл.
В) Өнерлі, өнерпаз.
С) Сыпайы, мейірімді.
D) Келбетті, сымбатты.
Е) Жаман, нашар.
Дұрыс жауап:А

Синоним сөздерді анықтаңыз.
А) Зат, нәрсе, бұйым.
В) Сынып, мектеп, оқушы.
С) Қала, көше, даңғыл.
D) Астында, алдында, қасында.
Е) Жүреді, жүгіреді, келеді.
Дұрыс жауап: А

Берілген сөздің синонимін көрсетіңіз
«Уақыт».
А) Түс.
В) Ерте.
С) Мезгіл.
D) Кеше.
Е) Бүгін.
Дұрыс жауап: С

Синоним сөздерді анықтаңыз.
А) Биік, үлкен.
В) Тәуір, жақсы.
С) Кеше, бүгін.
D) Ұзын, алыс.
Е) Газет, журнал.
Дұрыс жауап: В

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход