Menu
Қаратпа сөз.
Сөйлемдерден қаратпа сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын анықтаңыз.
A) Алмас, екеуіміз баққа барайық.
B) Алмас екеуіміз баққа барайық.
C) Алмас екеуіміз, баққа барайық.
D) Алмас екеуіміз баққа, барайық.
E) Алмас екеуіміз! баққа барайық.
Дұрыс жауап: А

Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Арман, сен ауылға барасың ба?
А) Сен.
В) Арман.
С) Барасың ба.
D) Ауылға.
Е) Сен барасың ба.
Дұрыс жауап: В

Қаратпа сөздің анықтамасын көрсетіңіз.
А) Аяқталмаған ойды білдіреді.
В) Заттың атын білдіреді.
С) Біреудің назарын өзіне қарату мақсатында айтылатын сөздер.
D) Айтушының көңіл-күйін, әртүрлі эмоциясын білдіретін сөздер.
Е) Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының түрлі көзқарасын білдіретін сөздер.
Дұрыс жауап: С

Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Оля, сен ауылда демаласың ба?
А) Оля.
В) Сен.
С) Демаласың.
D) Ба.
Е) Ауылда.
Дұрыс жауап: А

Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді сөйлемді анықтаңыз.
А) Балам-ай теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
В) Балам-ай, теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
С) Балам-ай, теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
D) Балам-ай теледидардың алдында ұйықтап, қалыпсың ғой.
Е) Балам-ай теледидардың, алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
Дұрыс жауап: В

Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Апа, қазір кино басталады, теледидарды қосайыншы.
А) Қазір.
В) Басталады.
С) Теледидарды.
D) Қосайыншы.
Е) Апа.
Дұрыс жауап: Е

Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Балалар, музыканың дауысын жай қойыңдар.
А) Музыканың.
В) Дауысын.
С) Қойыңдар.
D) Балалар.
Е) Жай.
Дұрыс жауап: D

Орыс тіліндегі баламасын табыңыз.
Қаратпа сөз.
А) Прямая речь.
В) Диалог.
С) Слова автора.
D) Обращение.
Е) Прилагательное.
Дұрыс жауап: D

Қаратпа сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
А) Алмас, екеуіміз баққа барайық.
В) Ауылдың табиғаты қандай тамаша!
С) Сен өзенге барасың ба?
D) Бүгін тауға шығамыз ба?
Е) Орманға жидек теруге барамыз.
Дұрыс жауап: А

Қаратпа сөздер қандай сөздер тобына жататынын белгілеңіз.
А) Қыстырма сөздер тобына жатады.
В) Одағайлар тобына жатады.
С) Біріккен сөздерге жатады.
D) Қысқарған сөздерге жатады.
Е) Оқшау сөздер тобына жатады.
Дұрыс жауап: Е

Сөздің орысша баламасын белгілеңіз.
Қаратпа сөз.
А) Диалог.
В) Прямая речь.
С) Глагол.
D) Обращение.
Е) Слова автора.
Дұрыс жауап: D
Қаратпа сөз бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Балалар музыка тыңдап отыр.
B) Балалар, музыканың дауысын жай қойыңдар.
C) Балалардың ойнаған музыкасы тамаша.
D) Балалар музыка тыңдауды жақсы көреді.
E) Балаларды музыкамен тәрбиелеу керек.
Дұрыс жауап: В

«Қаратпа сөз» - орыс тіліндегі баламасын анықтаңыз.
A) Обращение.
B) Междометие.
C) Вводные слова.
D) Вводные предложения.
E) Обособленные слова.
Дұрыс жауап: А

Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнын анықтаңыз.
A) Сөйлемнің тек басында тұрады.
B) Сөйлемнің тек соңында тұрады.
C) Сөйлемнің басында, ортасында және соңында тұрады.
D) Сөйлемнің тек ортасында тұрады.
E) Жеке сөйлем болып тұрады.
Дұрыс жауап: С

Сөйлемнің басындағы қаратпа сөзді анықтаңыз.
A) Оқушылар қысқы каникулда шетелге барды.
B) Оқушылар кітаптарыңды ұқыпты ұстаңдар!
C) Көріскенше қош болыңдар бауырлар.
D) Қай жылы ата тудыңыз?
E) Ертең балалар театрға барамыз.
Дұрыс жауап: В

Сөйлемнің ортасындағы қаратпа сөзді анықтаңыз.
A) Біріншіден теледидар балалар денсаулығына зиян келтіреді.
B) Балалар үлкендерді сыйлаңдар.
C) Келіңдер қыздар көмектесіңдер.
D) Асқар қалаға қашан келдің?
E) Балалар ертең театрға барамыз.
Дұрыс жауап: С

Сөйлемнің соңындағы қаратпа сөзді анықтаңыз.
A) Сен теледидарды көп қарайсың ба?
B) Бауырларым келдіңдер ме?!
C) Көріскенше қош болыңдар бауырлар.
D) Қай жылы ата тудыңыз?
E) Ертең балалар театрға барамыз.
Дұрыс жауап: С

Қаратпа сөздің сөйледегі қызметін анықтаңыз.
A) Қаратпа сөз сөйлем мүшесі болмайды.
B) Қаратпа сөз бастауыш болады.
C) Қаратпа сөз баяндауыш болады.
D) Қаратпа сөз толықтауыш болады.
E) Қаратпа сөз анықтауыш болады.
Дұрыс жауап: А
Қаратпа сөз бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Әрине, оның айтқаны дұрыс.
B) Жарайсыңдар, жігіттер.
C) Шіркін, ақын болсаң осындай бол.
D) Сізде, рас, жұмысым бар еді.
E) Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой!
Дұрыс жауап: B

Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.
Асан, сенің бүгін кешке қолың бос па?
A) Қаратпа.
B) Қыстырма.
C) Одағай.
D) Еліктеу.
E) Бірыңғай мүше.
Дұрыс жауап: A

Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздерді көрсетіңіз.
A) Одағай сөздер.
B) Жалпылауыш сөз.
C) Қыстырма сөздер.
D) Айтқындауыш.
E) Қаратпа сөздер.
Дұрыс жауап: E

Қаратпа сөз бар сөйлемде қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз.
A) Нүкте.
B) Сұрау белгісі.
C) Сызықша.
D) Үтір.
E) Тырнақша.
Дұрыс жауап: D

Сөйлем басында келген қаратпа сөзді табыңыз.
A) Ұялма, балам, жоғары шық...
B) Жігіттер, ертең жиналыс болады.
C) Ендігі кезек сенде, қарағым.
D) Мерекелерің құтты болсын, қыздар.
E) Мынау қай ауыл, қалқам?
Дұрыс жауап: B

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход