Menu
Тұрлаулы мүшелер.
Дара бастауыш неше сөзден тұратынын анықтаңыз.
А) Екі сөзден
В) Бес сөзден
С) Бір сөзден
D) Үш сөзден
Е) Төрт сөзден
Дұрыс жауап: С

Күрделі баяндауышты табыңыз.
Сен бүгін кітапханаға барып кел.
А) Сен.
В) Бүгін.
С) Кітапханаға.
D) Кел.
Е) Барып кел.
Дұрыс жауап: Е
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын сөйлемді анықтаңыз.
A) Кітап алды.
B) Жақсы ісімен жақсы.
C) Семей полигоны жабылды.
D) Адамға зор денсаулық керек.
E) Бұл үлкен жетістікке жеткізеді.
Дұрыс жауап: В

Сөйлем мүшелерінің саны қанша екенін анықтаңыз.
A) 6.
B) 4.
C) 5.
D) 2.
E) 3.
Дұрыс жауап: С

Заттың меншіктілігін, ретін, түрін, түсін, сапасын білдіретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
A) Бастауыш.
B) Бастауыш.
C) Толықтауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Анықтауыш.
Дұрыс жауап: Е

Не? сұрағына жауап беретін сөзді көрсетіңіз.
A) Каз.
B) Баланың.
C) Әке-шешесіне.
D) Үйді.
E) Қаладан.
Дұрыс жауап: A

Асты сызылған сөздің сұрағын анықтаңыз.
Ақшалар – өз елінің тарихынан, мәдениетінен хабар береді.
A) Несі?
B) Қашан?
C) Несінен?
D) Кімге?
E) Не істеді?
Дұрыс жауап: C

Жасалған іс-әрекетті, қимылды, білдіретін сөзді көрсетіңіз.
A) Ашық.
B) Әдемі.
C) Жазып отыр.
D) Көшеде.
E) Менде.
Дұрыс жауап: C

Асты сызылған сөздің сұрағын анықтаңыз.
Біз отаншыл болуымыз керек.
A) Қашан?
B) Кім?
C) Кімде?
D) Қандай?
E) Қай?
Дұрыс жауап: D

Дұрыс құрастырылған сөйлемді анықтаңыз.
A) Мен келдім кеше таңертең Астанадан.
B) Келдім кеше таңертең Астанадан мен.
C) Астанадан келдім таңертең мен кеше.
D) Кеше Астанадан келдім таңертең кеше.
E) Мен кеше таңертең Астанадан келдім.
Дұрыс жауап: E

Сөйлемді аяқтайтын баяндауышты белгілеңіз.
Адамның бәрі ең жоғары мұратқа ....
A) Дайында.
B) Ұмтылады.
C) Байланысты.
D) Жету.
E) Көреміз.
Дұрыс жауап: B

Күрделі бастауышты көрсетіңіз.
A) Астана қаласы – Қазақстанның бас қаласы.
B) Жаңбыр құйып кетті.
C) Өтеген он төрт жаста.
D) Оқушылар мектептен қайтты.
E) Күн жылынды.
Дұрыс жауап: A

Дара бастауышы бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Үй іші ұзақ жым-жырт болды.
B) Менің айтып отырғаным – ақыл.
C) Астанада жаңа елшілік ашылды.
D) Қазақ халқы табиғатынан шешен халық.
E) Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығында орналасқан.
Дұрыс жауап: C

Дара баяндауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Машина баяу жүріп келе жатыр.
B) Ол барлық сыныпты тазалады.
C) Ол сурет өнерін жақсы көретін адам еді.
D) Келе жатқан үшеу екен.
E) Біздің сыныптағы оқу озаттары он бір.
Дұрыс жауап: B

Имя *:
Email: