Menu
Тораптардағы мәлімметерді қағазға жіберу.
Кез-келген қызмет бабында мәтіндік құжаттарды қағазға жиі басуға тура келеді. “ Қағазсыз” технологияның күнбе-күн іске асып жатқанына қарамастан, қағазға басылып жатқан мәліметтер көбеймесе, әзірге азайған жоқ. Егер мекемеңіздің абыройын биік ұстағыңыз келсе, сыртқа шығатын құжаттар сааплы лазерлік принтерде басылуы шарт. Тек ішкі қарапайым құжаттар үшін бірнеше жүз доллар тұратын арзан принтерді пайдалануға болады. Ал кей кезде түрлі түсті принтер де қажет болып қалады. Егер де баспагерлік қызметпен айналыспақ болсаңыз, онда қуатты, әрі қымбат лазерлік принтер алу керек, оның құны мың долларға жетіп артылады.

Бір принтерді бірнеше компьютерге бірден жалғау

Әрине, әрбір компьютерге қосылатын қымбат лазерлік принтерлер ала беру қажет те емес шығар. Мұндай мүмкіндік кез келген фирмада бола бермейді де, сондықтан бір мекемеде әдетте бір, әрі кеткенде екі принтер ғана болады.Ал, бір принтерді бірнеше компьютерге бірден қалай жалғауға болар екен?
Мұның тәсілі бар. Біріншіден,көп мүмкіндікті ауыстырып қосқыш тетік сатып алуға болады, ол бір жағынан принтерге, екінші жағынан бірнеше компьютерге бірдей жалғанады. Ал, егер компьютерлер бірнеше бөлмелерде немесе бір мекеменің бірнеше қабаттарында орналасса, қымбат тұратын бір принтерді ортақтаса пайдалануда компьютерлік желінің артықшылығы айтпаса да түсінікті шығар. Бірнеше принтер сатып алудың орнына бір ақ принтер алып, оны желі арқылы керек кезінде кез келген компьютерге ауыстырып қосқыш тетік арқылы жалғап, жұмыс өнімділігін төмендетпей пайдалану ыңғалырақ емес пе?! Лазерлік принтердің санын азайтудағы қаржының үнемделуін әркім өзі-ақ есептеп алады.

Жергілікті желідегі принтерді пайдалану

Мәліметтер базасы

Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе бірнеше файлында орналасады. Мұндай мәліметтермен бір адам жұмыс істей береді. Ал егер мәліметтер базасы үлкен компания үшін құрылған болса ше? Ондайда бұл мәліметтерді бір мезетте екі- үш адам пайдалануына тура келеді. Ал, ол компаниялардың филиалдары әр жерде және бір-бірінен қашық орналасса ше? Мұндай да мәліметтер базасын қажет еткендер уақтылы қалай пайдалана алады? Әрине мәліметтерді курьерлер арқылы жеткізіп отыруға болатын шығар, оны көзіңізге елестетіп көріңізші, оңай жұмыс деп айта қоймаспыз.
Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп мәліметтер базасын серверге орналастыру керек. Желінің жұмыс станциялары зерделі терминал рөлін атқарып, Қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден сұрап, оның дискісінен алып отырады. Мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверге сұраныс түскен соң, керекті жұмыс мәліметтер станцияларына жіберіліп отырады. Мұндайда база орналасқан сервер құрамында дисплей мен пернелік тақта болғанымен, олар әдеттегідей жұмыс тәртібінде пайдаланылмайды. Серверлік компьютер әр жерде орналасқан компьютермен (яғни мәліметті пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады.


Жұмыс станциялары

Терминал (енгізу-шығару құрылғысы) рөлінде дербес компьютер тұрғандықтар сервер қорларын көптеген жұмыстардан босатып, мәліметтерді қосымша өңдеуді терминалдарда орындауға мүмкіндік бар. Бұлай мәлімет өңдеу тәсілі терминалдар саны көбейген сайын бүкіл жүйенің жұмыс өнімділігін арттыруға үлкен себебін тигізеді.
Егер жұмыс станциясының операциялық жүйесі ретінде Windows пайдаланылса, кез келген адам мәліметтер базасынан сұрайтын мәліметін Windows мәтінді форматында немесе Excel электрондық кестесі форматында көрсете алады. Алынған мәліметтік құжаттарды форматтап алған соң, лазерлік принтерде әдейілеп қағазға басып алуға болады. Мұның бәрін тек экран мен пернеліктен тұратын жеке пайдаланылатын компьютерде іске асыру мүмкін емес.
Сонымен, дербес компьютерлер желісі әрбір қызмет кеңсесінде бүкіл ұжым пайдаланатын мәліметтер базасын ұйымдастыра алады. Егер компьютерлер бір бірімен байланыспаған болса, онда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алмаймыз.
Магниттік дескілердің жылдан жылға арзандауына қарамастан оның көлемі
ешқашан да толық жеткілікті деп айтуға болмайды. Егер бірнеше қызметкерге көлемді бір файлдағы мәліметтер қажет болып қалса, ол файлды желімен жұмыс істеу барысында барлық компьютерге көшіру қажет емес. Жергілікті желіге қосылған компьютерлер ішінен олардың бірін (немесе бір-екеуін) файл-сервер үшін пайдалануға болады, әдетте ондай компьютердің дискісінің көлемі үлкен болуы тиіс (жүздеген Мб, тіпті ондаған Гб-қа да жетуі мүмкін). Мұндай дискіні кез келген жұмыс станциясындағы компьютер дискісіндей пайдалана береді.
Егер көпшілікке керекті мәліметтер файл-сервер дискісіне жазылса, онда желідегі барлық жұмыс станциялары сол мәліметтермен жұмыс атқара алады. Осындай тәсілмен файл- сервер дискісін пайдалану әрбір адамға қосымша қосымша тағы бір-екі диск сатып алған сияқты болады, мұндайда мәліметтердің сыртқы компьютерден алынғанын адам байқамайды да.
Файл – сервердің сырқы жады ретінде компакт дискіні оқитын құрылғыны немесе мәліметтерді қайта жаза алатын магниттік – оптикалық дискілерді пайдалануға да болады. Компакт – дискіден мәліметтер алу құрылғысы арзан тұрады, сол себепті қазіргі кезде ол әрбір жұмыс станцияларында бар. Бірақ мұны да тек файл- серверге ғана орналастырып, әрбір станция біраз қаржы үнемдей алады. Ал, магниттік оптикалық дискі немесе жоғары көлемді (бірнеше Гб) қатты дискілер біршама қымбат тұрады, сондықтан оларды файл серверге орналастырған ыңғайлы екені белгілі шығар. Сонымен көлемді мәліметтер көпшілікке керек болғанда, оны ортақтаса пайдаланудың ең тиімді түрі – компьютерлерді жергілікті желімен байланыстыру. Компьютерлер желіге қосылмаған болса, онда мәліметтерді бұрынғыша дискеттер арқылы көшіруге тура келеді.
Екі компьютерді бір-бірімен байланыстырудың тағы бір тәсілі-мәліметтерді тізбекті түрде жеткізу порты арқылы оларды кабельмен біріктіру. Бірақ мұндай байланыс өте жәй жұмыс істейді және оның басқа да кемшіліктері бар.
Енді сізге өз дискіңізден басқа компьютер дискісіне 100 Мб мәліметтер көшіру қажет болсын делік. Бұл үшін қанша дискет және қанша уақыт керек болады десеңізші?! Ал, компьютерлер желісі бар болса, онда мұндай мәліметтер файл-сервер дискісіне бір рет көшіріледі де, әрі қарай әркім сол дискіден мәліметтерді керек кезінде ала береді немесе керектілерін сол файл-серверден желі арқылы өз дискісіне оңай көшіріп алуына болады.
Жергілікті желі мәтіндік мәліметтерді жұмыс станциялары арасында жылдам тарта алады. Ол үшін тізімнен керек адамды тауып, мәтінді пернелерде теріп, сұқбат терезесіндегі Ок пернесін басу жеткілікті. Егер сол станция іске қосылып тұрса, жіберілген мітін экранға бірден шығып, оған қоса мәліметтер келгендігін білдіретін дыбыс та естіледі.
Мұнан гөрі ыңғайлылау тәсілге электрондық почтаны пайдалану жатады. Оның жұмысы кәдімгі почта қызметі сияқты: хатты жазып, конвертке салып, адресін толтырып, оны почта жәшігіне салу керек. Одан арғысы почта қызметкерлеріне байланысты. Электрондық почта да осыған ұқсас – хат мәтінін теріп, оны файлға жазасыз. Одан кейін арнаулы почта программасын іске қосып, оған хат адресі мен файлдың атын енгізесіз. Программа желі арқылы хатыңызды барар жеріне дереу жеткізеді (әрине, онда айрықша «электрондық адрес» болуы тиіс, онда жергілікті желідегі тәрізді компьютер аты немесе компьютер иесінің иденфикаторы көрсетіледі).
Желідегі бір компьютер почталық сервер рөлін атқарады. Ол хаттарды қабылдап, оларды адресаттар «почта жәшігіне» салады немесе әркімнің сұрауы бойынша келген хат беріледі және де қабылдап алынған почта басқа желілерге жөнелтіледі. Техникалық бүге-шігесін айтпай-ақ, мұндай электрондық байланыстың әрбір хат иесіне оған тиеслі почтаны, ол кезекті демалыста жүрсе де, жеткізе алатынын айтқан жөн. Ол демелыстан жұмысқа шығып, компьютерін іске қосқанда, өзіне хат келіп күтіп жатқаны жөнінде бірден хабардар болады. Әртүрлі компьютерлер мен жергілікті желілерді телефон арқылы байланыстыра отырып, электрондық почтаны жер шарының кез келген нүктесіне жіберуге болады.
Бұған қоса әрбір компьютер ортақтастырылған факс-модемі өзінікі тәрізді пайдалана алады, бірақ мұндай кезде желіге қосылған барлық станциялар факстарын бір-ақ телефон каналы арқылы жіберіп отырады. Факс-модем қымбат тұрғанымен желілік байланыс телефон каналын үнемді пайдалануды қамтамасыз ететін ерекше аспап екеніне көз жеткізесіз.
Жергілікті желілерді пайдаланудың жаңа түрі – бейнелік конференция өткізу жаңадан ғана пайда болып кеңінен таралуда. Өз бейнелерін көрсете отырып, конференцияға қатысу үшін әрбір компьютер иесі бейнекамера және дыбыстық адаптермен жабдықталуы тиіс. Арнаулы программалар адам бейнесі мен дыбысты жұмыс станциялары арасында оңай таратады. Компьютерлік бейне конференциялар арқылы алыста отырып-ақ, мәжіліске қатысу мүмкіндігін аласыз, дегенмен әзірше бұл арзанға түсе қоймайды.

09.04.2010 15:51 Информатика Артем 1690 3392 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход