Menu
Қос сөздер
Түбір сөздердің қосарланып айтылуынан жасалған күрделі сөздің түрі —қос сөз деп аталады. Қос сөздердің тілімізде алатын орны aca үлкен. Олар, негізінен, екі сөзді бірге қосақтау, бір сөзді қайталау арқылы, я оның бір буынын қабаттастыру арқылы жасалады.
Қос сөздердің мағыналық ерекшеліктері мынадай топтарға белінеді:
1. Кейбір қос сөздер дара мағыналы сездерден құралып, жинақтық я жалпылық мағынаны білдіреді. Мысалы: аяқ-табақ, ыдыс-аяқ, бала-шаға, қыз-келіншек, кемпір-шал, т.б.
2. Кейбір қос сөздер белгілі бір ұтымды дәл атамай, екіұшты етіп болжау мағынасын береді. Мысалы: бүгін-ертең, кешелі-бүгінді, жеті-сегіз, қырық-отыз, алпыс-жетпіс т.б.
3. Кейбір қос сөздер белгілі амалдың бір рет емес, әлденеше рет қайталанғанын білдіреді. Мысалы, сөйлей-сөйлей, жүре-жүре, бара-бара, айтып-айтып т.б.
4. Кейбір қос сөздер екі субектінің арасындағы әрекеттің немесе қарым-қатынастың тікелей болатынын білдіреді. Мысалы: көзбе-көз, жүзбе-жүз, қарама-қарсы, қолма-қол, т.б.
5. Біралуан қос сөздер, бір жағынан, аталатын затты кемсіну, қомсыну мағынасын білдірсе, екінші жағынан, тағы сол тәрізді бірдеме деген сияқты белгісіздікті қоса қамтиды. Мысалы: сүт-мүт ішіп алайық дегенде, ішетін тамақ нағыз сүттің өзі емес, сол тәрізді бірдеме деген белгісіз нәрсені айтумен қатар, сол затты кемітіп, қомсынып айтқандықты білдіреді. Мысалы: ат-мат, ешкі-мешкі, кісі-місі, т.б.
6. Қос сөздер заттың түсін, көлемін я болмаса сапасын күшейту үшін де қолданылады. Мысалы: қып-қызыл, сап-сары, күп-күрең, үлкен-үлкен т.б.
15.07.2010 11:43 Казахский язык Артем 3542 30639 2
казах   17.05.2017 21:12
cry angry angry cry angry angry [color=yellow]. Блть это гениально и нихуя непонятна
мико   15.05.2011 14:21
почему нет, как они делятся, они же делятся қосарлама және кайталама sad
Ответ: пишите на форум свою проблему ярче а не тупо!!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход