Menu
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен гармматикалық байланыста қолданылады. Кез-келген қатар тұрған сөздер бір-бірімен байланыса бермейді. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі бір заңдылығы бар. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер жалғау арқылы, шылау арқылы, сөздердің орын тәртібі арқылы, интонация арқылы байланысады.

1) Сөздер септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқылы бір-бірімен байланысқа түседі. Осы жалғаулардың қатысуымен сөздің өзара байланысынан белгілі синтаксистік қатынас, грамматикалық мағына беріп отырады.
Мысалы: Мен өз Отан+ым+ды сүйе+мін. Мұндағы (-ым) тәуелдік жалғауы, (-ды) табыс септігінің жалғауы, (-мін) жіктік жалғауы.

2) Сөздер ретіне қарай шылаулар арқылы байланысады.
Мысалы: Қазақ елі бейбітшілік үшін ынтымағын нығайтады. Мұнда көмекші рөл атқарып тұрған үшін шылауы, ол мақсаттың мағынасын тудырып тұр.

3) Сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады.
Мысалы: Тас жолды ағаш күрекпен күредік деген сөйлемде тас пен жол, ағаш пен күрек сөзі қатар түруы арқылы анықтауыштың қатынаста орын тәртібі арқылы байланысқанын көрсетеді. Ал егер осы сөздердің орнын өзгертіп жіберсек, мүлде басқа мағына немесе мағынасыз сөйлем туады (тас күрек, ағаш жол). Бұл сөздер бір-бірімен тиянақты орын тәртібі арқылы байланысқа түседі.

4) Интонация арқылы байланысу. Мұнда екі сөздегі орын тәртібі тиянақты болуымен бірге, екеуінің арасында айтылуда дауыс ырғағы сақталып, екінші сөз сәл көтеріңкі естіледі, ал жазуда ол сөздер сызықшамен ажыратылады.
Мысалы: Ол – бухгалтер.

Қазақ тіліндегі сөздердің өзара байланысу түрлерінің бес түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.

1) Бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы арқылы бір жақта және 1-2 жақьарда жекеше, көпше түрде байланысуын қиысу дейміз. Ілияс дүкеннен жүгіріп шықты деген сөйлемде Ілияс пен шықты, бастауыш пен баяндауыш ІІІ жақта қиысып тұр.
2) Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысу түрін матасу деп атайды. Менің әкем Бауыржанның батырлығын, қамқорлығын айтып отырушы еді. Осындағы менің әкем , Бауыржанның батырлығы, Бауыржанның қамқорлығы тіркестері матасып тұр.
3) Бағыныңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардағы сөздің атау мен іліктен басқа септік жалғауларының біреуі жалғану не шылауы арқылы байланысу түрін меңгеру деп атайды.
Игілік Қызылжардан бұл жолы да ренжіп қайтып еді. Сөйлемдегі Қызылжардан қайтып еді меңгеріле байланысып тұр.
4) Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды.
Отаным десем ойыма
Айдын шалқар көл түсер...
Осындағы айдын, шалқар көл дегендер берік орын тәртібі арқылы байланысқан, олардың орнын ауыстырсақ, байланыс бұзылады.
5) Басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардың орын таңдамай, жақын да, қашық та тұруы арқылы байланысу түрін жанасу деп атайды.
Биыл ол мектепті бітіреді. Бұл сөйлемдегі биыл (бағыныңқы) сөзі бітіреді (басыңқы) сөзімен арасына сөз салып та, ол мектепті биыл бітіреді болып қатар тұрып та байланысады.

15.07.2010 12:25 Казахский язык Артем 4275 103497 12
катя   17.01.2016 16:06
Создердiн жалгау аркылы байланысуын табыныз
А)шоиын казан
Б)откир пышак
С)каладан Келли
Д)жазык дала
Е)он шакты кой
Жауабы не болады ?комектесинизши
dimasik   06.06.2015 22:42
и где но
dimasik   06.06.2015 22:41
сөздердің байланысу түрлері.
гаухар   19.11.2012 21:54
ооо спасибо! то что надо)
алтынай   10.04.2012 12:14
уау классно!спасибо то что надо
Дмаш   27.02.2012 20:25
огромное спасибо !!! нашёл то что искал !!!
Кантуреева Сымбат   21.11.2011 01:46
урра нашла то что искала!!!!тестент рулит
Makpalito   08.07.2011 18:37
Rakhmet!
DJ AZZA   05.06.2011 02:14
Да Турар правильно
Kira   22.04.2011 21:22
ok это я и искала=)спасибо,рахмет,thanks!!!!!!!
Расиля   23.12.2010 12:13
То что надо!!! happy
Карим   22.09.2010 17:16
спасибо!! рахмет!!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход