Menu
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, есептер шығару.
тәрбиелік: экономикалық сауаттылыққа, үнемшілдікке, жинақылыққа, жаңа қоғамға сәйкес тәрбиелеу
дамытушылық: шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға, өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма
Сабақтың көрнекілігі: топтарға берілетін тапсырмалар, жетондар
Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді І топ «Халықтық Банк»
ІІ топ «Альянс Банк»
ІІІ топ «АТФ Банк»
Әр топтың бастапқы капиталы 5000 теңге.
ІІ. «Біліміңді сынап көр»-акциялар сату, құны – 1000 теңге
(Өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары)
1.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу анықтамасы
2.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі
3.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің 1 қасиеті
4.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудегі а,в,с нені білдіреді
5.ах+ву=с теңдеуіндегі х пен у қалай аталады
6.Мына мәндер жұбының қайсысы 2х+у=8 теңдеуінің шешімі болады (2;4),(3;-2),(-1;-6)
ІІІ. «Білімді мыңды жығады» - тұтынушылар тарту
Деңгейлік тапсырма
1. «Халықтық Банк»
1000 теңге: х+у=5 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы өрнектеп, теңдеудің кез-келген шешімін тап.
3000 теңге: Сәкеннің 50 теңгелік және 100 теңгелік монеталардан 400 теңге ақшасы бар. Сәкеннің неше 50 теңгелік, неше 100 теңгелік монетасы бар?
5000 теңге: ах+3у=6 теңдеуінен х=-3; у=4 болғандағы а ның мәнін табыңдар

2. «Альянс Банк»
1000 теңге: х-у=10 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы өрнектеп,
теңдеудің кез-келген шешімін табыңдар.
3000 теңге: 7-ге еселік және 13-ке еселік екі санның қосындысы 61-
ге тең. 7-ге еселік санды табыңдар
5000 теңге: ах-2у=11 теңдеуінен х=3; у=-1 болғандағы а ның мәнін
табыңдар

3. «АТФ Банк»
1000 теңге: х+у=-20 теңдеуінен у айнымалысын х арқылы
өрнектеп теңдеудің кез-келген шешімін табыңдар
3000 теңге: Жанар 7 теңгеден қарындаш, 10 теңгеден дәптер сатып
алып барлығы 111теңге ақша төледі. Жанар неше қарындаш, неше дәптер
сатып алды.
5000 теңге: 3х-ву=7 теңдеуінен х=3; у=2 болғандағы в ның мәнін
табыңдар.
ІV. «Өнерді үйрен де жирен»
Әрбір банк мүшесіміз
Игі істе біз біргеміз - тәжірибе алмасу, топтық жұмыс
«Қарлы кесек» ойынының 2 нұсқасы (есептің жауабы бойынша өз жұмыстарын тексеріп, бір-біріне түсіндіреді)
І нұсқа тапсырмалары.
1. 7х+2у=14 теңдеуінің шешімі (1; 3) сандар жұбы бола ма?
2. Сызықтық теңдеулерді көрсет:
А) 2х+5=у
Ә) х+3=
Б) 2+х+у=0
3. Сызықтық теңдеудегі а,в,с сандары коэффициент деп аталады.
4. у-ті х арқылы өрнекте 3х+2у=5
5. 8х-2у=16 теңдеуіндегі х=1 болса, у неге тең болады?
ІІ нұсқа тапсырмалары.
1. 2х+7у=20 теңдеуінің шешімі (3; 2) сандар жұбы бола ма?
2. Сызықтық теңдеулерді көрсет
А) х+у =
Ә) 2х+ = 5
Б) 3х = 5-у
3. Сызықтық теңдеудегі х-абсцисса , у- ордината деп аталады.
4. у-ті х арқылы өрнекте 2,5х+у = 4
5. 3х+5у = 25 теңдеуіндегі у = 2 болса, х неге тең болады?
ІІІ нұсқа тапсырмалары.
1) 5х+4у = 15 теңдеуінің шешімі (3; 0) сандар жұбы бола ма?
2) Сызықтық теңдеулерді көрсет
А) 5х+у = 3
Ә) 2ху+3у = 18
Б) 5х= 6-28у
3) Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге кез-келген санға көбейтуге және
бөлуге болады.
4) у-ті х арқылы өрнекте 5х+у = 10
5) 6х+5у = 30 теңдеуіндегі х= 5 болса у неге тең болады?
V. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» - жарнама (әр топ өз банктерін жарнамалап, белгілі бір тақырыпқа ой толғап, таныстырады)
VІ. Бағалап, бекіту (бағалау оқушылардың жинаған қорларына байланысты қойылады)
VІІ. Үйге тапсырма §46. №1430, №1439
VІІІ.Жекелеген оқушыларға берілетін қосымша тапсырма:
Оқушы 11 дәптер сатып алатын болса, онда оның 5 тиыны қалады. Егер 15 дәптер сатып алу керек болса 7 тиын жетпейді. Сонда оқушыда қанша тиын бар?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход