Menu
Ондық бөлшектерді қосу, азайту
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға ондық бөлшектерді қосу, азайту ережелері бойынша есептер шығару; Қасиеттерін беру; алған білімдерін тиянақтау, тексеру; өткен материалдарды толық пысықтату;
2. Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануда өөзіне снеімділігін арттыру; оқушылардың білім деңгейін көтеру, деңгейлік тапсырмаларды меңгерту;
3. Тәрбиелік: оқушыларды білімді саналылықпен меңгеруге үйреті, ойда сақтау қабілеттіліктерін дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау, толықтыру сабағы ( ойын түрінде)
Сабақтың типі: дәстүрлі
Көрнекіліктер: сөздер , карточкалар, кубик, түрлі- түсті қағаздан жасалған
белгілер.
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Қосымша сұрақтар қою:
1) " Бөлшек" ұғымын қалай түсінесіңдер?
2) Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады? Мысал келтіріңдер.
3) Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады? Мысал келтіріңдер.
4) Ондық бөлшектің соңына нөлді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?
III. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар , біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: " Білім " әлемінде " Алтын қақпа" бар, онда қазына бар, ол қазынаның не екенін тауып, білім алуымыз керек.
Оқушылар 3 топқа бөлінген:
1- топ: " Бәйтерек"
2- топ: " Жігер"
3- топ: " Тұлпар"
" Алтын қақпаның " біріншісі " Тас қақпаны " ашуға арналған тапсырмалар:
1) Тақтаға 3 есеп ілінеді. Қатесін түзеу керек:
2,06+ 1,3= 61-7,64= 21,7+0,613=
2,06 61 21,7
1, 3 7,64 0,613
----------------- -------------------- -----------------------
3,09 54,64 21,1313

2) Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қойыңдар:
1- топ: 43+17=6 2-топ: 37+586=956 3-топ: 995-195=8
5+999=1499 83-38=792 64-4=24
" Күміс қақпаны" ашу үшін тапсырмалар:
1- топ: Бірінші күні дүкен 2,76 т картоп, екінші күні одан 0,85 т кем сатты. Дүкен екі күнде неше тонна картоп сатты?
2- Топ: Бірінші күні жөндеу бригадасы жолдың 4,85 км- ін, екінші күні одан 1,26 км артық жөндеді. Екі күнде қанша км жол жөндеді?
3- Топ: Бірінші күні туристер 72 км жол жүрді. Екінші күні одан 27,45 км кем жүрді. Туристер екі күнде қанша км жол жүрді?

" Алтын қақпаны" ашуға арналған тапсырмалар:
Топпен жұмыс ( сабақты бекіту)
1- топ:
1) Амалдарды орындаңдар.
8,65+2,34=
1,6+(5+3,4)=
24,09-17,616=
2) Теңдеуді шешіңдер:
Х+8,635=14,62
Х- 0,834=2,64
3) Өрнектің мәнін табыңдар:
Х+0,08 , х= 5,86
2- топ:
1) Амалдарды орындаңдар:
11,21+6,01=
0,3+( 1,7+2,5)=
81,67- 44,916) =
2) Теңдеуді шешіңдер:
Х+ 71,93 = 98,15
Х-2,3 = 3,374
3) Өрнектің мәнін табыңдар:
0,809+ х, х= 63,7
3- топ:
1) Амалдарды орындаңдар.
9,01+5,66=
1,02+( 1,7+4,8)=
76,3-17,44=
2) Теңдеуді шешіңдер:
Х+8,45=17,923
Х-38,3= 8,07
3) Өрнектің мәнін табыңдар:
4,28+а, а=25,08

Сергіту сәті:
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ,
5- ке 5- ті қосқанда
Болып қалды 10 саусақ.
" Алтын сандықты" ашу . ( Сандықтың ішінде " Оқы, оқы және оқы" деген сөз болады.

Қорытындылау: " Кубизм " стратегиясы. Кубтың алты жағына алты түрлі сөздер жазылған.
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жіктеу, бағалау.
Осы жазылған сөздер арқылы оқушылар өздері қорытады.

Имя *:
Email: