Menu
Абай Құнанбайұлы
Абай Құнанбаев- Қазақтың ұлы ақыны  1845 жылы бұрынғы Семей облысы,  Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған. Абайдың шыққан ортасы ауқатты, Тобықты руының белгілі  ел билеушілері болған, әкесі кезінді болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді.  Әуелі Ғабул-Жаппардың, кейін Ахмет Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын  өзімен сабақтас шәкірттерден зерек болады. Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп,  араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды.  Шығыстың класикалық ақындары: Низами, Хафиз, Физули  шығармаларымен, ертегі, дастан, қиссаларымен Абай осы кезде танысқан.  Медресенің соңғы жылдарында Абай, мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша оқыған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел ісіне  араласу білімді, саналы, ойлы жас  Абайдың Ел танып, білуіне жол ашты.  Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен-билердің ортасына түседі.  80 жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға  біржолата бет бұрады.
Абай жасы қырыққа тарағанда бірыңғай өлең жазумен, кітап оқумен айналысуға мүмкіндік алады. Ақынның  алғашқы 1885 жылы жазған туындысы-«Жасымда ғылым бар деп ескермедім».  Бұл өлең  өнер жолындағы жаңа ізденістерін танытады.  Осыдан кейінгі 1886 жылы «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды. Сол сияқты Абайдың  көркем де, танымал өлеңдерінің бірі-«Өлең-сөздің патшасы» деген өлең. Оның өлеңдерінен анық еңбекші халық мүддесін қорғаған  азаматтың үні естілетін-«Қалың елім қазағым» өлеңі. Ал достық мәселесіне  «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде тіршілікте өзі көрген,  халық тәжіриебесі танытқан шындықты айтып, жастарды шың адамгершілікке үгіттейді.
Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған туындылары-табиғат лирикасы. Абайдың бұл тақырыптағы тұңғыш өлеңі –«Жаз» (1886ж). Кейін «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол-бір екі ай», «Жазғытұры», «Көлеңке басын ұзартып» т.б. өлеңдерін жазды.
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі (1889 ж.)- заман, дәуір оның адамдары жайлы ой толғанысының жаңа бір көрінісі және мазмұнына сай аса көркем жазылған шығарма.
Абай Құнанбаев поэмалары ішіндегі ең құнды, әрі  елеулісі- «Ескендір» поэмасы. Поэма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысы жайында аңызға құралған.
Абай өмірінің соңғы жылдарында өзін толғандырған мәселелер жайында ойларын қара сөзбен қағазға түсіріп, отыруды дағды етеді. Қара сөздері жазылу реті бойынша нөмірленіп, бірінші сөз, екінші сөз деп аталады. Жалпы қара  сөздерінің саны -45.
Абай өз заманының дара тұлғасы, әрі дана шебері болып табылады. Ол өз заманының ерекше шебері.

20.10.2009 22:17 Қазақ тілі Puma 9840 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход