Menu
Қазақ Мемлекетгік Заң университеті
Қазақ Мемлекеттік Заң университеті 1994 жылы 14 наурызда Заң институты болып ашылған еді. 1996 жылы университет дәрежесіне көтерілді. (Бұл университет Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі алғашқы ашылған Заң университеті).
Университет Ораз Жандосов көшесінде орналасқан.
Студенттер мен оқытушылар университетке қалалық автокөліктер: троллейбус, автобустармен қатынасады. Мысалы, Жандосов көшесімен № 66, 18 автобустар жүрсе, Абай даңғылы арқылы 35, 40 автобустар және де 5, 6, 19 троллейбустар жүреді.
Заң университеті — жеті қабатты әсем де көрікті ғимарат. Екінші қабатында университеттің оқытушылары мен студенттерге арналған үлкен асхана орналасқан. Онда түрлі дәмді тағамдар дайындалады. Ал, ғимараттың төртінші қабатында мәжіліс залы бар. Мәжіліс залында түрлі мәдени-ағарту жиындары, кездесу кештері өтіледі.
Алтыншы қабатта кітап қоры бар. Кітапхананы ұлттық байлық, асыл қазына десек, сол асыл қазынада болашақ заң мамандары білімін толықтырады.
Студенттер денсаулығын Ботаника бағы және Марков көшелерінің қиылысында орналасқан студенттер емханасында нығайтады. Бұл емхана жалпы қала студенттеріне арналған. Студент жан-жақты, терең білім алу үшін денсаулығын әрдайым да күтуі қажет. Денсаулық — білім алу кепілі.
Бүгінде республикамыздың түкпір — түкпірінен келіп мыңдаған студентгер білім алуда. Университетті бітіргендері білікті заң маманы болып шығады. Бірі — прокурор, бірі — тергеуші, енді бірі көсіпкерлік құқық мамандығын игереді.
Университетте 4 факультет бар. Олар: Халықаралық құқық және мемлекеттік қызмет, прокурорлық — сот, криминалистік — тергеу, көсіпкерлік — құқық факультеттері.
Заң университетінің абырой мәртебесі жыл сайын арта түсуде. Университеттен білім алып, қияға қанат қаққан өрбір шәкірт өзінің білім ордасын мақтаныш тұтары сөзсіз.

20.10.2009 19:50 Қазақ тілі Puma 5161 1
Сайлау   16.07.2016 14:56
Мен ент-дан 62 балл алдым орыс тілсіз 52 балл маган прокурор мамандыгына түсуге болама кандай құжаттар керек, жылына канша толеймін соны айтсаныздар!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход