Menu
Қазақтың театр және кино өнері
М. Әуезов атындағы академиялық драма театры қазақтың алғашқы профессионалдық театры 1925 жылдың аяғында ұйымдасты.

1926 жылы 13-қаңтарда М. Әуезовтің “Еңлік-Кебек” трагедиясымен тұңғыш театр шымылдығы ашылды. Алғашқы ашылған жылдары мұнда қазақтың халық ішінен шыққан өнерпаздары Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Жұмат Шанин, Қалибек Қуанышбаев және т.б. ойнады. Театрдың алғашқы режиссері және басқарушысы Ж. Шанин болды. Б. Майлиннің “Некеқияр”, “Шаншар молда”, Ж. Шаниннің “Торсықбай қу”, “Арқалық батыр” сияқты шығармалары театрдың алғашқы репертуарын құрады. Қазақ драма театрынан 1934 жылы қазақтың опера және балет театры бөлініп шықты

Қазақтың кино өнері тарихында киноактерлер: Жұмат Шанинның, Шәкен Аймановтың, Әмина Өмірзақованың,Асанәлі Әшімовтың,Меруерт Өтекешованың т.б есімдері ерекше зор құрметпен аталады.

Шәкен Айманов атындағы киностудия Алматы кинохроника студиясы (1934) базасы негізінде құрылды. “Қазақфильмнің” қалыптасып, өркен жайып өсуіне Ш. Аймановтың қосқан үлесі елеулі. Ол осы киностудияның 1953 жылдан 1970 жылға дейін көркемдік жетекшісі болды. 1952 жылы “Жамбыл” атты толық метражды түрлі-түсті көркем фильм тұңғыш рет жасалды, ал 1965 жылы “Алдар көсе” атты алғашқы кең экранды көркем фильм түсірілді. Тұңғыш рет халықаралық дәрежедегі жүлдеге ие болған қазақтың көркем фильмі “Ана туралы аңыз” 1964 жылы экранға шықты. Көрермендердің ерекше ілтипатына бөленген “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры”, “Транссібір экспресі”, “Шоқан” кинофильмдері осы “Қазақфильм” студиясында жасалды.
01.11.2014 09:35 Қазақ тілі Артем 13673 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход