Menu
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының толық мәтінін мұқият оқыңыз.
«Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық -баспа орталығы Қазстатақпарат» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамыуы туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін көтеру, сондай-ақ статистикалық қызмет көрсетулерді тұтыну- шыларға сапалы жалпыға бірдей қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Статис- тика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы- Қазстатақпарат рес- публикалық мемлекеттік кәсіпорны(бұдан әрі- Кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорын- ға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқы- ғы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорын- ның жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оның әділет органдарын- да мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ жарғылық қорын қа- лыптастырсын.
Аталған Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
 статистикалық ақпаратты басып шығару, тарату және сату;
статистикалық   жинақтарды,  бюллетеньдерді, статистикалық   есептілік  нысанасының  бланкілерін  басып   шығару  байланысты полиграфиякалық  қызметтер;
 маркетингтік зерттеулер саласында қызметтер көрсету болып табылады.

3.Республикалық мемлекеттік кәсіпорындық тізбесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996ж. № 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпор-ындардың тізбесінде:
реттік нөмірі 414-жол алынып тасталсын:
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 480 және 481-жолдар-мен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агентігі:
480 Қазақстан Республикасы
Статистика жөніндегі агенттігінің
Ақпараттық-есептеу орталығы
(шаруашылық жүргізу құқығында),

481 Қазақстан Республикасы
Статистика жөніндегі агенттігінің
Ақпараттық-баспа орталығы
жерлердегі филиалдарымен
(шаруашылық жүргізу құқығында)     Алматы қаласы .»
   
4. «Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
 «Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің қарауын- дағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Ақпараттық баспа орталығы – Қазстатақпарат республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруа- шылық жүргізу құқығында).
5.Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жа-тады.

20.10.2009 22:23 Қазақ тілі Puma 2763 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход