Menu
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
Конституция – еліміздің негізгі Заңы. Ол күллі қазақстандықтарға қызмет етеді. Конституцияда Республикамыздың ішкі, сырты саясатының негізгі бағыттары берілген. Бейбітшілікке құштарлығымыз, барлық мемлекеттермен тату көршілік пейіліміз жазылған. Ұлтына, дініне, нәсіліне қарамай, адамның, азаматтың құқығы ардақ тұтылатыны айтылған.
    Біздің Конституция мемлекетіміздің құқықтық негіздерін, оның саяси жүйесін айқындайды. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етеді.
    1991 жылдың желтоқсанында КСРО ыдырап, оған біріккен одақтас республикалар өз егемендігін жариялады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгерді.
    1993 жылдың 28 қаңтарында егеменді тәуелсіз қазақ мемлекетінің тұңғыш Конституциясын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі бірауыздан қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясы – егеменді, ешбір мемлекетпен ортақтаспаған тәуелсіз мемлекттің ата заңы. Қазақстан Конституциясының мәні оның негізгі принциптерінің жүйесінен байқалады.
1. Халық өкіметі.Конституция бойынша Қазақстан халқы мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі болып табылады.
2. Экономикалық негіз. Қазақстан Республикасының экономикасы сан алуан меншік түріне негізделеді. Меншіктің негізгі түрлері: мемлекеттік меншік және жеке меншік.
3. Егемендік және тәуелсіздік. Конституцияда олардың ажырамас белгілері нақтылы анықталған. Олар – халықтың билік етуі, мемлекеттің жері тұтас болып, бөлінбеуі, өз азаматтығы болуы, басқа мемлекеттермен терезесі тең болып, дүниежүзілік қоғамдастықтың тең құқықты мүшесіне айналуы.
4. Мемлекеттік өкімет билігін бөлу.
5. Заңдылық. Заңды мүлтіксіз сақтау және оны бұзғаны үшін сөзсіз жауапқа  еет  демократиялық қоғамды қалыптастырудың алғы шарты.     Қазақстан Республикасының Конституциясы екінші  еет оңдалып, 1995 жылы 30 тамызда қайта қабылданды. Осы жылдан бастап 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болды. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер кіргізілді.

20.10.2009 20:04 Қазақ тілі Puma 10694 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход