Menu
Ел рәміздері. Мемлекеттік елтаңба.
«Герб» деген термин немістің сөзі, толық аудармасы – «мұра, белгі» деген мағына.
Біздің елтаңбамыз шеңбер ішінде.Шеңбер мағынасы-тіршілік,шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі-шаңырақ. Шаңырақ үй, Отан деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқында «Отан от басынан басталады» деген мақал бар. Отбасы-шаңырақ,сіздің үйіңіз. Шаңырақ-қазақ елінің белгісі, рәмізі.
      Шаңырақ әлемдік геральдика тарихында тұңғыш рет пайдаланып отырған бейне. Шаңырағы бар елтаңба тарихта болған емес. Елтаңба композициясында-ай мүйізді алтын қанатты қос пырақ бар. Ол қазақ халқының тұрмысының негізі.                   
Елтаңбадағы басты белгінің бірі-бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты,негізгі бояуы-алтын түстес.
Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасының авторлары-Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлиханов.

20.10.2009 20:00 Қазақ тілі Puma 7521 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход