Menu
Иран елтаңбасы
Елтаңба жарты ай мен қылыштан тұрады (осы сөздің араб тіліндегі жазылуына біршама ұқсайды). Елтаңбаның бес бөлігі Исламның бес қағидатын әйгілейді. Қылыштың үстінде – “Ташдид” (W әрпіне ұқсайды). Араб жазуында ол екі әріп ретінде қолданылады, ал елтаңбада ол қылыштың қос күшін көрсетеді.

Елтаңбаның формасы қызғалдақты еске түсіреді. Ежелгі Иран мифологиясы бойынша, отаны үшін құрбан болған жас жауынгерлердің бейітінде қызыл қызғалдақтар өсіп шығатын болған. Иранда осы күнге дейін қызғалдақ гүлі азапкерліктің белгісі болып саналады.

14.10.2010 23:33 Қазақ тілі Артем 3538 1
Отан   15.10.2010 17:11
1) Иранның мемлекеттік туы жасыл, ақ, қызыл жолақтардан тұрады.
2) Ақ жолақтың асты мен үсті араб сөздерінен бар екі сызықтан тұрады.
3) 22 саны Ислам күнтізбесі бойынша Ислам төңкерісімен байланысты таңдалған.
4) Жыл басы Суқұйғыш белгісіне сәйкес келеді.
5) Елтаңба жарты ай мен қылыштан тұрады.
6) Елтаңбаның бес бөлігі исламның бес қағидатын білдіреді.
7) Иран мифологиясы бойынша,елі үшін құрбан болған жауынгерлердің бейітінде қызыл қызғалдақтар өсетін болған.
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход