Menu
Келбет.
Біздің қазақ тілі орталығында әр елдің азаматтары жиналады. Олардың араларында бір мақсат бар-қазақ тілін тез үйреніп алу. Дегенмен, олар бір-біріне ұқсамайды.
Мысалы: Минаның бойы аласа, ап Тиманың бойы биік. Гленданың бойы Минаның бойынан биіктеу, бірақ Тиманың бойынан тапалдау. Вильямның бойы ең биік, ал Шерилдің бойы ең тапал.  Сурештің бойы орта бойлы. Дария да, Ксения да, Роза да орта бойлы.
 Суреш және Мина толықтау, ал Вильям және Шерил арықтау. Ең толық-Тим, ал ең арық-Гленда. Қалғандары онша толық емес, арық та емес.
Сурештің шашы қара, ұзын, бірақ бұйра емес. Көздері үлкен, қара. Сурештің сақалы бар. Вильямның шашы сары, өте қысқа, көзі көк.  Шерилдің де көзі көк, шашы сары, ұзындау. Екеуінің де көзілдіріктері бар. Тимнің шашы жұқа, сары, мұрты бар.  Гленданың шашы сары, қалың бұйра, онша ұзын емес.  Виталийдің, Розаның, Дарияның  және Ксенияның шаштары боялған: Виталидің шашы қараға, Розаның шашы қызылға, Дарияның шашы қара қоңырға, ал Ксенияның  шашы сарыға жатады. Виталийдің көзі қара, Розаның көзі қоңыр, Дарияның Ксенияның көздері көк.
Ал, менің бойым 1 метр 80 сантиметр, салмағым 70 килограмм, онша толық емеспін. Шашым қара, бұйра, көзім де қара, көзілдірік тақпаймын. Сақалым, мұртым жоқ.

20.10.2009 19:54 Қазақ тілі Puma 2870 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход