Menu
Киіз үй атаулары
I.Киіз үйдің іші төртке бөлінеді. Жүк жиналған үй ортасы "тор'" деп аталады. Төрдің шеті ошаққа тіреледі. Тор жағы үлкен адамдар мен қонақтарға арналады. Содан соң оң босаға (үйге кірген кісінің оң қол жағы) үйленбеген үлдың не ұзатылмаған қыздың орны. Сондықтан қазақтар ұзатылмаған қызды әкесінің оң басағасыңда отырған қыз дейді.
II.Сол жақ босаға — қарттар мен ата — аналар, әжелер орны. Оң босаға да,  сол босаға да өз жақтарьша лайық шымылдық немесе пердемен болініп қойылады. Ол перделер күндіз жинаулы болады да, түнде түсіріледі.  Көп балалы үйлер үйдің жанынан екінші үй немесе жеке қос тігіп қояды. Ал, үйленген балаға отау тігіледі. Отау үйдің сүйегі де, жасау- жабдығы да ерекше болады.
III.Оң босаға мен сол босаға үйдің (тор.цің) оң жене сол қанаты деп те аталады. Есіктен кіргендегі оң қол жақтағы бұрышта (оң босағада)  алтыбақан (киім ілетін бүтақты ағаш), ыдыс-аяқ, саба, кебеже,  торсықтар түрады. Бұлардың бәрі "өреше" деп аталатын арнаулы тоқылған шимеи қоршаулы болады. Демек, бүл бүрыш ас-су бүрышы қызметін етейді.
IV.Үйдің сол жақ босағасында ер-тұрмандар жиналады, аяқ киімдер жатады. Жауын-шашынды кезде осы сол жаққа қаақа салынған тезек,  бұталған ағаш, отындарды кіргізіп қояды.
V. Көшпелілердің бәрі, соның ішінде қазақтар да, киіз үйдің ішінен немесе сыртынан от жағатын екі ошақ жасайтын болған. Үй ортасына үш сирақты шеңбер қойылады да, қазан асылады. Темір ошақтың биіктігі   жарты метрдей, сирақтары орнықты болуы шарт. Үй ідіінде шай қайнату керек болса, жиналмалы мосы ағаш пайдаланылады. Оның үш сирағы бар, шәйнек ілетін үй құралы.
20.10.2009 19:37 Қазақ тілі Puma 8466 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход