Menu
Меншік және жекешелендіру
Жекеменшік кәсіпкерлерінің пайда болуы екі түрлі жолмен жүзеге асады:
Жекеменшік капиталы барысында құрылған жаңа мекемелер және жекешелендіру барысында мемлекет меншігін мемлекеттік емес меншікке көшіру арқылы.
Жекешелендіру процесі мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оның құрамына шаруашылықты басқарудың демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін шектеу, жекеменшіккапиталын жігерлендіру жатады. Жекешелендіру – экономиканы күрделендірудің соңғы мақсаты болып табылмайды, ол дегенімізжаңа экономикалық жүйеге көшкенде болатын меншік қатынастарын өзгерту тәсілі.
Жекешелендіру жүргізген кезде республика экономикасының ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге еліміздің шикізаттық қоры, ауырмашина өндірістің сырттан әкелінетің шикізат пен материалдарға байланысты әндірістік қаражат инжрақұрылымдарының әлсіз дамуы т.б. кіреді.
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданған болатын. 1991 жылы қабылданған жекешелендіру туралы заң жекешелендірудің үш тәсілін қарастырады:
1)    Еңбек коллективтерінің мекемелерді біртіндеп сатып алуы;
2)    Аукцион және тендер.
Біздің республикамызда өтетін жекешелендіру процесі келесідей бағыттарда жүреді:
1)    Аукцион және тендер арқылы кішігірім мекемелердің кіші жекешелендірілуі;
2)    Аукционерлік қоғамдарға көшіру арқылы орта және үлкен мекемелердің топтық жекешелендірілуі;
3)    Күрделі проектілер барысындағы үлкен және мамандандырылған мекемелердің жеке проектілер арқылы жекешелендіру бағыттарына өтеді.
Айрықша әлеуметтік мағынасы бар тауарларды шығаратын немесе табиғи монополист болып табылатын мекемелер әдейі жасалған проектілер арқылы жекешелендіруден өтеді.
Жеке проектілі жекешелендірудің тәсілдері ретінде төмендегіні қарастыруға болады.
1)    Келісілген шартпен анықталған  инвесторға сату; 2) аукцион және конкурс арқылы сату; 3) боқылау туралы келісім шартқа отырумен акциялардың ашық сатылуы.
Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына беріледі.
Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы жекешелендірілді 170 объекті өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер фабрикасы жатады.
Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жанданту ғана емес, сонымен бірге, экономикалық жіне әлеуметтік процестердің жаңа талаптарына сай келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.

20.10.2009 22:13 Қазақ тілі Puma 11549 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход