Menu
Сенімхат
Сенімхат – белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға берілгенің жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені (көбінесе мүліктік сипаттағы) үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.
Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, ақшалай сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін т.б. толып жатқан жағдайларда беріледі.
Сенімхат куәлігін жеке, тұлғаның ауызша арызы негізінде мекеме басшысы бере алады. Мекеме басшысы сенімхат беруші және алушы адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру арқылы олардың ақиқаттығына көз жеткізуге тиіс.
Ұйым жетекшісі сенімхат берушіге сенімхат алушының өз өкілеттігін сенімхат арқылы басқа бір адамға беруге құқы бар екендігін және сенімхат беруші жазбаша арыз беру арқылы сенімхаттың күшін жойдыруға құқы бар екендігін ескертуі қажет.
Сенімхат 1 дана болып дайындалады. Сенімхат мазмұнына мыналар кіреді:
•    құжат аты;
•    жазылған жері мен уақыты;
•    сенімхат берушінің және сенімхат алушының тегі, аты-жөні, мекен-жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін.
•    Ұйым мөрі басылған, жазылғандарды растайтын жазба;
Құжат аты мен мәтін жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес жазылады.
Сенімхат А4 форматты қағазға қолмен жазылады я болмаса жазба машинкасы арқылы да компьютерлік жолмен де теріледі. Мәтінде түзетілген, өшірілген я қосымша жазылған сөздер болмауы керек. Мұндайлар болған жағдайда олардың әрқайсына түсініктеме жазылып (“өшірілген сөз оқылмайды”, “түзетілген дұрыс” сияқты), оған сенімхат беруші де, сенімхат да өз қолдарын қоюлары қажет.
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай;
Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардыөң жарамдылығы – 3 жыл; Егер пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады. Сенімхаттардағы жарамдылық мерзімі әрқашан жазбаша жазылуы керек.
Сенімхатқа қол құжаттың түпнұсқа екенің куәландырушы адамның қатысумен ғана қойылады. Құжат мәтінін сенімхат алушыға куәландырушы тұлға немесе сенімхат беруші адам дауыстап оқып беруге тиіс.
Құжат дайындалғаннан кейін, сенімхат беруші тұлғаның қолына беріледі, я оның өтініші бойынша сенімхат алушыға беріледі я жіберіледі.
Ұйым басшысы мынадай жағдайларда сенімхатты куәландырмайды:
•    егер сенімхат өз атынан емес туысқаның я басқа бір адамның атынан берілсе, сол сияқты сенімхат өз атына емес туысқанының, я басқа бір адамның атына берілсе;
•    егер сенімхат мазмұнында айтылғандар заңға қайшы келсе;
•    егер сенімхаттағы даталар жазбаша жазылмаса.

20.10.2009 22:20 Қазақ тілі Puma 12940 2
ДИДА   15.11.2010 19:28
Базару нет, считается статейка wink wink wink
Олжасхан   19.12.2009 17:23
хорошая статья!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход