Menu
Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Сұлтанмахмұт Торайғыров — екі дәуір тоғысында, аса күрделі кезеңде тіршілік кешті. Ол Россия тарихының, Россияға біріккен қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде — тарихи дамулар, күрес-көтерілістер, қиян-кескі соғыстар, дүрбелеңді революциялар дәуірінде өмір сүрді.
Россияда капитализмнің өркендеп, әуелі прогрес-шіл эсер етуі, кейін империализмге ұласып, реакцияшыл бағыт алуы; 1905—1907 жылдардағы буржуазиялык-демократиялық рево¬люция, 1914— 1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік империа-листік соғыс; қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттык көтері-лісі, 1917 жылғы февральда болған буржуазиялық-демократиялық революция, сол жылғы Ұлы Октябрь социалистік революциясы, Совет өкіметінің орнауы; 1918—1920 жылдар арасындағы азамат соғысы... осының бәрі ақын өмІр сүрген замаңда болып жатты. Сондықтан да ақынның өмір-тіршілігіне, күнделікті қызметіне, дүниетаным-көзқарасына, шығармаларының тақырыптық мазмұны мен жанр, түріне зор эсер етті, із-таңбасын салды. Өйткені, ақын — заман перзенті. Сұлтанмахмұттай ірі ойлы, асау жүрек, асқан шабытты, лапылдап жанып тұрған ақын көз алдында болып жатқан ірі өзгерістің қайсысына да бейтарап карай алмайтын еді. Заманына лайық, ірі табиғатына сай Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің саналы саяси өмірін, творчестволық қызметін:
Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын не көрсем де осы жолда.
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда, -
деп бастады. Өмір бойы осы сертін орындау жолында кызмет істеді. Жарғақ кұлағы жастыққа тимей, өзіне, халқына өнер-білім, еркіндік, бақыт іздеді.
Сұлтанмахмұт 1893 жылы, 29 қазан күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып, торт-бес жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі. Ақынның арғы атасы — Торайғыр би, ел аузында аты аңызға айналған көптеген шешендік, билік сездері халық жадында сақталған адам,' Ақынның өз әкесі, Әубәкір аты ұмытылып, Шоқпыт, Шоқа атанған момын кедей шаруа екен.
Болашақ от ауыз, орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Кара таныған баланы осыдан кейін кейде Шоқпыт өзі оқытып, кейде ауыл арасындағы молдаға беріп оқытып, баласын оқудан үзбейді. Болса да малға жарымадық, енді тек Сұлтанмахмут білімге жарлы болмасыншы деген тілек үстінде жүреді көзі ашық, көкірегі ояу әке.(Сұлтанмахмұт 1902-— 1903 жылдары Әлі деген молдада, 1904—1905 жылдары Тортай деген молдада,  1906—1907 жылдары Мұқан деген молдада оқиды
Молдалардың ішінде Мұқан біраз оқыған, әдебиеттен хабардар, өзі де жадынан елең шығаратын көңілінің желі бар жан екен.   Ол   араб,   парсы   ертегілерін   қазақша   өлең   етіп   жазады;біреуді мақтап, біреуді мазақтап өлең шығарады. Оқушыларын қазақ халқының ауыз әдебиетімен, шығыс әдебиетінің ертедегі үлгілі әдебиеттерімен таныстырады, Ол кезде шығыс халықтарының лирикалық жолмен жырланып, түрлі вариацияға ұшырап, қазақ даласына жеткен шығармалары мол болғаны мәлім. Ол шәкірт-терін осы шығармалармен таныстырады екен, Шәкірттерін өлең жазуға қызықтырады, машықтандырады.
Дәріс беретін молдаға еліктеуші шәкірттің бірі — Сүлтан-махмұт. Ол Мұқан молдаға еліктеп он уш жасында өлец жаза бастайды. Тұңғыш жазған өлеңі —«Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. Тырнакалды өлеңінде Сүлтаңмахмүт өзін окьітушы молдалары, окуы туралы, ақындыққа талпынып жүргені жайында сыр айтады.
Сол кезде Баянауыл қаласында медресе ашылып, Сүлтанмах-мүт 1908—1910 жылдары сонда оқиды. Молданың үйінде жатып оқыған Сүлтанмахмүт малай есепті жүреді. Сабақтан босағанда су әкеліп, отын жарып, шәй қайнатады. Молданың малый күтеді. Жығылған үстіне жүдырық дегендей, өлең атаулыға жаны қас, молда өлең жазсаң теріс батамды беремін деп бала Сүлтан-махмұтты қорқытып ұстайды. Тәліміне қарай талапты бала бұл жылдары басылыңқы жүреді. Тұла бойы толған түмар, мойнында дұғалық, аузында зікір, оқығаны намаз болады. Қари болам деп «Құранды» он үш парасына дейіи жаттап алады.

20.10.2009 22:18 Қазақ тілі Puma 7796 1
usen   03.03.2011 18:02
прапрарапрапр
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход