Menu
Тұманбай Молдағалиев
Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)-қазақ поэзиясындағы сыршыл лиризмді дамытқан ақын. Тұманбай Молдағалиев1935 жылы  Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келді.  Әкесі Ұлы Отан соғысында қаза тауып, ол анасының тәрбиесінде өседі.  Тұманбай 1951 жылы Есік қаласындағы мектепті, одан соң қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді.  Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» (1957) аталған.
Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. Тұманбай Молдағалиев 1959-1970 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор, 1970-1973 жылдары «Балдырған»  журналында жауарты хатшы, 1973-1984 жылдары «Жалын» альманағының бас редакторы, 1984-1986 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарды.  Ол 1986 жылдан «Балдырған» журналының бас редакторы. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты.  Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Тұманбай Молдағалиев- Қазақстан комсомолы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі-оның өлеңдері сезімге толы.  Ақынның «Қош көктем», «Жаңа дәптер», «Жүрек ояу қашанда», «Махаббат оты сөнбейді», «Жүрегім менің сапарда», «Мен де жиырма жаста едім», «Жүректегі жазулар» т.б. жыр-жинақтарын жазды.
20.10.2009 20:31 Қазақ тілі Puma 20807 5
диана   29.01.2014 15:48
маган тұманбай молдағалиевтің мен қазақпын поэмасын тауып беріңіздерші!отінем
нурай   07.10.2013 20:48
рахмет сіздерге
Динара   16.04.2011 19:07
Magan Tumanbai aganyn poemalarn taup berinizderwi tez otinem cry
Айгерім   12.11.2010 09:05
Assalyamu 'aleykum! Kazakstan turalu T.Moldagalievtin olenin tauip berinizderwi! Komekterinizge ulken rahmet!
Нургуль   17.02.2010 20:30
Маган туманбай агамын бакыт туралы жастык шак махабат туралы олендери керек
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход