Menu
Жайлау
Жыл он екі ай — көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымда үш ай, яғни 90 күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстаудеп атаған.
Ертеректе біздің ауыл наурыз, көкек (сәуір), мамыр айларьшда қыстаудан көктеуге көшіп қонып, мал төлдететін. Содан соң жайлауға көшіп баратын. Онда маусым, шілде, тамыз айларын өткізетін. Осы күнгі малшылар да сөйтеді.
Жайлау — қыстаудың алыс жатқан даладағы қонысы. Жайлауды шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден тарайды. Онда жылдың үш маусымында ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады.
Жазға қарай жайлаудың шөбі жақсы өседі. Ол кезде жер беті кілем сияқты құлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойып, семіреді. Адамдар да сергиді. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Мұндай атақты жайлаулар Қазақстанда өте көп. Олар — Қарқара, Шалкөде, Сырт, ЦІүбартал, Асы т.б.
Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы жібек жолы" өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп қонады. Қар түскен соң қыстауға көшеді.

20.10.2009 20:57 Қазақ тілі Puma 43885 6
The_First_Guy   18.03.2018 16:39
thumb smok smok smok smok smok smok smok smok smok
Ля   07.09.2015 21:45
Пфф жыртылып орысша жазбай-ақ қойыңдаршы а
Бексултан   07.11.2013 12:15
Жақсы ақпарат!
Админ интернета   16.05.2013 12:55
очень хорошо и понятно описано.
$Titan$   20.10.2011 22:22
дада хорошая только мало написано очень мало!
барыс   21.09.2011 22:23
жақсы программа
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход