Menu
Жыл маусымдары.
Қаңтар-январь (лат.Januarius) –римдіктердің Янус (Janus) құдайының атынан алынған. Янус-барлық істің басы, аяғы дегенді білдіреді. Бұл айда адамдар өткен жылдағы жетістіктерімен жаңа жылда болатын жаңалықтарға қарайды. Римдіктер Жаңа жылды  құдайдың өзі берген мереке деп қараған.
Ақпан-февраль- римдіктердің Februarus деген сөзінен алынған.  Бұл сөздің мағынасы садақа беріп, күнәдан тазалану дегенді білдіреді.
Наурыз-март-көне римдіктердің марс (Mars) деген соғыс құдайының атынан алынған. Римдіктердің мұны нажағайдың ойнауы, күннің күркіреуімен байланыстырады. Марстың суретінде адамның тас бейнесінде нажағайдың тарс-тұрс еткен бейнесі берілген. Италияда бұл сөз шторм айы дегенді білдіреді.
Сәуір-апрель (лат. Aprilis). Бұл сөздің мәні белгісіз. Мүмкін «ағаштың бүр жаруы» деген мағынадан болар.
Мамыр-май-римдіктерде май (Maius)-дала құдайы-молшылық, жеміс-жидектің гүл ашуы, түйін тастау уақыты дегенді білдіреді.
Маусым-июнь (лат. Junius)-римдіктердің  Юнона –Юпитер  әйелі дегенді түсіндіреді.
Шілде-июль (лат. Julius)- бұрынғы календарь бойынша  Квинтилис-наурыз айынан бері қарайғы бесінші дегенді білдіреді. Юлий Цезардың туған айы.  Сондықтан Юлий Цезардың  атымен аталып кетіпті.
Тамыз-август (лат. Augustus) –Юлий Цезардың немересі Августың атына берілген. Бұл сөздің мағынасы «қайырымды»,  «парасатты» деген ұғымды білдіреді.
Қыркүйек-сентябрь (лат.September)-латынша  «жетінші ай» деген ұғымды білдіреді. Римдіктердің көне календары бойынша жетінші ай  деген ұғымнан туған.
Қазан-октябрь (лат. October)-латының «сегіз» деген ұғымынан алынған.
Қараша-ноябрь (лат.November)- латының «тоғыз» ұғымынан алынған.
Желтоқсан-декабрь (лат. Desember)-латынша «он» деген ұғымнан жасалған.
20.10.2009 19:57 Қазақ тілі Puma 4777 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход