Menu
ХҮІІ- ғасырдағы қазақ хандығы
Қазақстан ХҮІІ ғасырда саяси бытыраңқы ел болды. Билікке таласқан әрқилы топтар өзара тартыс туғызып отырды. Тәуекел ханның өлімінен кейін 1598 жылы хан болып Есім хан тағайындалды. Шығайханның ұлы Есімнің (1598-1628) Аштаханидтер өкілдерімен жасасқан келісімі бойынша Қазақ хандығының құрамына қалаларымен бірге Түркістан аймағы, сондай-ақ уәлаятымен қоса Ташкент бірсыпыра уақытқа Ферғана кірді. Сол уақыттан бастап қазақ мемлекетінің құрамына бұл аймақ және екі жүз жылға Ташкент түпкілікті енді. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп алды. Есімханның есімімен аңыздар, бізге жетпеген заңдар жиынтығының қалыптасуын байланыстырады. “Есім ханның ескі жолы” деп аталады.

Есім ханды халықтың ерекше құрметіне бөленген хан қатарына жатқызады. Оның өмір тағдыры төмендегідей, ол 12 жыл қазақ тағынан Тұрсын ханның ықпалымен сыртқа шығарылып тасталған. Осы уақыттың жартысын ол моңғол ойраттары арасында батыс Монғолияда өткізген. Олай деп қазақтар Қашғария оазисіндегі қалмақ, қырғыздарды атаған. Сол бөтен жерде, қуғында жүріп сол осындай сыйға ие болған. Жазба деректерде Есім хан туралы былай делінген: Есім хан Калматук жерінде тұрады және қалмақтармен бірге көшіп жүреді.

1627 жылы Тұрсын хан Есім ханды өлтіргісі келіп, оған жорықтан келе жатқанда бас салады. Бірақ тәжірибелі сарбаз Есім хан өзінің сақтығымен аман қалды. Тұрсын хан талқандалып Ташкентке қашып кетіп, сол жерде өз жақындары қолынан қаза тапқан. Есім хан таққа екінші рет отырды. Ол 1628 жылы қайтыс болып, Түркістанда Қожа Ахмед Ясауи мешітінің қасында жерленген.

ХҮІІ ғасырда Бұхарада билік басына Жошының ұлы, Аштарханид – Астрахан хандарының ұрпағы – Тоқа Темір келді. Бұл қазақ хандарына Орта Азияның бір бөлігін, Ташкент, Түркістан, Сайрам, Андижан қалаларын басып алуға мүмкіндік берді. Қазақ хандары өздерінің мақсаттарында аштарханидтер арасындағы өзара тартысты тиімді пайдаланды. Негізгі көздеулері – қазақ хандарының иелігі – Ташкент қаласы еді, оның билеушісі қазақ сұлтаны Келді Мұхаммед болды. Аштарханидтер Ташкентті алу үшін жорыққа шығады. Қала үшін ұрыс ауыспалы жеңіспен жүрді. Аштарханидтер жағынан соғысты Иманқұл хан қазақтар жағынан Есім хан бастады.

Есім ханның өлімінен кейін қазақ хандығында өзара тартыс басталды. Ақыры аяғында хан болып Есім ханның баласы Жәңгір жарияланды. Оның билік басына келу мезгілі анық емес. Оның барлық өмірі жоңғарлармен соғыста өтіп, осы соғыста ол 1652 жылы қаза болды. Ол өзінің әкесімен қатар Түркістанда жерленген.

Оның ерліктерінің қатарына жоңғарлармен 1643 жылғы жеңісі жатады.

Қыстың аяғына қарай жоңғардың қалың әскері қазақ хандығына басып кірді. Шабуыл төтенше жағдайда болғандықтан, Жәңгірхан тек 600 адам әскер ғана жинады. Бірақ ол аумақтың таулығын пайдаланып, өз әскерін тиімді реттеп, тамаша жеңіске қол жеткізді. Өзінің жарты әскерін ол таудың арасындағы тар шеңгелге орналастырып, ал өзі 300 әскермен жасырынды. Ойраттар ордағы әскерге шабуыл жасағанда, Жәңгір хан сырттан соққы берді. Сөйтіп жау талқандалып, кейін қайтты.

Жәңгір хан аштарханидтармен де Сырдария қалалары үшін соғыс жүргізді.

1635 жылы Жоңғар хандығының құрылуымен, ойраттар жағынан Арал, Жетісудағы қазақ жерлеріне қауіп туды.

Цин империясының қысымынан және жайылым мен Қазақстан мен Азияның сауда орталықтарына шығу үшін олар қазақ жерлеріне көз алартуларын тоқтатпады.

ХҮІІ ғасырдың 20-шы жылдары ойраттардың көпшілігі Обь, Тобыл, Ертіс, Есіл өзені бойларымен қоныс аударды. Іле, Талас өзендерін олар қыстаққа пайдаланды. Қазақтар оңтүстік-батыс бағытқа ығыстырылды, онда олар өзбек, қарақалпақ, ноғай, башқұрттармен қақтығысты.

Ал аштарханидтерге келсек, олардың құдіреті әлсірей бастады. 1700 жылы маңайында жаңа Қоқан хандығы құрылды. Аштарханид Абу-ал Фаизд хан (1711-1747) билеп тұрған кезде, билік негізінде жеке тайпалар көшбасшылары қолында болған.

ХҮІІ ғасырда қазақ хандарының сыртқы саясатында қалмақтармен қатынасы ерекше орын алды.

Қалмақтар - батыс моңғолдардың түркі тіліндегі аталуы, өз аталуы – ойрат, ал қытай жазбаларында – элиот. ХІҮ ғасырдың екінші жартысында тайпалардың ойрат одағы монғол хандығының билігінің астынан шығып, өз қолбасшылары (тайши) басқара бастады.

Ерлан   04.10.2011 18:36
Жаксы сайт , бірақ глоссарий болса аеще тема болып кеттин еди
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход