Menu
Билеты по казахскому языку с ответами (ГОСЫ 2012)
Билет №1

«Қазақстан – егеменді ел» тақырыбы бойынша әңгімеленіз.
Қазақстан – Еуразия құрылығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жері ұлан-байтақ. Қазақстан – 1991 жылдан тәуелсіз ел. Егеменді еліміздің өз рәміздері бар. Олар – Ту, Елтаңба, Әнұран. Еліміздің негізгі байлығы – оның халқы. Қазақстанның байырғы халқы – қазақ халқы. Оның тарихы бай, тарихи тұлғалары көп. Сонымен қатар біздің ел – көп ұлтты мемлекет. Онда 100 астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Тәуелсіздіктің тағы бір айрықша белгісі – үлттық валюта. Ол 1993 жылдың 15 қарашасынан айналымға енді. Теңге – Қазақстан Республикасының занды төлем құралы. Астанамыз – Астана қаласы. Астана болашғы үлкен, іскерлік және мәдени орталық. Президентііміз – Н. Ә. Назарбаев. Мен Қазақстанда тұратыныма мақтанамын. Отанымды, халқымды құрметтеймін.
Сөз өнері туралы мақал-мәтел жатқа айт.
Өнер алды – қызыл тіл.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл.
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Сөздің көркі – мақал, атасы – ақыл, анасы – тіл.
1. Сөйлем. Сөйлем түрлері.
Сөйлем дегеніміз аяқталған ойды білдіретін, өзара байланысқан бір немесе бірнеше сөз, сөз тіркестерін айтамыз.
Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді.
Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем. Мысалы: Кеше мен киноға бардым.
Сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі, сұраулық шылаулар, интонация арқылы жасалады. Мысалы: Кімнің кітабы бар? Сенде кітап бар ма?
Біреуге бұйыру, тілек, өтініш мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейді. Мысалы: Сен үйге бар. Сіз кітапты оқып беріңізші.
Лепті сөйлем сөйлеушінің көңіл күйін, сезімін, қуаныш, ренішін т. б. Білдіреді. Мысалы: Ауа қаңдай таза!

//Так как материала слишком много, остальное вы можете бесплатно скачать. Благодарности автору данных билетов по казахскому, его зовут Александр Воронин.
05.06.2012 19:56 Казахский язык Артем 6245 14648 0
Имя *:
Email: