Менің пікіріңше,қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау керек. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, көмек көрсету адамның ең бірінші парыз. Бала үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен бала арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықты үйретеді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, өзінде жақсы болар, әдепсіз болса ақымақты болар.
Адам-ең маңызды адамгершілігімен, әдебімен көрікті.
Әдептілік - өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.
Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзінен бастау білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.
Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.
№2 Мінуге байланысты мақал-мәтелдер жазу.
• Жалқаудың соры байлығы
• Жаманға жан жуымас
Жалқауға мал жуымас
• Жалқауға күнде той
• Бай ауызында семіз сөз
• Түйе сойған,
Ешкі сойғаннан дәметіпті
• Сыйлап берген су да тәтті
• Өзі тоймағаннан сарқыт дәметпе
• Семіз қозы пышаққа сұранып турады
• Айран ішкен құтылып
Шелек жалаған тұтылып
1.Ешкі қырыққан сайын бір өледі№
2.Үруккен ит үш күн үреді.
3.Өлімнен қорықсаң өлерсің.
4.Жаман айғыр енесіне тап берер.
5.Жаман сайға су түссе,
Өткел бермес кешуге,
Жаман адамға іс түссе,
Жаныңды сұрар шешуге.
6.Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.
7.Кекшіл болма, көпшіл бол.
8.Жақсы жүрген жеріне кент салады,
Жаман жүрген жеріне өрт салады.
9.Батыл болсаң, батыр да боласың.
10.Болат бүгілмес, шорт сынар.
№3 «ҚазҰУ – қазақ білімінің қара шаңырағы» тақырыбында эссе жазу
Өзіміз білім алған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шаңырақ көтергеніне де 75 жыл болып қалыпты. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының ортасында шәкірттерге алғаш рет есік ашқан университет үшін бұл мерзім аз ба, көп пе? Әрине, бүгінгі зымыран уақыттың өлшемімен есептесек, бұл мерзімді қас-қағымдай-ақ деуге болады. Ал біткен іс, тындырылған жұмыс тұрғысынан есептесек, аз уақыт емес.
Осы мерейтой қарсаңында қазақ ғылымы һәм білімінің ұстаханасымен тағдыры тоғысқан әрбір жанның толғанысқа түсері анық. Ойлап отырсам, университетте өткізген студенттік алтын дәуірім ғана емес, одан кейінгі өмір жолым да әрдайым осы оқу орнымен қиылысып отырған екен. Заң ғылымдарының кандидаттығын қорғауым, заң ғылымдарының докторы атануым, құрметті профессор атағын иеленуім, енді бүгін ұлттық университеттің тұңғыш рет құрылған түлектер қауымдастығының президенті болуым да осы айтқандарыма дәлел болса керек. Бүгінде сағынышқа айналған сонау өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы жастық шақ, албырт кезең осындай айтулы дата кезінде қайта-қайта еске түседі екен.
№4 Оқу, білім, ғылым туралы мақал-мәтелдер жазу.
• Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.
• Өмірдің өзі ұлы ұстаз
• Оқусыз білім жоқ
• Қағазды аты қалар
Ұста өлсе
Істеген заты қалар
• Кітап білім
Тілсіз мұғалім
• Білім арзан
Білу қымбат
• Мың малын болғанша,
Бір балаң ғалым болсын
• Күш білімде
Білім кітапта
• Білімдіге, дүние жарық
Білімсіздің күні кәрін
Білімді өлсе
• 1.Оқығаңды айтпа, тоқығаныңды айт.
• 2.Өмір – үлкен мектеп
• 3.Жер – ырыстың кіндігі,
• Білім – ырыстың тізгіні.
• 4.Күш – білімде, білім – кітапта.
• 5.Білек бірді, білім мыңды жығады.
• 6.Туа білмейді, жүре біледі.
• 7.Еңбегі жоқ ғалым – ыстығы жоқ жалын.
• 8.Құлақ естігенді көз көрер.
• 9.Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім
• 10.Шәкіртсіз ұстаз – тұл.
№5 Қазақ музыка онері (сегіз сөйлем)
Ауылдарды аралап жүретін әнші-өлеңші (әншілер), күйшілер, ақындар мен жыршылар ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналады. Жаңа кезеңде музыка өнерінің дамуына ХІХ–ХХ ғасырлар ортасындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықылас Дүкенов, Мұхит Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады.
ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Аз ғана уақыттың ішінде республика еуропалық классикалық музыка-операның, симфонияның, балет инструменталды концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады.
Қазақтың халық әндерін мәтіндік жалпылығына және музыканы айту мәнеріне қарай эпикалық, еңбек, отбасы-тұрмыстық, балалар, лирикалық, тарихи, әлеуметтік наразылық тағы сол сияқты әндер деп бөлуге болады.
№6 «Ән айтсаң да жаныңды жеп айтасың» (5 сөйлеммен өз ойын жазу).
№7 «Қазақ кино онері» тақырыбында эссе жазу
Қазақ жеріне алғашқы хроникалық фильмдер 1928 жылдан түсіріле бастады. Сол жылы РСФСР Халық Комиссарлары Советі жанынан “Востокфильм” киноқоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда қоғамның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы “Соңғы хабар” атты киножурнал шығарып тұрды. Режиссер В.А.Турин Түркістан-Сібір Теміржол магистралі жайлы “Турксиб” атты деректі фильм қойды. 1930-32 жылдары қазақ өмірінен “Дала әндері”, “Жұт”, “Қаратау қазынасы” фильмдері қойылды.
1941 жылы Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдастырылды. Ол техникалық-өндірістік базасы жағынан ұлғайып, 1944 жылы 1944 жылы Алматының көркем және деректі-хроникалық фильмдер студиясы (1960 жылдан “Қазақфильм”) деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап, 1975 жылдарға дейін 100-ден астам көркем фильм және 500-ге жуық деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан.
№8 Қазақ киносының біріне тоқталу (5-7 сөйлем).
№9 «Қазақ шешендік өнері» тақырыбында эссе жазу.
Халқымыздың психологиясын аса биіктен көрсететін ұлттық ерекшеліктерінің бірі – суырып салма шешендік. Ш.Уәлиханов: «Қазақ шешендікке құмар, сөз өнерін, әсіресе әзіл-оспақты жаны сүйеді» – деп айтқан еді.
Шешен сөйлей білу – адамдардың асыл қасиеттерінің бірі. Халық оны өзгелерге психологиялық жағынан әсер етудің ерекше құралы, тәсілі деп те санаған.
Шешендік өнер дарыған кісі отаншыл, елінің салт-дәстүрін айтуға болуы керек.
Шешендіктің мысалы ретінде қазақ халқының айтыс өнерін айтуға болады.
№10 Сөз өнері, шешендік туралы мақал-мәтелдер жазу.
1.Шешендік күші – шындық.
2.Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
3.Батырды шешен аттан түсіріпті.
4.Айтылған сөз – атылған оқ.
5.Көңіл көзін сөз ашар,
Сөйлемесе кір басар.
6.Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.
7.Көп сөз – күміс,
Аз сөз – алтын.
8.Аз сөйлесең де саз сөйле.
9.Айтуға оңай, істеуге қиын.
№11 «Қазақ театры өнері» тақырыбында эссе жазу.
Қазақтың кәсіби театр өнері 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымы көрсетілуімен ресми түрде ашылды. Оның директоры және көркемдік жетекшісі Ж.Шанин, әйгілі әртістері мен әншілері Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, И.Байзақов, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, Ғ.Абдуллин қазақ театры өнерінің қалаушылары болып тарихта қалды.
1928 жылы бұл театр Қызылорда қаласынан жаңа астана Алматыға қоныс аударып, театрдың шығармашылық құрамында К.Байсейітова, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, У.Тұрдықұлова сияқты өнер майталмандары өнер көрсетсе, ал 30-шы жылдардың ортасында Қ.Қармысов, С.Телғараев, Ә.Үмбетбаев, Р.Қойшыбаевалар қосылды. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді.
60-шы-90-шы жылдар қазақ театр тарихындағы шығармашылық ізденістердің жарық кезеңі болып саналады. М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылған спектакльдер театрдың алтын қорына енді. Олардың ішінде Катерина ролінде Х. Бөкеева ойнаған А. Островскийдің «Грозасы», Гарпагон ролінде Қ. Қармысов ойнаған Ж. Б. Мольердің «Сараңы», Катарина мен Петруччио рөлдерінде Х. Бөкеева мен Ш. Айманов ойнаған В. Шекспирдің «Асауға тұсауы», Тоғанай рөлінде С. Майқанова ойнаған Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-Анасы», Мольердің ролінде Н. Жантөрин ойнаған М. Булгаковтың «Кабала святошы» басты рольдерде А. Әшімов, Ф. Шәріпова және Ы. Ноғайбаев ойнаған Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тері» (1973 ж., реж. Ә. Мәмбетов) ерекше орын алады.
Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңінен Астана қаласында 1 опера және балет театры, 8 драма және музыкалық драма театры және 2 қуыршақ театры ашылды.
№12 Сахна шеберінің біріне сипаттама жазу.
№13 «Дүние жүзіндегі тілдер» тақырыбында эссе жазу.
№14 Тіл туралы қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа жазу.
• Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
• Кітап-ғылым — тілсіз мұғалім.
• Оқу алды — қызыл тіл,
бірден соңғы мергеншіл.
• Кылышынан кан тамған батырды,
Тілінен бал тамған акын алады.
• Өнер алды – кызыл тіл.
• Тіл тас жарады,
Тас жармаса,
Бас жарады.
• Баска пәле тілден
• Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
• Ең тәтті де – тіл,
Ең ашты да – тіл,
Ең жұмсак та – тіл,
Ең катты да – тіл
1.Ананың сүті-бал,
Баланың тілі-бал.
2.Өнер алды- қызал тіл!
3.Шебердің қолы ортақ,
шешеннің тілі ортақ.
4.Тіл қылыштан өткір
5.Басқа пәлі тілден
6.Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ
7.Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді
8.Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады
9.Көп сөз-көмір,
Аз сөз-алтын
10.Жеті елдің тілің біл,
Жеті түрлі білім біл
№15 «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында эссе жазу.
Денсаулық – бұл күрделі ұғым. Көптеген ғалымдар оған әртүрлі анықтама береді, бірақ олардың бәріндегі негізгі көзқарас шамамен бірдей. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Профессор В.П.Казначеевтің айтуы бойынша « денсаулық деп, біз адамның белсенді өмірінің ұзақтығы жағдайындағы биологиялық және физиологиялық функциясын, еңбек қабілеті мен әлеуметтік белсенділігін сақтау және дамыту процесін түсінеміз».
Денсаулық күйіне қоршаған орта жағдайларының да ықпалы бар. Адам денсаулығына температура, жарық, ылғал, ауаның, судың құрамы және көптеген басқа заттар әсер етеді. Денсаулықтың негізгі қызметі адамның дамуы мен тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезде денсаулық сақтау жөніндегі дүниежүзілік ұйымның тұжырымдауы бойынша денсаулықтың мынадай анықтамасы қабылданған: « Денсаулық – бұл аурудың және дене кемістігінің болмауы ғана емес, ол толық тәндік, психикалық және әлеуметтік саулығы ».
№16 Адам денсаулығына зиянды әдеттер. (5 сөйлем)
Алкоголь ( ішімдік) улы заттардың аса қауіпті түрінің бірі болып табылады, ол да өзіне тәуелді ететін есірткінің бір түрі. Оны ішкен кезде аз уақытқа адамның көңіл күйі көтеріледі. Сондықтан да бір-екі рет ішіп көрген соң әртүрлі себептерді сылтауратып, адамның оны тағы да ішкісі келіп тұрады. Осылайша бірте-бірте оған құмарлық пайда бола бастайды. Әсіресе, жас адамдар еліктегіш келеді.
Жасөспірімдер көп жағдайда ішімдікті белгілі бір жағдайда, яғни, өзін мезі еткен проблемалардан құтылу мақсатында, қыздармен пікірлесу кезінде ұяңдықты жеңуге, кештерде өзін батыл және сенімді көрсету үшін пайдаланады. Бұл себептердің барлығы маскүнемдікке салынудың басты жолдары болып табылады. Осындай түкке тұрмайтын себептермен күнде ішеді. Таңертеңгісін ұйқыдан тұрған соң басы ауырып, мең-зең болып, көңіл-күйі нашарлап оянады да бір жүз грамды ішке тастағаннан кейін жадырап, күлімдеп шыға келеді. Ішімдікке әуес болудың басты себептеріне жататындар:
а)өзінің бос уақытын дұрыс ұйымдастыра алмау;
ә)ішімдіктің денсаулыққа зиянды әсерін білмеу;
б)тұқым қуалаушылық;
в)өзін-өзі бағаламау.
Мас болу – аса қауіпті тосын жағдайлардың бірі. Статистика мәліметтері суға батқан адамдардың көпшілігінің мас күйінде болатынын, әрбір бесінші жол-көлік оқиғасының ішімдікке байланыстылығын, кісі өлтіру мен зорлықтың едәуір үлесінің мас күйінде жасалатындығын көрсетіп отыр. Ішімдікке мас болған күй ауыр қылмыстардың басты себептерінің бірі болып табылады. Ішкіш адам өзін және өзінің жасаған ісін сын көзбен бағалай алмайды. Ешқандай себепсіз адамда бүлікшілдік, кекшілдік, қатыгездік пайда болады. Әсіресе жас адамдардың, жасөспірімдердің, балалардың ішімдік ішуі ерекше қауіпті. Адам неғұрлым жас болса, оның организмінің ішімдікке төзімділігі төмен болады да, соғұрлым тез бейімделеді.
. Сондықтан бабаларымыздың “Арақпен достасқаның - адамгершілікпен қоштасқаның”, - деп айтып кеткен салауатты сөзін есте ұстауымыз қажет болар. Ішімдік адамды әртүрлі қылмысқа итермелеп, адамның жан-дүниесін моралдық күйзеліске алып келетіндігі жадымызда болғаны жөн.
Статистика мәліметтеріне жүгінсек, арақ-шарапты пайдалану адам өмірін 10-15 жылға қысқартады екен. Одан басқа маскүнемдіктің бұзақылық пен қылмысқа итермелейтіні өз алдына бір мәселе. Осылайша небір дарынды адамдарымыздың арақтың кесірінен өз биігіне жете алмай өмірден өтіп жатқаны өкінішті-ақ. Осы жәйттар басқаларға сабақ болуы тиіс.
Темекі тарту
яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.
Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады.Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады..
Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады. Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қан тамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар етеді.
Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.
Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.
Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян.
Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.
Нашақорлық - бұл есірткі заттарды (гашиш, марихуана, героин және басқа) қолдану салдарынан пайда болатын ауру. Нашақорлық, яғни наркомания ежелгі гректің “нарко” деген сөзінен шыққан, ол “қозғалыссыздық”, ал “мания” “ессіздік” деген мағынаны білдіреді. Осы ұғым бұл аурудың нағыз мәнін сипаттайды. Есірткі қабылдайтын барлық адамдар есірткі заттарға тәуелді болып, соның салдарынан оларға барған сайын үлкен доза керек болады.
Есірткі заттарға апиын (опий), кокаин және басқалар жатады. Апиынға құмарлық- адамзат тарихындағы ең ежелгісі. Ол көкнәрдан жасалған заттарды қабылдаумен байланысты. Морфий 1806 жылы опийдан алынған. Оны Наполеон әскерінің әскери химигі ашқан. Ағылшын ғалымы Вуд морфийды ауруды басатын дәрі ретінде теріге енгізуді ұсынады. 1875 жылы “морфийшілдік” деген термин пайда болды. Апиынға құмарлық өте жылдам дамитынын айта кеткен жөн. Кокаин де бізге ежелден жеткен препараттардың бірі болып саналады. Неғұрлым көп тарағаны кенеп шөп немесе қара сора ( конопля), гашиш,анаша, марихуана препараттарын қолдану.
Есірткінің адам организміне әсерін зеттеуге австралиялық дәрігер Зигмунд Фрейд үлкен үлес қосқан. Ол алғаш рет кокаинді қолданудан кейін дамитын “кокаиншілдік” ауруының белгілерін сипаттап берді. Өткен ғасырдың ортасында кокаиншілдік толқыны Солтүстік Америка елдерінде кеңінен тарады.
№17 «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» тақырыбында эссе жазу.
№18 Тіл туралы қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа жазу.
Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,
Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.
Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.
№19 «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында эссе жазу.
Менің мамандығым қаржыгер. Маған менің мамандығым өте ұнайды. Қаржыгер мәртебелі мамандық. Әрбір мекемеде осы мамандық пайдалы.
№20 Қазақ тіліне туыс тілдер туралы (5 сөйлеммен ).
№21 «Адам көркі – шүберек» тақырыбында эссе жазу.
№22 Белгілі киножұлдыздың сырт келбетін суреттеу.
№23 «Жақсы сөз – жарым ырыс» тақырыбында эссе жазу.
№24 Қазақ ақындарының тіл туралы өлеңдерінің бірін жатқа жазу. (3-4 шумақ)
Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,
Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.
Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.
№25 «Бос уақытты қалай өткізуге болады?» (эссе жазу).
Менің кешкі уақытым теледидар көрумен кетеді.
Мен көбіне кітап, газет-журнал қараймын.
Теледидардан көп жаңалықтар естисің, демаласың. Кейде интернетпен жұмыс істеймін.
Менің ойымша теледидар, бейнетаспалар, компьютерлік дискі, интернеттің кең таралуына қарамастан кітап жеке адамның рухани өсуінде маңызды құрал болып қала бермек. Тіпті компьютерлік технология ғасырында кітапты ешнәрсе ауыстыра алмайды.
Әрине, оған дауым жоқ, бірақ мен компьютер немесе теледидардан бір нәрсе көру керек болса, жібере алмаймын. Содан кітапқа уақыт қалмай да қалады.
Сабақ аяқталған соң спорттың пайдасы жөнінде маман дәрігермен кездесу болады.
Жақсы дем алу, спортпен айналысу, денсаулықты күту. Күнделікті тірлік қана емес, өмірдің көптеген жағына қызығушылық таныту, ақыл-ой көкжиегін кеңейту, көп оқу, көп іздену, күйгелек болмау – өзге жол жоқ.
Бұлшық еттер шынығады, жақсы демалады, қатаяды, нәтижесінде сымбатты да ширақ дене мүсіні, жеңіл де әдемі жүріс, жақсы көңіл-күй пайда болады. Дене жүктемесі арқылы тамаққа деген тәбетті де реттеуге болады. Дене жаттығулары арқылы адам бойына күш, ширақтық, шыдамдылық сияқты қасиеттер жинақтай алады.
Спортпен шұғылданатындардың өмір жасының ұзақтығы В.М. Зациорский шетелдің жалпы көрсеткіштеріне қарап анықтайды. 1828-1928 жылдар ішінде спортпен шұғылданған адамдардың өлім шығыны азайды. Спортпен айналысқан студенттердің орта жасы 67 жас, спортпен айналыспаған студенттердің жасы 61,6 жас болады.
5-студент: Сізде хобби бар ма?
Дәрігер: Дәрігер: Хобби деп кейде адамдар өзіне ұнайтын іспен айналысқанды айтады.
Хобби деуге келе ме, келмей ме, өзім ауылды жерде өскесін бе, ауыл шаруашылығын қатты ұнатамын. Біле білгенге он үлкен өнер, ғылым. Біз адамдар қанша жасанды дүние құрастырып шығарғанымызбен табиғаттың жасаған кереметін қайталай алмаймыз. Кез келген шөп болсын, ағаш болсын, жеміс болсын, жидек болсын өте әдемі, жетік қой. Солармен үндестік таба білу ғажап қой!
№26 Алматының көрікті жерлері. (5-7 сөйлем).
Алматыда минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түркісіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия - ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.
Сол биікке көк аспан іңкәр болса, тәкәппар Оқжетпес етегіндегі Айнакөлге қарап өз көркіне өзі құмартады. Күміс көл айнала сұлулыққа әсем жарасып, сылқ-сылқ күледі. Мөлдіреген жанары, періште көңілі кіршіксіз.
"Шеш көңілімнің жұмбағын" деп қылықты назданған Жұмбақ тас көл бетінде жеңіл жүзгендей. Ғасырларды сұқтандырған, дәуірлерді тамсандырған ерекше көрініс, өз алдына құпия әлем. Сол әлемге атам қазақтың ұлы тарихы тұнған. Көкшенің көркіне, хор қызындай жасанған келбетіне қарап аршылғың келеді, көлеңке атаулыдан арылғың келеді. Судан сапырылысқан заманның аласапыранында бір сәт дамылдағың келеді. Көкшені берген, көріктіңді берген жаратқанға мың да бір алғысыңды ағыңнан жарыла айтқың келеді. Ару Көкшедей ажарлы болғың келеді.
Алматыда өте әдемі үлкен Әуезов атындағы театр бар. Алматыда үлкен орталық стадион бар. Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы бар. 25 қабаты қонақ үйі бар, аты Қазақстан. Оның жанында Республика сарайы бар.
№27 «Қызыл кітап» туралы эссе жазу.
Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктер миллиондаған жылдар бойы даму барысында қалыптасты. Адамдардың шаруашылық әрекетіне байланысты жер бетіндегі организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Әсіресе жабайы жануарлар көп қырылды, себебі адам баласы аң аулаудың неше түрлі тәсілін қолданды. Ормандағы ағаштарды қырқып, өртеп, орнына егіс екті, жабайы аңдар мен құстардың бұрынғы табиғи жағдайы күрт өзгеріп, мекенін өзгертіп, кейбір түрлері құри бастады. Мысалы, ХІХ ғасырда жер бетінен жануарлардың 10 түрі жойылып кеткен болса, ХХ ғасырдың бірінші жартысының өзінде-ақ 40 түрі құрып кетті. Қазіргі уақытта тек омыртқалылардың 600-ден астам түрінің жойылып кету қаупі төніп отыр. Айталық, Х ғасырдың басында Еуропа жерінде қаптап жүрген жабайы "тур" сиырларының Польша жерінде ең соңғысы 1627 жылы өліп бітіпті. Витус Беринг экспедициясы құрамында болған зоолог Стеллер ашқан су сиыры бар жоғы 28 жыл ішінде жер бетінен мүлдем жойылған.
№28 Қазыбек бидің қалмақ ханына барғандағы сөзін жатқа жазу.
Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
- Жұмыр басты, екі аяқты адамымның өзін қайыр, төрт аяқты айдынды бозымның көзін қайыр. Ерім үшін құн алмай өлісемін, бозымның көзі жоқ болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте тапап аламын дегенде, Қоңтажы:
- Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде оның жарық еткен айбыны Қоңтажыдай ханды да сескендіреді. Төлеуі толық болса – ендігәрі есте жүреді, - дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да шапқыншылыққа түскен балалармен қоса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толық төлеуін алып қайтады.
- О хан, сен ел шабуды қоймадың, мен елшілікке келуден танбадым, - дейді. Қоңтажы бұған:
Қазыбек:
- Бір жарым ұлым бар, - деп жауап береді. Хан бұған таңданып:
- Бір жарымы қалай? Сенде дығырдай бес ұл бар деп еститін едім, - дейді.
Хан оған:
- Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал мал мен қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты. Қоңтажа өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала келіп: “Осыны тәрбиеле”, - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.
№29 Қазақстан экологиясы туралы эссе жазу
Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.
Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн. тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн.тонна шаң-тозаң, 5 млрд. тонна көмір қышқыл газы, 1 млн. тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі.
№30 Әйтеке бидің сөзін жатқа жазу.
- Ассалаумағалейкүм, ағалар?
- Әликімүссалам. Кімнің баласысың?
- Бәйбек баласымын.
- Бәйбектің баласы болсаң, білетін шығарсың, Қосуақ бидің ауылы қайсы?
- Айтайын, онда не шаруаларыңыз бар еді?
- Ойнап жүрген баламызды осы елдің бір адамының аты теуіп өлтіріп, соған құн даулап Қосуақ биге жүгінгелі келеміз.
- Қосуақ бидің үйі анау тұрған боз үй. Егер балаңызды ат босағада тепсе бүтін құн, жабықта тепсе жарты құн, түзде тепсе төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осылай демесе осып айтар, жолдарыңыз болсын,- депті әлгі бала.
№31 «Мен туған жер» тақырыбында эссе жазу.
Менің тұған жерім Риддер қаласы. Осы қала үлкен емес, өнеркәсіпті, көп шахталар және зауыттар бар. Айналасында тау және орман. Қыс суық болады, қар көп түседі.
Орманда майқарағай өседі, оның жаңғағы болады. Қалада көп орыс тұрады. Қазақтар аз. Мен орыс арасында өстім, сондықтан нашар білемін.
№32 Төле бидің сөзін жатқа жазу.
Төле би атынан айтылатын толғаулар да аз емес:
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың.
Екінші – жиғаның,
Үшінші – ырысыңның тұрағы... –
деп, мақал-мәтел үлгісінде қисыңдырып берілген сөз түйіні, ұлағатты ой жиынтығы толық байқалады.
№33 «Қазақстанның жарқын болашағы – жастардың қолында» (эссе жазу).
Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.
Қазіргі заман талайына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан жылға көбейтіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.
№34 Туған жер туралы мақал-мәтелдер жазу.
1.Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елін табар.
2.Үйде оңбаған,
Түзде де оңбайды.
3.Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіне өзің жеткенің.
4.Ер – елінде,
Гүл – жерінде.
5.Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл.
6.Ел іші – алтын бесік.
7.Отан оттан да ыстық
♦Ер — елінде, гүл — жерінде.
♦Өз елінде көртышқан да батыр.
♦Өз елінің иті де қадірлі.
♦Ауыл итінің құйрығы қайқы.
♦Отан үшін күрес –ерге тиген үлес.
♦Құртақандай торғай да өз ұясын қорғайды.
♦Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.
♦Үйде оңбаған, түзде де оңбайды.
♦Елінен безген ер болмас,
Көлінен безген қаз болмас.
♦Сағынған елін аңсайды,
Сары ала қаз көлін аңсайды.
♦Жат жердің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
♦Егілмеген жер жетім,
Елінен айырылған ер жетім.
♦Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.
№35 «Болашақ» бағдарламасы туралы эссе жазу.
Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді.
Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шет елдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай-ақ шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.
№36 Есірткі қолданушыларға көзқарасыңыз бен кеңесіңіз қандай?
Ескірті қолданбаймын, жеп көремін. Жолдастарымада айтам есірткені ауыздарына алмандар, қолданбандар. Есірткені қолдандарған болашағы жоқ. Өзің адам ұстау керек, өмір сүру керек.
№37 Елбасы және жастар тақырыбында эссе жазу
Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертең ғалым, қазақстандық компаниялардың менеджері болатын студенттер мұны жақсы түсінуі тиіс.
Жастардың білімдері, күш-жігерлері мен еңбектері күшті де өркенді Қазақстанды орнатуға жұмыс істейтініне сенім мол.
Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.( Н. Ә. Назарбаевтың “Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына” атты лекциясынан ықшамдалып алынды. Егемен Қазақстан, 27 мамыр, 2006жыл).
№38 Мінезге байланысты мақал-мәтелдер жазу.
• Жалқаудың соры байлығы
• Жаманға жан жуымас
Жалқауға мал жуымас
• Жалқауға күнде той
• Бай ауызында семіз сөз
• Түйе сойған,
Ешкі сойғаннан дәметіпті
• Сыйлап берген су да тәтті
• Өзі тоймағаннан сарқыт дәметпе
• Семіз қозы пышаққа сұранып турады
• Айран ішкен құтылып
1.Ешкі қырыққан сайын бір өледі№
2.Үруккен ит үш күн үреді.
3.Өлімнен қорықсаң өлерсің.
4.Жаман айғыр енесіне тап берер.
5.Жаман сайға су түссе,
Өткел бермес кешуге,
Жаман адамға іс түссе,
Жаныңды сұрар шешуге.
6.Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.
7.Кекшіл болма, көпшіл бол.
8.Жақсы жүрген жеріне кент салады,
Жаман жүрген жеріне өрт салады.
9.Батыл болсаң, батыр да боласың.
10.Болат бүгілмес, шорт сынар.
№39 Қазақ халқының дүниетанымы (эссе жазу).
№40 Қара өлең құдіреті (бір ақынның өлеңін жатқа жазу).
ҚАЙРАН ШЕШЕМ...
Уақыты: 2008-10-18
Өлеңді жазған: Әділбек Ыбырайымұлы
Түсімде де кеспіріңде мұң қалың,
Әлденені маған айтып, бұлдадың.
Әжіміңді жас ағады қуалай,
Суындай боп, көктемгі бір жылғаның.
Қайран шешем, қорлыққа анық қамалған,
Тағдырының татасына таланған.
Қаңырығың ылғи түтеп жүреді,
Бір рахат көрмедің-ау балаңнан.
Амал қанша,
Болмағаны қам, айлам,
Көшіп кеттім, қоныс таппай маңайдан.
Жиі оянам көз жасыма тұншығып,
Сен түсімнен шықпайсың ғой
Талайдан.
Жүрсің-ау сол, әр нәрсеге қамығып,
Көз жұмарсың түн ішінде талығып.
Бейнеттерге белшеңнен кеп, батасың,
Отырғанда ел бақ-дәулетке малынып.
Қайран шешем, қорлық көрген жалғаннан,
«Ұл таптым» деп, сол бір сөзді малданған.
...Бәрімізді жалғыз өзің асырап,
Күллі ауылды таң қалдырдың,
Таңданған.
№41 Қазақстандағы білім беру туралы эссе жазу.
Білім беру саласындағы жаһандану да бірқатар үрдістерімен сипатталады. Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Білім беру барған сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей түсінілуден қалады. Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасының жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Ақыр соңында білім берудің халықаралық интеграциясы дамуда. Білім беру ұлттық басымдық категориясынан әлемдік басымдық категориясына өтуде.
Технологиялық тұрғыда дамыған елдерде ғылыми талдамалар жүйесінде маманды оқытумен ғана емес, сонымен бірге техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізумен айналысатын ғылыми кешендер болып табылатын университеттер ерекше рөл атқарады.
№42 Жеке меншік және мемлекеттік оқу орындары туралы 5 сөйлем жазу.
Қазақстанда жеке меншік және мемлекеттік оқу орындары бар. Жеке меншік және мемлекеттік мектептер, жоғары оқу орындары, университеттер, институттар, колледжлар бар. Бәрі жеке меншік оқу орындары қаржы төлеп оқиды. Мемлекеттік орындары грантпен оқиды. Мемлекеттік оқу орындары сенімді.
№44 ҚазҰУ факультеттері туралы 5-7 сөйлем жазу. ҚазҰУ факульттері: химия, физика, механика-математика, халықаралық қатынастар, биология, география, тарих, философия және саятсаттану, журналистика, филология, заң, экономика және бизнес, дайындық бар.
Химия факультеті химик мамандық береді.
Физика факультеті физик мамандық береді.
Механика-математика факультеті программист мамандық береді.
Биология факультеті биолог мамандық береді.
Экономика және бизнес факультеті экономист, финансист, бухгалтер, аудитор, маркетолог, менеджер мамандықтар береді.
№45 ҚР «Болашақ» бағдарламасы туралы эссе жазу.
Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді.
Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шет елдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай-ақ шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.
№46 Тіл туралы қазақ ақындарының бір өлеңін жатқа жазу.
Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,
Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.
Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.
№47 Қазақстан қорықтары туралы эссе жазу.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн. гектар. Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 3 табиғат ескерткіштері бар.
Қорық – ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қорығы – құланды, Қорғалжын қорығы – қоқиқазды, Үстірт қорығы – дала қойын, Алматы қорығы - Тянь-Шань шыршасын сақтап, көбейту мақсатында құрылған.
№48 «Қызыл кітаптың маңызы» деген тақырыпта 5 сөйлем жазу.
Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктер миллиондаған жылдар бойы даму барысында қалыптасты. Адамдардың шаруашылық әрекетіне байланысты жер бетіндегі организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Әсіресе жабайы жануарлар көп қырылды, себебі адам баласы аң аулаудың неше түрлі тәсілін қолданды. Ормандағы ағаштарды қырқып, өртеп, орнына егіс екті, жабайы аңдар мен құстардың бұрынғы табиғи жағдайы күрт өзгеріп, мекенін өзгертіп, кейбір түрлері құри бастады. Мысалы, ХІХ ғасырда жер бетінен жануарлардың 10 түрі жойылып кеткен болса, ХХ ғасырдың бірінші жартысының өзінде-ақ 40 түрі құрып кетті. Қазіргі уақытта тек омыртқалылардың 600-ден астам түрінің жойылып кету қаупі төніп отыр. Айталық, Х ғасырдың басында Еуропа жерінде қаптап жүрген жабайы "тур" сиырларының Польша жерінде ең соңғысы 1627 жылы өліп бітіпті. Витус Беринг экспедициясы құрамында болған зоолог Стеллер ашқан су сиыры бар жоғы 28 жыл ішінде жер бетінен мүлдем жойылған.
№49 «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында эссе жазу.
Менің мамандығым қаржыгер. Маған менің мамандығым өте ұнайды. Қаржыгер мәртебелі мамандық. Әрбір мекемеде осы мамандық пайдалы.
№50 Жеке меншік
NURBEK 14.11.2011 22:51 eu salamaleikum kalaisyndar men agtu da okimyn xa xa xa
|
98 23.05.2011 19:30 assalaumaleikum halaik biologia biletin kalai tabuga boladi
|
Елжааан 18.05.2011 02:03 ассалямуалейкум бауырларым! әлуметтанудан тест сұрақтарына жауап қайдан тапса болады?
|
альмира 13.05.2011 00:23 просто ужас!!!
|
Даметкен 29.04.2011 00:26 ҚазГУ-да биылғы жылғы журналистикага арналган емтихан қай уақытта болады???
|
Даметкен 29.04.2011 00:25 ҚазГУ-да биылғы жылғы журналистикага арналган емтихан сұрақтары болса........
|