Menu
Мақсатты келер шақтың аналитикалық формасы
Мақсатты келер шақ (аналитикалық формасы)
Мақсатты келер шақ алда, келешекте істеуге ниет етілген, жоспарланған әрекетті білдіреді (Будущее намерения используется для обозначения действия, которое должно быть совершено после момента речи, или выражает намерения такого действия). Мысалы, Мен хат жазайын деп едім (Я хотела бы писать письмо).
...... + -айын / -ейін + деп еді + жіктік жалғау
-йын / -йін
-айық / -ейік
-йық / -йік

Мысалы,
(мен) айтайын деп едім Біз айтайын деп едік
(сен) айтайын деп едің Сендер айтайын деп едіңдер
(Сіз) айтайын деп едіңіз Сіздер айтайын деп едіңіздер
(ол) айтайын деп еді Олар айтайын деп еді

Жаттығу 1. Көп нүктелердің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз. Керекті қосымшалар: -айын / -ейін, -айық / -ейік, -йын / -йін, -йық / -йік; -м, -ң, -ңіз, -к, -ңдер, - ңіздер. Вставьте вместо точек нужные аффиксы.

Мен факс арқылы ақпараттық хат жібер..... деп еді..... Сен керек тауарларды дүкендерден сатып ал..... деп еді..... Клиенттер тауарларды көр.... деп еді. Біз фирмамен келісімшартқа отыр.... деп еді.... . Сіздер екіжақты келісімшартқа қол қоя.... деп еді.... . Сендер құралдарды көтерме бағамен сатып ал.... деп еді..... . Олар спорт құралдарына тапсырыс бер.... деп еді. Сіз фирмамен хабарлас..... деп еді..... .
Жаттығу 2. Сөйленістерді аяқтаңыз. Закончивайте предложения.
- Маған волейбол добын көрсетесіз бе ? ...............................................
- Келісімшартты бересіз бе? ...............................................
- Досыма велосипед керек. ...............................................
- Факс бос па? ...............................................
- Біз фирманың тұрақты клиенттеріміз. ...............................................

Өзіміздің жеңілдіктерімізді пайдаланайын деп едік.
Мен қолымды қояйын деп едім.
Ол велоспортпен айналысайын деп еді.
Мен доп сатып алайын деп едім.
Біз құжаттарды жіберейік деп едік.

Грамматикалық тест тапсырмалары
1. Көп нүктелердің орнына тиісті сөз: Біз тұрақты тұтынушыларымызға .... жасайық деп едік.
А) қол қояйық;
ә) тапсырыс;
б) жеңілдіктер;
в) құжат;
г) көреме бағамен

2. Көп нүктелердің орнына тиісті қосымшалар: – Сіз көтермен бағамен сатып ал.... деп пе еді.....?
А) – айық; –с із;
ә) – айын; –ңіз;
б) –ейін; –с ің;
в) –айын; –сің;
г) –йық; –ңіз

3. Көп нүктелердің орнына тиісті тіркес: Сен ұзақ жолға жарамды спорт велосипедіне ...... деп едің.
А) айналысайын;
ә) сатып алайын;
б) көрейін;
в) тапсырыс берейін;
г) жеңілдіктер жасайын

4. Мағынасы жағынан жақын сөйлемді белгілеңіз. Отметьте близкое по значению предложение.
Біз көтерме бағамен сатып алмақшы едік.

А) Біз көтерме бағамен сатып алғымыз келмейді;
ә) Сендер көтерме бағамен сатып алайын деп едіңдер;
б) Біз көтерме бағамен сатып алдық;
в) Біз көтерме бағамен сатып алайын деп едік;
г) Біз көтерме бағамен сатып аламыз.

5. Көп нүктелердің орнына тиісті қосымшалар: – Сендер фирмамыздың қызметі туралы айт.... деп еді.....
А) –йық; –ңіз
ә) – айық; –с іздер;
б) –ейін; – ңдер;
в) –айын; –сің;
г) – айын; –ңдер;

6. Мағынасы жағынан жақын сөйлемді белгілеңіз. Отметьте близкое по значению предложение.
Ол фирмамен хабарласайын деп еді.
А) Оның фирмамен хабарласқысы келеді.
Ә) Ол фирмамен хабарласар.
Б) Ол фирмамен хабарласты.
В) Мен фирмамен хабарласайын деп едім.
Г) Біз хабарластық.

7. Сөйлемге тиісті сұрақты белгілеңіз.
Мен бір тауарларға тапсырыс берейін деп едім.
А) Сіз қандай тауарға тапсырыс берейін деп едіңіз ?;
ә) Ол қандай тауарға тапсырыс берейін деп еді?
б) Қаншадан? Неден?
в) Сіз қайдан тапсырыс берейін деп едіңіз?
г) Кім тапсырыс берейін деп еді?

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттап алыңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.

жұқа мақта матасынан тігілген костюм
костюм сшито из тонкой хлопчатобумажной ткани
көрейін деп едім я хотел (а) бы посмотреть
сапалы жасалған велосипедтері качественно сделанные велосипеды
тері кожа
әрқайсысының өзіндік артықшылықтары бар у каждого есть свои преимуществы
ұзақ уақыт пайдалануға болады можно пользоваться долгое время
барлық жабдықтары түгел вся снаряжения имеются
Қандай кеңес берер едіңіз ? Как вы посоветовали бы?
ұзақ жолға жарамсыз не годиться на долгую дорогу
ақысыз жеткізіп бере аламыз можем бесплатно доставит

- Сәлеметсіз бе! Мына спорт костюмі және футболка қандай матадан? Неден тігілген я тоқылған?.
- Сәлеметсіз бе! Бұлар - жұқа мақта матасынан тігілген спрот костюмдері мен футболкалар.
- Рақмет! Спорт құралдарын да көрейін деп едім.
- Қараңыз! Оң жағыңызда жақсы теріден тігілген түрлі доптар, сапалы жасалған спорт велосипедтері, тағы басқа құралдар тұр.
- Спорт велосипедтері қайдан әкелінген? Қандай фирмалардың өнімдері?
- Еуропа елдерінен және Ресейден әкелінген велосипедтер бар. Қытай фирмаларының да өнімдері бар.
- Мен сапалы ұзақ жолға жарамды велосипед алайын деп едім. Сіз қандай фирманың өнімін сатып алуға кеңес берер едіңіз ?
- Әр фирманың өнімінің әрқайсысының өзіндік артықшылықтары бар. Мысалы, сапалы темірден жасалған мына спорт велосипедін ұзақ уақыт пайдалануға болады, бірақ алып жүруге ыңғайлы емес, ауыр. Ал мына велосипед алып жүруге ыңғайлы, бірақ ұзақ жолға жарамсыз.
- Түсіндім. Маған алдыңғы айтқан велосипед ұнады. Соны алайын.
– Жақсы. Ол - өзіміздің отандық тауар, Қарағандыдан әкелінген велосипед. Барлық жабдықтары түгел.Үйге дейін ақысыз жеткізіп бере аламыз.
– Көп рақмет!

1. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» түрінде жауап беріңіз. Ответьте на вопросы утвердительно (иә) или отрицательно (жоқ).

1. Сатып алушы спорт тауарлары бөлімінде.
Иә
Жоқ

2. Супермаркетте ақысыз қызмет түрлері жоқ.
Иә
Жоқ

3. Сатып алушы темірден жасалған велосипедті таңдады.
Иә
Жоқ

4. Супермаркетте отандық тауарлар жоқ.
Иә
Жоқ

5. Сатушы шетелден әкелінген велосипедті сатып алуға кеңес берді.
Иә
Жоқ

2. Көп нүктелердің орнына тіркестерді мағыналық сәйкестікте орналастырыңыз. Вставьте вместо точек словосочетания по смысловому соответствию.
1. Велосипедтер шетелден әкелінген …………………………………………..
2. Спорт құралдары сапалы жасалған …………………………………………..
3. Супермаркет жақсы қызмет көрсетеді ………………………………………
4. Сатушы тауар туралы ақпарат берді ……………………………………..
5. Ақысыз қызмет түрі көрсетіледі ………………………………………
6. Құралды ұзақ уақыт пайдалануға болады ………………………………………
7. Сатып алушы велосипед таңдады …………………………………………

ұзақ уақыт пайдалануға болатын құрал ақысыз көрсетілген қызмет түрі
жақсы қызмет көрсететін супермаркет сатып алушы таңдаған велосипед
шетелден әкелінген велосипедтер сапалы жасалған спорт құралдары тауар туралы ақпарат берген сатушы

Мәтін бойынша тест тапсырмалары
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз. Вставьте нужные слова.
..... – спорт тауарлары.
А) Ресейден әкелінген
Ә) футболка, спорт костюмі, волейбол добы
Б) жұқа матадан тігілген
В) отандық спорт тауарлары
Г) ақысыз қызмет түрлері

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово.
..... – спорт құралы.
А) велосипед
Ә) қызмет көрсету
Б) футболка
В) спорт костюмі
Г) спорт тауарлары

3. Мағынасы жағынан жақын сөйлемді белгілеңіз. Отметьте близкое по значению предложение.
Ұзақ уақыт пайдалануға болатын құрал.
А) Құралды ұзақ уақыт пайдалануға болады
Ә) Ұзақ уақыт құралды пайдаландым.
Б) Ұзақ уақыт пайдаланған құрал.
В) Пайдаланған құрал
Г) супермаркеттен сатып алған құрал

4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово.
Қазақстан фирмалары шығарған өнім - .....
А) шетелдік өнім
Ә) шетелдік тауар
Б) отандық тауарлар
В) сапалы материалдарды
Г) сатып алушы

5. Сөйлемнің сұрағын белгілеңіз. Отметьте вопрос к предложению:
Волейбол добы сапалы теріден тігілген.
А) Волейбол добы қаншадан?
Ә) Волейбол добы қайдан?
Б) Волейбол добы қандай материалдан?
В) Волейбол добын ал.
Г) Волейбол добы бар ма?

6. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово.
Спорт тауарлары туралы ..... деп едім.
А) сұрайын
Ә) алайын
Б) көрейін
В) пайдаланайын
Г) сұрар

7. Сөйлемнің сұрағын белгілеңіз. Отметьте вопрос к предложению:
Жұқа матадан тігілген спорт костюмін сатып алайын деп едім.
А) Костюм қайдан?
Ә) Не сатып алар едіңіз?
Б) Не сатып алайын деп едіңіз?
В) Костюм супермаркеттен.
Г) Костюм сатып аласыз ба?

Диалогты тыңдаңыз, қайталаңыз. Слушайте, повторяйте.

- Сәлеметсіз бе! Бұл «Спорт» өндірістік фирмасы. Сізді тыңдап тұрмыз.
– Сәлеметсіз бе! Біз Балуан Шолақ атындағы спорт мектебінен хабарласып тұрмыз. Түрлі спорт құралдарына сіздерге тапсырыс берейік деп едік.
– Жақсы. Біздің фирмамыз сіздерге қызмет көрсетуге әрқашан дайын. Фирмамызда қазіргі сұраныстағы барлық спорт тауарлары бар. Тұрақты тұтынушыларға, тұрақты клиенттерге жеңілдіктеріміз бар.
– Тауарларыңыздың сапасы жақсы болса, сіздердің тұрақты тұтынушыларыңыз болар едік.
– Жақсы. Сізге қандай спорт тауарлары керек ?
– Бізге елу жұп түрлі өлшемдегі шаңғы, он шақты баскетбол добы және теннис құралдары қажет.
– Біз бұл тауарларды көтерме бағамен бере аламыз.
– Тамаша! Сіздердің фирмаға тапсырыс құжаттарын факс арқылы жіберейік деп едік.
– Әрине, біз құжаттарды факспен қабылдай береміз. Төлеуге тиісті сумманы да банк арқылы біздің фирманың атына аударуыңызға болады.
– Жақсы! Бұл біз үшін тиімді келісім болды.
– Біз де қуаныштымыз! Сау болыңыз!
– Сау болыңыз!

1. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» түрінде жауап беріңіз. Ответьте на вопросы утвердительно (иә) или отрицательно (жоқ).

1. Тұтынушы телефон арқылы фирмамен хабарласты.
Иә
Жоқ

2. Спорт мектебіне қажетті спорт құралдары фирмада жоқ.
Иә
Жоқ

3. Тұтынушы - бұрыннан бері фирманың тұрақты клиенті.
Иә
Жоқ

4. Тұтынушы қаржыны банк арқылы аудара алмайды.
Иә
Жоқ

5. Тұтынушы бұрын «Спорт» өндірістік фирмасының тауарларын сатып алып көрмеген.
Иә
Жоқ

21.09.2010 13:59 Казахский язык Артем 1677 11429 1
айгуль   27.05.2011 17:59
анатикалық жаңалық
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход