Menu
Сын есімнің -и тұлғасы
Грамматика. Сын есімнің -и тұлғасы. Имя прилагательное
Имена прилагательные бывают производные, образованные от иненных частей речи или глагола при помощи суффикса -и. Например, тарихи «исторический», діни «религиозный» и др.
1-грамматикалық жаттығу. -и қосымшасын қойыңыз. Вставьте нужное место аффикс -и
1. Қазақстанда тарих... жерлер көп. 2. Мәден... орындарды араладық. 3. Кәсіб... тілді меңгердік. 4. Дін... кітаптарды оқыдық. 5. Табиғ... қорықтарды таза ұстау қажет. 6. Қазақстанның геосаяс... орны өте ерекше. 7. Тарих... кітаптарды көп оқу керек.

2-грамматикалық жаттығу. Сөздердің екінші бағанадағы аудармасын сызықтармен қосыңыз. Обозначте стрелками правильный перевод слов.
діни природный
тарихи религиозный
табиғи исторический
кәсіби геополитический
геосаяси деловой
іскери профессиональный

Грамматикалық тест тапсырмалары

1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вместо многоточия вставьте подходящее слово.
Атам ... кітаптарды көп оқиды.
А) діндер
Ә) дін
Б) діни
В) діндерді
Г) діндердің

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вместо многоточия вставьте подходящее слово.
Үлкен залда ... кездесу өтті.
А) істердің
Ә) іскер
Б) істермен
В) іскери
Г) іс

3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вместо многоточия вставьте подходящее слово.
Қазақстанның ... орны өте ерекше.
А) геосаясат
Ә) геосаясилық
Б) геосаясаттық
В) геосаяси
Г) геосаясатпен

4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вместо многоточия вставьте подходящее слово.
Мұғалім бізге ... тілді меңгертті.
А) кәсіби
Ә) кәсіп
Б) кәсіпшіл
В) кәсіпқой
Г) кәсіпкер

5. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вместо многоточия вставьте подходящее слово.
Қазақстанда ... жерлер көп
А) тарих
Ә) тарихтың
Б) тарихшыл
В) тарихтар
Г) тарихи

6. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вместо многоточия вставьте подходящее слово.
... қорықтарды таза ұстау қажет
А) табиғат
Ә) табиғи
Б) табиғаттың
В) табиғатпен
Г) табиғатшыл

7. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вместо многоточия вставьте подходящее слово.
... орындарды араладық.
А) Мәдени
Ә) Мәдениет
Мәдениетке
Мәдениеттің
Мәдениетпен
Қазақстан туризмі

Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттаңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.
экологичекое место экологялық мекен
удивительно таңғаларлық
увидит көз жеткізеді
культурное познание мәдени-танымдық
социальный әлеуметтік
религиозный діни
горные местности таулы жерлер
природные заповедники табиғи қорықтар
национальные парки ұлттық саябақтар
пустыня шөл
архитектурные комплексы сәулеттік кешендер
исторический центр тарихи орталық

1. Тыңдаңыз. Қайталаңыз / Слушайте. Повторяйте

Қазақстан тамаша экологиялық мекен. Табиғаты таза, алуан түрлі және әдемі. Қазақстанға сапар шеккен адам мұндағы таңғаларлық жерлердің көптігіне көз жеткізеді: тау шыңдары, таулы жерлер, өзен-көлдер, шөлдер, кең дала, орман алқаптары. Еліміздің көптеген табиғи қорықтары, ұлттық саябақтары, фаунасы мен флорасы да ерекше.
Қазақстан жері сәулеттік кешендер мен тарихи орталықтарға толы. Сондықтан Қазақстанда жазғы, қысқы туризмнің дамуына толықтай мүмкіндік бар. Биік таулар мен шыңдар альпинистік және қысқы туризмді дамытса, өзен-көлдер теңіз туризміне пайдаланылады.
1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.
2001 жылы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заң қабылданды.
Қазақстандағы туризм түрлері мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни т.б. болып бөлінеді. Сонымен Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Аудио тапсырмалар

1. Қазақстан қандай мекен?
А) экологиялық мекен
Ә) экологиясы нашар мекен
Б) сулы мекен
В) білмеймін
Г) таулы мекен

2. Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына қашан мүше болды?
А) 1993ж
Ә) 1995ж
Б) 1997ж
В) 2000ж
Г) 1985ж

3. “Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы” заңы қашан қабылданды?
А) 2001ж
Ә) 2002ж
Б) 2003ж
В) 1999ж
Г) білмеймін

Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» түрінде жауап беріңіз. Ответьте на вопросы утвердительно (иә) или отрицательно (жоқ).

1. Қазақстан тамаша экологиялық мекен.
Иә
Жоқ
2. Табиғаты таза және әдемі.
Иә
Жоқ
3. Еліміздің көптеген табиғи қорықтары, ұлттық саябақтары ерекше.
Иә
Жоқ
4. Қазақстан жері сәулеттік кешендер мен тарихи орталықтарға толы.
Иә
Жоқ
5. Қазақстанда жазғы, қысқы туризмнің дамуына толықтай мүмкіндік жоқ.
Иә
Жоқ
6. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды.
Иә
Жоқ
7. 1993 жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданған жоқ.
Иә
Жоқ

Көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойып аяқтаңыз.

Қазақстанға сапар шеккен адам мұндағы таңғаларлық жерлердің көптігіне ... .
Қазақстан жері сәулеттік кешендер мен тарихи ... .
Сондықтан Қазақстанда жазғы, қысқы туризмнің дамуына толықтай ... .
Биік таулар мен шыңдар альпинистік және қысқы туризмді ... .
Өзен-көлдер теңіз туризміне ... .
2001 жылы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заң ... .

қабылданды пайдаланылады дамытады мүмкіндік бар орталықтарға толы көз жеткізеді

Мәтін бойынша тест тапсырмалары
1. Қазақстан тамаша экологиялық мекен. Мағынасы жақын сөйлемді белгілеңіз. Обозначьте предложение близкое по смыслу.
А) Қазақстан геосаяси аймақ.
Ә) Қазақстан экономикалық аймақ.
Б) Қазақстан мұнайлы мекен.
В) Қазақстан экологиясы таза аймақ.
Г) Қазақстан таулы аймаққа жатады.

2. Сен өз еліңнің табиғат байлығын ... Тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте подходящее слово.
А) білесің бе?
Ә) барасың ба?
Б) қайтасың ба?
В) ұнайсың ба?
Г) боласың ба?

3. пайдаланылады сөзімен мағынасы жақын сөзді белгілеңіз. Найдите слово близкое по значению.
А) табады
Ә) қолданылады
Б) қалады
В) сұрайды
Г) келеді

4. Тиісті сөзді қойыңыз. ... теңіз туризміне пайдаланылады. Вставьте подходящее слово.
А) тастар
Ә) таулар
Б) өзен-көлдер
В) құмдар
Г) өсімдіктер

5. Тиісті тіркесті қойыңыз. Вставьте нужное словосочетание.
Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны ... тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
А) мәдени нысандарды
Ә) құрылыстық
Б) банктік
В) туристік нысандарды
Г) ескерткіштерді

6. Тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте подходящее слово. Қазақстанда жазғы, қысқы туризмнің дамуына толықтай ...
А) мүмкіндік керек
Ә) мүмкіндік жоқ
Б) мүмкіндіксіз
В) мүмкіндік қарастырылмаған
Г) мүмкіндік бар

7. Тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте подходящее слово.
Биік таулар мен шыңдар альпинистік және қысқы туризмді ... .
А) құртады
Ә) төмендетеді
Б) жоғалтады
В) дамытады
Г) жояды

Диалогты тыңдаңыз, қайталаңыз. Слушайте, повторяйте

- Балалар! Қазақстан туризмі туралы не білесіңдер?

- Қазақстанның жері өте әдемі. Сондықтан бізде туристік жерлер өте көп деп ойлаймыз.
- Мәселен, қандай жерлерді атар едіңдер?
- Шымбұлақ, Медеу, Көктөбе бәрі де туристер таңырқап көретін жерлер.
- Айдар, Медеу мұз айдыны туралы айтшы?
- Медеу бұл әлемнің мықты спортшылары дүниежүзілік рекордтарға қол жеткізген орын. Демалыс күндері Медеу мұз айдыны қала тұрғындары мен қонақтарының коньки тебетін сүйікті орны.
- Ал Көктөбе туралы не білесіңдер?
- Көктөбе қаладағы ең биік нүкте болып саналатын арқанды жол. Бұл жерден қаланың әсем көріністерін көруге болады. Әсіресе, түнгі мезгілде Алматының барлық шамдары жанғанда үлкен әсер қалдырады. Арқанды жол қала бағының үстінен өтеді.
- Өте жақсы. Туған жерлеріңіздің табиғаты туралы осылай біліп жүріңіздер!
Диалогты орын тәртібімен дұрыс орналастырыңыз. Правильно расположите предложения в диалоге.

- Мәселен, қандай жерлерді атар едіңдер?
- Қазақстанның жері өте әдемі. Сондықтан бізде туристік жерлер өте көп деп ойлаймыз.
- Балалар! Қазақстан туризмі туралы не білесіңдер?

- Медеу бұл әлемнің мықты спортшылары дүниежүзілік рекордтарға қол жеткізген орын. Демалыс күндері Медеу мұз айдыны қала тұрғындары мен қонақтарының коньки тебетін сүйікті орны.
- Айдар, Медеу мұз айдыны туралы айтшы?
- Өте жақсы. Туған жерлеріңіздің табиғаты туралы осылай біліп жүріңіздер!
- Көктөбе қаладағы ең биік нүкте болып саналатын арқанды жол.
- Ал Көктөбе туралы не білесіңдер?

21.09.2010 14:32 Казахский язык Артем 1572 4138 0
Имя *:
Email: