Menu
Тік бұрышты параллелепипед туралы ұғымды тереңдету оның көлемін табуды меңгерту, куб сантиметр ұғымымен таныстыру.
Сабақтың мақсаты: 1. Тік бұрышты параллелепипед туралы ұғымды тереңдету оның көлемін табуды меңгерту, куб сантиметр ұғымымен таныстыру.
Көлемнің өлшем бірлігі жайлы жан-жақты меңгертіп, оқушының ой-өрісін, ауызша есептеу дағдыларын арттыру; көлемді таба білуге төселдіру.
2. Өз бетінше ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық қабілетін арттыру.
3. Шапшаңдыққа, топтық есеп шығару арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың көрнекілігі: Тік бұрышты параллелепипедтер, электрондық оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.
Сабақтың барысы:

І Бағдарлау – мотивациялық кезең (10минут)

Психологиялық дайындық, оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Оқушылар, бір-бірімізге сәттілік тілеп, жақсы тілектер айтайық.
- Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - деп бүгінгі сайыс сабақта белсенділік көрсетейік.
(сыныпты 2 топқа бөлу) Геометриялық фигуралар таратып отыру

1.Алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық. (№9 105 бет)

а) 4910645:5-81208:8=88178 б) 94068:9*5-1990=50270
ә) 72102:6+61074:9= 18803 в) 93102:6*7+87061= 195680

2. «Күш – білімде» дегендей 2 топ сұрақтарға жауап береді.

1-топқа 2-топқа

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (20 минут)

3. «Есептер әлемінде» Оқулықпен жұмыс. (Мұғалімнің түсіндірмесі)

№1 106 бет Тік бұрышты параллелепипед тәріздес жәшіктің өлшемдері 5дм, 2дм
және 1дм V - ?
V= 5*2*1=10(дм3) 5дм = 50см
2дм = 20см
1дм = 10см
V= 50 * 20 * 10 = 10000(см3)

4. «Кім зерек?» сайысы бойынша 2 топ түсінгендері бойынша есеп шығарады.
1-топ: №2 106 бет 2-топ: №3 106 бет
V= 5*3*2 = 30(дм3) V= 9*4*6 = 216(м3)

5. «Сәл, дамылдайық» (музыка ырғағымен)
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

6. «Кім жылдам?» жарысында бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. №4 106 бет ауызша

Жәшіктің ұзындығы 6дм 6дм 5дм 4дм 6дм
Жәшіктің ені 2дм 3дм 4дм 3дм 4дм
Жәшіктің биіктігі 1дм 1дм 2дм 2дм 3дм
Жәшіктің көлемі

7. Сурет бойынша есеп құрастыру (әр топтан бірінші кім шығарады?)
Тігінші – 1 сағатта – 5 қалпақ
Шәкірті – 1 сағатта – 3 қалпақ 7 сағатта ? қалпақ
1-тәсіл: 5*7 = 35 (қ)
3*7 = 21 (қ)
35 + 21 = 56(қ)
2-тәсілін кім бірінші шығарып болды?
(5+3) * 7=56 (қ)
Жауабы: олар 7 сағаттық жұмыс күнінде барлығы 56 қалпақ тігеді.

8. Сызба бойынша есеп шығар. (кім бірінші өз бетімен шығарады?)


В.19км/сағ 5 сағат М.?км/сағ

380км
19*5 = 95(км)
380 – 95 = 285 (км)
285 : 5 = 57 (км/сағ)
57 : 19 = 3 (есе жылдам)
Жауабы: мотоциклші велосипедшіден 3 есе жылдам жүрген.

ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезең (10 минут)

9. «Шапшаң есепте»
1-топ: 2*1380 = 2760 2-топ: 1380 – 5 = 1375
5+1380 = 1385 1340 : 4 = 335
12008 : 8 = 1501 14096 : 8 = 1762

10. «Ойлан, тап» шығармашылық тапсырма
С
- Үшбұрыштарды белгіленуі бойынша ата
- Бір кесінді жүргізгенде қандай фигура шығады?
В
Д

А
Е
11. «Мен бүгін не үйрендім?» Рефлексиялық жаттығу.

Оқушылар сабақтан алған әсерін, жетістігін, кемшілігін жазады.

Менің жетістіктерім Менің кемшіліктерім

Бағалау, жеңімпаз топты анықтау. (геометриялық фигураларды санау)

Жа – рай – сың – дар!

12. Үйге тапсырма.(5 минут)
1. №9 106 бет 2,3,4 бағаны
2. №7 теңдеулерді шешу тәсілдерін салыстыру 106 бет
3. Қожанасырдың өтірік жасын табу. 107 бет

Имя *:
Email: