Menu
Алғы сөз
Тәуелсіз Қазақстандағы жаңа ұрпақ үшін білім деңгейін көтеру мен дүниетанымның қалыптасуында Экономикалық теорияның алатын орын ерекше. Экономикалық теорияны оқу арқылы адамның табиғаттағы, қоғамдағы, экономикадағы орны мен ролін әділ әрі нақты анықтауға, экономикалық үрдістер арасындағы диалектикалық байланысты түсінугге мүмкіндік туады.Нарықтық экономиканың әлеуметтік бағдарлы үлгісін жасау және экономикалық қатынастардың әлемдік жүйесінде болып жатқан ғаламдық процесстер адам мен қоғамның экономикалық қылық принциптеріне өзгеріс енгізеді. Осындай жағдайларда экономикалық теорияның экономикалық процестердің ғылыми техникалық прогреспен, мемлекеттік саясатпен, ұлттық және әлемдік мәдениетпен байлансытылық диалектикасын зерттейтін ғылым ретінде маңызы артуда.

Міндетті курс ретіндегі типтік бағдарламасында экономикалық категориялар мен экономикалық заңдардың талаптары, нарықтық экономиканың өзін¬ өзі реттеу құралдары, экономиканы мемлекеттік реттеудің ролі мен орны, сондай ақ ҚР серпінді даму үстіндегі нарықтық экономиканың әлеуметтік бағдарлы үлгісінің ерекшеліктері мен басымдықтары анықталған.

«Экономикалық теория негіздері» курсының мақсаты мен міндеттеріне- студенттерге әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтары мен эволюциясы және шектеулі ресуратар жағдайында адамның экономикалық қылығының принциптерімен себептері туралы теориялық білім беру, сондай-ақ оларда экономикалық дүниетаным мен мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда азаматтық бағытын ұстануды қалыптастыру.

Экономикалық теория негіздерін оқитын студенттердің алған білімі мен дағдылары келесілерді қамтуы тиіс:

- Экономикалық мәселелерді ғылыми тұрғыда зерттеу кезінде жиналған негізгі теорияық көзқарастарды меңгеру;
- Экономикалық құбылыстардың мәнін жүйелі түсіну, әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын білу;
- Шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін өзі реттеу механизмдерін білу;
- Экономиканы мемлекеттік реттеу принциптерін білу;
- Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесі мен ғаламдану жағдайында әлеуметтік экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарын білу;
- Ақпаратты жүйелеу және бақылай білу.

Экономикалық теория негіздерін жете меңгеру үшін, ең алдымен студенттерде абстрактілі ойлау негіздері мен азаматтық көзқарастарын қалыптастыратын пәндер, яғни «Философия», «Қазақстан тарихы» пәндері оқытылуы керек.

Шектес пәндер ретінде «Құқық негіздері», «Экология», «Институционалды экономика», «Кәсіпорын экономикасы» қарастырылады.

05.02.2011 09:42 Экономикалық теория Гость 4281 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход