Menu
Түсініктеме хат
«Экономикалық теория» курсы барлық мамандықтар мен дайындау бағыттарында оқытылатын негізгі пән болып табылады.

Бұл пән студенттерге жүйе түріндегі экономика туралы, негізгі түсініктер, экономикалық дамудың заңдары мен заңдылықтары туралы түсініктеме береді. Бұл дербес ойлап және жауапкершілікті шешім қабылдай алатын экономикалық сауатты мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

«Экононмикалық теория» курсының зерттеу обьектісі қоғамының экономикалық жүйесі болып табылады. Экономикалық теорияның әдістері: тарихи және логикалық- математикалық талдауды қолдана отырып экономикалық процестерді моделдеу болып табылады.

Экономикалық теорияның ғылыми ретінде ұзақ даму тарихи бар. Ол классиклық саяси экономия еңбектерінен бастау алады. XVIII-XIX ғғ. Барысында ғылым пән ретіндегі экономикалық теория «саяси экономия деген атпен дамыды. XIX ғ. соңғы үшінші ширегінде саяси экономия «экономиясының курсына өзгереді. Ағылшын тілді елдерде ғылыми «экономикасының деген атпен дамиды. Қазіргі кезде ТМД елдерінде «Экономикалық теория» курсы оқытылады.

Имя *:
Email: