Menu
Энергетиканың эволюциясы
Үшінші кезең 18 – ғасырдан 20 – ғасырдың ортасына дейін созылған. Бұл кезде өндірісі дамыған елдер қайта жаңармайтын энергия көздерін пайдаланған. Қайта жаңармайтын энергия көздері – жерден қазып алынатын органикалық отын: тас, көмір, мұнай, табиғи газ, т.б. химиялық энергия. Негізгі қозғалыс күші ретінде жылу қозғалтқыштарға алынатын «оттың қозғалтқыш күші» пайдаланған. Осы кезеңде ғылым мен өндірісте ғажайып жаңалық ашқан ғалымдардың, мамандардың саны көбейді. Электр энергиясы игілік көзіне айнала бастады.

Ғалымдардың ішіндегі алғашқы алып тұлға – Исаак Ньютон. Ол классикалық механиканың негізгі заңдарын анықтады, гидродинамика мен акустиканың негізін қалады. Лейбницпен бірге есептеу теориясы мен симметриялық функциялар теориясының негізін салды.

18 – 19 ғасыр физикасы «Ньютон физикасы» деп аталады.

16.09.2010 18:18 Қазақ тілі Артем 3674 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход