• аудиториялық сабақ: дәрістер, практикалық сабақтар (семинарлар, коллоквиумдер), зертханалық және студиялық сабақтар;
• аудиториядан тыс сабақтар: оқушының өзіндік жұмысы, соның ішінде оқытушы жетекшілік ететін жұмыстар, жеке кеңес беру, бейнеконференция, телекөпір;
• оқу және кәсіби тәжірибе өткізу: ғылыми зерттеу жұмыс-тарын жүргізу, диплом жұмыстарын (жобасын), магистрлік және докторлық диссертация дайындау;
• оқу жетістіктерін бақылау түрлері: ағымдық және аралық бақылау (сабақтағы сұрақ, оқу пәні тақырыптары бойынша тестілеу, бақылау жұмыстары, зертханалық, курстық жұмыстарды қорғау, коллоквиум тапсыру, т.б.), аралық аттестаттау және қорытынды бақылау (оқу пәндерінің бөлімдері бойынша қорғау есебі), мемлекеттік қорытынды аттестаттау (диплом жұмысын (жобасын) қорғау, магистрлік және докторлық диссертация қорғау, мемлекеттік (пәнаралық) емтихан).
Оқытушы жетекшілік ететін студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) және оқытушы жетекшілік ететін магистранттың өзіндік жұмысының (ОМӨЖ) ОМӨЖ–дің сағат көлемі байланыс дәрісте-рінің, семинарлар мен практикалық, студиялық сабақтардың әр пәнге бөлінген жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс.
мадина 12.03.2011 20:36 спасибо!!
|